Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1179

Оқушылардың бейнелік және сандық есте сақтау қабілетін деңгейлік зерттеу және оны арттырудың жолдары.

Адамның есте сақтау қабілеті - интеллект пен білімнің негізі. «Есте сақтау - бұл әріптермен қапталған мыстан жасалған тақта, егер ол кейде қашаумен жаңартылмаса, уақыт сезілмейді. Таңқаларлық дәл анықтама, жалғыз өкініштісі - әріптердің тым тез өшірілуі – дейді,  Джон Локк өз сөзінде. Адамдарға мүмкіндігінше көп ақпаратты сақтау үшін шексіз әр түрлі әдістер жасалады. 

Ұмытшақтық, зейін бұзылыстары егде жастағы адамдар арасында кездесетін үдеріске жатады. Дегенмен, есте сақтау мәселелері жастар арасында жиі кездеседі. Бұл құбылыстың себептері әр түрлі - дұрыс емес өмір сүру салты, жалқаулық, ақпараттық технологиялық даму технологиялардың кері әсері, ойлау, іздену қабілетінің төмендеп, ми жасушалар жұмысының шыңдалмау және т.б. сол сияқты көптеген себептері бар. 

Жасөспірімдер арасында есте сақтау қабілетінің бұзылулары негізінен осы төрт себептен туындайды. Оларды атап айтсақ: 

  1.  Бас миының зақымдануы;
  2. Ішкі мүшелердің аурулары;
  3. Ішкі факторлардың қолайсыз әсері, күн тәртібінің бұзылуы;
  4. Ағзаның созылмалы интоксикациясы (улануы); 

Ми қыртысы ұзақ мерзімді есте сақтау жұмысына жауап береді. Уақытша самай иірімдерінде орналасқан гиппокамп қысқа мерзімді ақпаратты ұзақ мерзімді жадқа аудару процесін бастайды. Мида басқа есте сақтау орталықтары бар. Сондықтан, мидың кез келген бөлігінің зақымдануы ұмытшақтықтың, зейін аудару, есте сақтаудың төмендеу сияқты кері әсерді тудырады. [1]. 

Нақты қызметтiк ес адамның нақты iс-əрекет мезетi мен қажетiне орай қозғалыстар жəне қимылдарды орындауына байланысты iске қосылады. Қандай да бiр күрделi əрекеттi орындау үшiн оны бөлшектеп алуымыз керек, кейiн əрекеттiң əр бөлiгi бойынша нəтижеге келiп, екiншiсiне өтемiз. Осы екi арадағы нəтиже сол мезеттегi қажеттiгiмен есiмiзде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есiмiздегi алдыңғы бөлiк нəтижелерi əрқайсысы өз кезегiмен ұмытылып, естен шығып, келесi əрекет бөлiгiнiң ақпаратына орын босатқандай болады. Орындалатын əрекет бөлiктерiнiң көлемi мен аумағы əртүрлi, мысалы, балақай жеке əрiптi қинала танудан бастаса, ересек адам, тiптi маман болса, кiтап бетi мазмұнын тұтастай қабылдауы мүмкiн. Қызметтiк естiң жоғары деңгейде, нəтижелi болуы адамның ниеттi жаттығуларына байланысты [2]. 

Сандар ұзақ уақыт бойы біздің өміріміздің маңызды бөлігіне айналды, бірақ осы уақытқа дейін ешкім оларды қалай жаттау керектігін түсіндіруге тырыспады. Сіз сыртқы ақпаратты, сандық ақпаратты сақтауға және осылайша мидың жұмысын жеңілдетуге қолдана аласыз. Егер сіз фактілер мен сандарды есіңізден шығара алсаңыз, онда сіз өзіңіздің ақыл -ой қабілеттеріңізге сенімдісіз. Сандарды есте сақтау - бұл мидың күшті жаттығуы [3].

Оқушының есте сақтау қабілеті – баланың сабақты оқуы мен оны әрі қарай жетілуіне, жаңа білім алуына қолданылатын негізгі қызметтердің бірі. 

Қазіргі кездегі оқушылардың еске сақтау қабілетін дамыту мәселесі ең өзекті және әлеуметті мәселелердің біріне айналып отыр. Ата – аналар соңғы уақытта психологтар мен педагог мамандардың қосымша қызметіне көптеп жүгіне бастады. Оның негізгі себебі – оқушының есте сақтау қабілетінің төмендеуі және оның алдын алып, уақытында ол оқушымен жұмыс жасау. Оқушы өтілген мәлімттерді, ережелерді, деректерді нашар есте сақтайды,  сонымен қатар, өткен мәліметтері мен оқыған, көрген нәрселерін естеріне түсіре алмай жатады. Соның салдарынан оқуда үлгірімі төмендер, ата анасының сенімін ақтамай жататын жайттар орын алып жатады. 

Оқушы қанша дене қимылын жасап жүргенмен, сабақ арасында «физкультуралық минут» жасау өте қажет. Сабақ кестесінің дұрыс жасалынуы оқушы денсаулығын сақтаудың негізгі стратегияларының бірі. Физиологиялық көрсеткіштер нормасының төзімділігі салыстырмалы түрде өзгеріске ұшырап отырады, жақсы есте сақтау қабілеті 2 – 3 сабақтарда жақсы сақталынады. 4 сабақтан кейін оқушылардың есте сақтау қабілеті, зейіні мен жұмыс жасауға қабілеттілігі төмендей бастайды [4]

Зерттеу жұмысының әдістері.  

Оқушылардың сандық және бейнелік есте сақтау қабілетін зерттеу үшін НС-Нейрософт (Ресей) компьютерлік бағдарламамен жабдықталған құрылғы қолданылды. Бағдарламада түрлі психологиялық сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Осы тапсыраларды өз қажеттілігің бойынша өзгертін, оқушының жасына сай қондырғыларды өңдеп, жұмысты жүргізуге болады. Мен өзімнің зерттеу жұмысымда «Сандарды есте сақтау» әдісі мен «Бейнені есте сақтау» әдістерін қолдандым. Оқушылардың есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтау мақсатында тапсырманы үш түрлі күйге ауыстырып жасадым. Мониторда 20 секунд уақыт ішінде әр деңгейге сәйкес сандар беріледі. Осын уақыт аралығында монитордағы сандарды есте сақтап қалуы қажет. 20 секунд уақыт өткен соң, көрген сандарын есіне түсіріп, 60 секунд ішінде сол сандарды белгілеуі тиіс. Осы дұрыс тапқан сандары бойынша пайызы есептелініп, сақтау қабілетінің деңгейі пайыз түрінде берілетін болады [5]. 

Зерттеу жұмысына мектептің 8 (а, ә, б) сыныптары алынды. Сыныптарға жүргізілген зерттеу жұмысы өз еріктерімен, қалауымен жүргзілді. Зерттеу жұмысына 75 оқушы қатысты. Оның 25-і (8 «А») бақылау тобы, қалған сыныптардан 50 оқушы (8 «Ә», 8 «Б») эксперименттік топ ретінде алынды. 

Зерттеу нәтижелері.

Сандық есте сақтау қабілетінің нәтижелері бойынша үш деңгейді әрбір кестеге бөліп көрсеттік. Бірінші кесте бойынша оқушыларға І деңгейлік қарапайым тапсырма берілді. Оның нәтижелері төмендегі кестеде көрсетілген (Кесте №1). 

Кесте №1 – «Сандық есте сақтау әдісі» бойынша І деңгейлік тапсырмалардың нәтижелері, пайыздық есеп бойынша %

Көрсеткіштер

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

8 «А» сыныбы

n=25

8 «Ә» сыныбы

n=25

8 «Б» сыныбы

n=25

дейін

дейін

кейін

дейін

кейін

Пайыздық көрсеткіштері

85,9

86,4

95,0

85,8

92,5

Орта есеппен алғандағы дұрыс жауаптарының саны

3,2

3,4

3,8

3,2

3,7

Қате жауаптар

0,8

0,7

0,2

0,8

0,3

 

Кестедегі нәтижелерге келсек, 8 «А» сыныбының пайыздық көрсеткші эксперименттік топпен салыстырғанда, 8 «Ә» сыныбынан 0,6% төмен болса, 8 «Б» сыныбынан 0,1% жоғары. Барлық топтардағы есте сақтау қабілетінің деңгейі пара-пар деген сөз. Эксперименттік топта 8 «Ә» сыныбында 8,6%-ға, 8 «Б» - 6,7%-ға артқандығын көруге болады. Демек, алынған нәтижелер есте сақтау қабілетінің ілгері өсуі бар (Кесте 1). 

Кесте №2 – «Сандық есте сақтау әдісі» бойынша ІІ деңгейлік тапсырмалардың нәтижелері 

Көрсеткіштер

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

8 «А» сыныбы

n=25

8 «Ә» сыныбы

n=25

8 «Б» сыныбы

n=25

дейін

дейін

кейін

дейін

кейін

Пайыздық көрсеткіштері

63,3

70,0

73,3

63,3

68,3

Орта есеппен алғандағы дұрыс жауаптарының саны

3,8

4,2

4,4

3,8

4,1

Қате жауаптар

2,2

1,8

1,6

2,2

1,9

 

Екіншілік деңгей тапсырмаcы күрделеніп берілді. Нәтижелерге қарайтын болсақ, І деңгейлік кезеңмен салыстырғанда сандық есте сақтау қабілеті, 8 «А» -  26,3%, 8 «Ә» - 18,9% және 8 «Б» - 26,2% төмендеген. Яғни, айтарлықтай есте сақтау қабілетінің төмендегенін байқауға болады. Екіншілік тапсырма деңгейі біріншілік деңгейден күрделі болғандықтан сандық есте сақтау қабілеті көтерілмеді. Эксперименттің топтарда 3,3-5% артқандығын көруге болды. Демек, оқу үрдісі барысында сандық тапсырмалады берудің тиімді екенін көруге болады (Кесте №2). 

Кесте №3 – «Сандық есте сақтау әдісі» бойынша ІІІ деңгейлік тапсырмалардың нәтижелері 

Көрсеткіштер

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

8 «А» сыныбы

n=25

8 «Ә» сыныбы

n=25

8 «Б» сыныбы

n=25

дейін

дейін

кейін

дейін

кейін

Пайыздық көрсеткіштері

52,2

53,3

55,5

53,3

54,4

Орта есеппен алғандағы дұрыс жауаптарының саны

4,7

4,8

5,0

4,8

4,9

Қате жауаптар

4,3

4,2

4,0

4,2

4,1

 

Зерттеу барысы нәтижесінде, сандық есте сақтау қабілетінің артуы бар, бірақ айтарлықтай өсімі жоқ. Бұл үшінші дейгейдегі күрделі тапсырма болғандықтан оны орындау қиынға түсті. Эксперименттік топтарда дейінгі және кейінгі оқу үрдісіндегі әдістердің нәтижелерін салыстыратын болсақ, өсу динамикасы бар. Өсім айырмасы 1,1-2,2% құрады. 

Бейнені, суртеттер мен түрлі пішіндерді сақтау қабілетінің нәтижелері бойынша үш деңгейді әрбір кестеге бөліп көрсеттім. Берлеген тапсырмаларды әр кезеңге байланысты 50%, 80% арттырдым. Нәтижесінде үш деңгейлік тапсырмалар дайындалды. Алынған зерттеуге алынған пайыздық көрсеткіштер кездейсоқ емес, бағалаудың жүйесіне негізделіп алынған. Қателік жіберген жағдайда пайыздық көрсеткіші төмендейді. Алынған нәтижелер 1 суретте диаграмма түрінде көрсетілген.

 

Сурет 1– «Бейнені есте сақтау» әдісі бойынша І деңгейлік тапсырмалар нәтижесі

Диаграммада көрсетілгендей, екі эксперименттік топтарда да айтарлықтай есте сақтау қабілетінің артқандығын оңай көруге болады. Дейінгі және кейінгі пайыздық айырма 11,6-11,8% тең. 

Екіншілік деңгейдегі тапсырмада суреттердің санын арттырып, тапсырманы қайта орындадық. Нәтижесін төменде берілген суреттен көруге болады (сурет 2). 

 

Сурет 2– «Бейнені есте сақтау» әдісі бойынша ІІ деңгейлік тапсырмалар нәтижесі

Зерттеу барысында алынған нәтижелер көңіл қуантады. Деңгейге бөлу себебі: оқушылардың есте сақтау қабілетінің пайыздық негізінде олардың сабақ үлгерімімен байланыстыруға болады. Егер дейгейді 50%, 80% арттыратын болса, айталық, қиындататын болсақ – тапсырманы орындай пайызы төмендейді. Бұл дегенің оқушылардың сыныптағы деңгейлері (білім) әр түрлі және оның негізгі факторының бірі – есте сақтау қабілетінің әлсіздігі. Ми жұмыстарының қарғындылығын арттыру үшін, рецепторлардың жұмысын активтендіру қажет болады. Рецепторлардың активтілігі олардың белсенді ой еңбегімен айналысу болып табылады. 

            Оқушылардың білімін арттыру мақатында үстемелеп тапсырма беру – қателіктің бір түрі болып саналады. Оқушы үй тапсырмасын орындау барысында оның сапалық жағы, тиянақты орындауы ақсап, оқушы мақсатында тек барлық тапсырманы орындаумен ғана шектеледі. Алынған нәтижелерді былтырғы оқу жылының нәтижелерімен салыстыра отырып қарасақ, олардың арасындағы пайыздық жақындықты көруге болады. 

8 «А» сыныбы бойынша, оқу үлгірімі бойынша үздіктер пайызы сыныптағы оқушылардың 54,8 пайызын құраса, ІІІ деңгей есте сақтау нәтижелерінің пайыздық көрсеткіші бойынша жақсы орындаған оқушылардың саны 54,9%. 

Қалған бақылау сыныптары бойынша осы тенденция сақталынады, сандық және бейнелік тапсырмаларды биология сабағында қолдану арқылы олардың алға ілгерілеуін анық байқауға болады. Алынған нәтижелер «нөлдік» кезеңмен салыстырғанда біршама ілгерлеушілік бар.

Осы зерттеу жұмысын қорытындылай келе: 

Оқушылардың сандық есте сақтау қабілеті оқу-үлгірім деңгейімен тығыз байланысты;   Бейнелік тапсырмаларды (суреттер, графиктер, сызбанұсқалар) үнемі қолдану оқшы ждының белсенділігін артып, оның жұмысын жандандырадып, оқушының ақпаратты жақсы есте сақтауына мүмкіндік береді; Сандық тапсырманы орындау барысында кестелер, сандық есептеулер (көлемі, пішіні, салмағы, саны), тарихи кезеңдер (жылдар, оқиға жылдары), сандық ақпараттарды сабаққа пайдалану оқушының сандарды жақсы есте сақтап қалуына мүмкіндік береді; Есте сақтау деңгейін арттырудың негізгі жолы – оларды үнемі осы әдіске (сандық, бейнелік) негізделген тапсырмаларды беру; Оқушылардың сапалы, әрі уақытылы тамақтанып, күн режимін сақтауы ақыл-ой қабілетінің жұмысына оң әсерін тигізеді;   

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1.  Проблемы с памятью https://medastrum.ru/poleznaya-informatsiya/problemy_s_pamyatyu 

  2. Жантану негіздері // Алматы, 2006

3. К. Хорсли. Безграничная память. Запоминай быстро, помни долго»: ООО Издательство «Питер»; Санкт-Петербург; 2018

4. Ю. В. Фролова. Развития памяти младших школьников. Международный образовательный портал. https://www.maam.ru/detskijsad/razvitie-pamjati-mladshih-shkolnikov-977610.html 

5. И.П. Ашмарин, Ю.С. Бородкин, П.В. Бундзен. Механизмы памяти – 1987 г. Опубликован - Автор:  MegaCoder,  18-01-2018, 17:40 | Раздел:  Неврология и нейрохирургия

309 0
Болатбек Жақсымов «Қ. Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназия» КММ-нің биология пәнінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Алматы қаласы Ұлы дала ұстазы № 001570
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: