Бөлім: | Мәдени мұра | |
Педагогтің аты-жөні |
| |
Күні: |
| |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Кітап – асыл қазына | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.2.1.2. Шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақппаратты тауып, белгі қойып оқу,талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу. 4.2.2.2. Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұраққа жауап бере алады. Көптеген оқушылар: Шығарманы оқығандары бойынша пікір айта алады, мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, жауап бере алады. Кейбір оқушылар: Шығарманы оқығандары бойынша дәлелді пікірлер айтады. Өмірмен байланыстыра алады, шығармашылыққа бағытталған сұрақтар қоя алады, жауап бере алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы | Психологиялық ахуал қалыптастыру: Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, үш тілде амандастыру.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын жұптық жұмыс жүргіземін, оқушылар жұмбақты шеше отырып, жұмбақ жауаптарынан мақал құрастырады. 1-жұп Бір сандық бар өзгеше, Қасыңа алып жүресің. Ішін ашып ақтарсаң, Өмір сынын білесің. Ол не? /Кітап/ 2- жұп Ақыл – ойдың шырағы, Зәулім көктей шынары. Биігіне бойлаған Қанбайды адам құмары. Ол не? /Білім/
3 – жұп Сынаптай жылтырап, Биіктен сырғиды. Ән салып былдырлап, Іздейді ылдиды. Ол не? /Бұлақ/
“Жалғастыр”ойыны. 1.Білім - ... (таусылмайтын байлық). 2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 3.Кітап – ... (алтын қазына). 4.Өнерліге ... (нұр жауар). 5.Өнер - ағып жатқан бұлақ, ... (Білім – жанып жатқан шырақ).
Нұсқау беру және айту әдісі бойынша оқушылардан суретте не бейнеленіп тұрғанын көрсету арқылы сабақ тақырыбын анықтау.
Оқулықпен жұмыс «Ертегі» Оқулықта берілген Олжас Сүлейменовтың «Ертегі » өлеңімен танысады.
Оқушыларға жаңа сөздерді дәптерлеріне жазғызу. Сөздікпен жұмыс Күзге қалу- үлгірімінің нашарлауына байланысты келесі сыныпқа көшіру үшін қайта емтихан тапсыру. Беймаза – мазасыз, тынышсыз.
Жас кейіпкер қандай бала? «ПОПС» формуласы арқылы жеке жұмыс жүргізу. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ... » Екінші сөйлем: «Себебі , мен оны былай түсіндіремін ... » Үшінші сөйлем : «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ... » Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім... »
Ой қозғау. "Интервью" әдісі. Кітап неден, қалай жасалады? Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе? Кітапты қалай ұстауымыз керек? Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба? Қандай кітап оқығанды жақсы көресің? |
Салем, привет, helloy
Оқушылар өз ойларын айтады. Кітап білім- бұлағы.
Тақтаға белгілі мақалдардан бірнешеуі жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
Оқушылар өлеңді тізбектеп оқиды. Оқушылар талдайды, жаңа сөздерді дәптерлеріне жазады.
Әр оқушы өздігінен сөйлемдерді толықтырады. Жазған сөйлемдерін оқиды.
Интервью сұрақтарын оқушылар құрастырады. Құрастырған сұрақтарды кез-келген оқушы жауап береді. Жауап беру арқылы кітаптың адам өміріндегі құндылығы дарытылады. |
“Шапалақ” тәсілі арқылы мұғалімнің бағалауы жүргізіледі.
«Жалғасын тап» ойынында оқушылардың өзара бағалау «Шапалақ әдісі» арқылы жүреді.
«Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі. Өлеңді оқығандары бойынша ұжымдық бағалау жүреді.
«Желкенді кеме» Кемені бояу арқылы оқушының сабақты қаншалықты түсінгенін білуге болады және сол арқылы бағалаймыз
«Бағдаршам» әдісіі арқылы мұғалімнің бағалауы жүргізіледі. Критерийлер: -мәтінді түсініп оқу -мәтін бойынша сұрақтар қою Сұрақтарға жауап беру Дескрипторлар:
|
|
Сабақтың соңы | «Төрт бұрыш » әдісі рефлексия жүргізіледі. 1 . Кітап оқығанды ұнатасың ба ? 2. Мен үшін кітап маңызды. Интертет тек көмекші құрал. 3. Мен жылына 5 көркем шығарма оқимын. 4. Бүгіннен бастап көркем шығарма оқумен айналысамын.
|
| «Басбармақ» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс беріледі |
|