Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1177

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі- нәтижеге бағытталған білім беру негізі

Күні: 20.08.2021ж

Коучинг тақырыбы:" Мұғалімнің  кәсіби   құзыреттілігі- нәтижеге бағытталған білім беру негізі"                            

                                                    /жас мамандарға арналған коучинг -семинар/

Жалпы мақсат:  

-Жас мамандарға  мұғалімнің кәсіби  құзырлылығын қалыптастыра отырып ,олардың кәсіптік деңгейінің  өсуіне  ықпал ету.    

-Қысқа мерзімді  жоспарлауды    №130 бұйрық бойынша   құруды үйрету

Коучинг нәтижесі:

             Мұғалімнің  кәсіби   құзыреттілігі туралы түсінік қалыптастыра  отырып, оқушыларға   

             жаңашыл білім беруді дамыту;

  • Коучингтен үйренгенін сабақта қолданады

Сабақта қолданылатын материалдар: ресурстар,стикер, маркер,

Табыс критерийлері: қарым-қатынас әдістері, топпен жұмыс істей білуді, сыни ойлап, талдап, зерттеу

Сабақ кезеңдері

Коуч пен коучинге қатысушылардың іс - әрекеті

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

 

1. Психологиялық  ахуал.  Шаттық     шеңбері

Топтастыру: "Атомдар  мен  молекулалар"

"Менің     еңбек  жолымдағы алғашқы  күнім     ...." Қолдарындағы  фотоларға     қарап  отырып,өзінің алғаш мектепке еңбек жолын бастауға келгендегі     жай-күйін айтып  береді

Жұмыстарына сәттілік тілеу «Басқаларға үйрете жүіріп ,біз  өзімізде     үйренеміз»Сенека 

Топтастыру: "Атомдар  мен  молекулалар"

Ой қозғау 

"Сәйкестендір!"

 

 

 

 

 

 

 

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт.

"Сәйкестендіру тесті"  берілген терминдерді анықтамаларымен  сәйкестендіру.

Терминдер

Анықтамалар

1

Рефлексия 

қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі..

2

Кері  байланыс

– белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру 

3

Рубрика

бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі. 

 

4

Дескриптор

Тапсырмаларды орындау кезіндегі  әрекетті       көрсететін сипаттама

5

Қалыптастырушы

бағалау

оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.

 

6

Жиынтық бағалау  

оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі

7

Бағалау критерийі – 

білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі

 

 ҚБ:  "От шашу" әдісі

І

" Мұғалімнің  кәсіби     құзыреттілігі"
 Білу

Түсіну

 

 

 

 

Талдау.


Г.Байтақова  коуч: 

Мұғалімнің     кәсіби  құзыреттілігі - нәтижелі  білім  берудің     негізі.Оның жан-жақты     білімімен,ұстаздық шеберлігімен,оқытудың  жаңа     әдістерін  меңгеруімен  өлшенеді.Педагог  қаншалықты     білімді,шығармашыл     болса,оның  құзыреттілік  аясы да соғұрлым кең  болмақ.

1. "Мұғалімнің  кәсіби құзыреттілігі-нәтижеге     бағытталған  білім  беру     негізі" баяндамасы

 

2. Топтық жұмыс. "Ротация " әдісі

1-топ: Мұғалімнің     кәсіби  құзыреттілігі  дегенді     қалай  түсінесіздер?

2-топ : Жаңа  тұрпатты     мұғалімнің  кәсіби  іскерлік     сапалары  қандай  болуы     керек?

3-топ: Мұғалімнің     құзыретті  болу  жолында     қандай  кедергілер  кездесуі     мүмкін?

 

Рефлексия : 

 

 

Қорытынды :




ІІ

№130 бұйрық  негізінде     қысқа мерзімді  жоспар құру

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Г.Байтақова коуч :Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Сабақтың басты міндеті - оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады» 

Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен ҰМЖ-дан алынып, тура сол қалпында ҚМЖ-да көрсетіледі. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі керек. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін.

Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен көрсетіледі: 7.2.1.3. Олар мынаны білдіреді:  бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін (әр пән бағдарламасы екі бөлімнен тұрады), төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 7.2.3.1. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «3» - оқу мақсатының реттік саны деп түсіну керек.

Сабақ мақсаттары

Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді.

Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмағанмен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз керек

1. Барлық оқушылар:   Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.

Мұндағы таным деңгейлері «Білу» («атайды») және Түсіну («ажыратады»).

2. Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі керек.

3. Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде.

Жоғарыдағы мақсатты былай көрсетуге болады: «Кейбір оқушылар Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының нәтижелерін бағалап, 5-тен кем емес дәлелдер келтіреді» (Бағалау).

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже»: кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды.

Тілдік дағдылар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым.

Терминология: пәнге қатысты арнайы лексика және терминдер.

Сөз тіркестері: Диалогқа түсіретін сөз тіркестері.

Құндылықтарды дарыту

Әл Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөздері өскелең жас ұрпақты оқып, үйретудің негізгі қағидасы деп түсінген жөн. Сол себепті де оқу процесін ұйымдастыруда басты назарды танымдық мазмұнмен бірге адами, рухани құндылықтарды қалыптастыруға аудару – заманауи білім беру жүйесінің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.  

Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылықтары ретінде:  

1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

2) құрмет;

3) ынтымақтастық;

4) еңбек пен шығармашылық;

5) ашықтық;

6) өмір бойы білім алу  белгіленді 

Сабақты тиімді жоспарлаудағы негізгі алғы шарттар бойынша бір сабаты жоспарлап, қолданады

 

Талдау

 

ҚМЖ     жоспарлау /Үлгі  /

Сағат тілі бойынша топтар бір-бірінің сабақ жоспарына талдау жасайды

Рефлексия


"Бес саусақ" әдісі 


1.Сізде қандай қиындықтар болды?      

 2.Сізге қандай тапсырма қатты ұнады?

3. Бүгінгі көңіл-күйім қандай болды? 

 4. Бүгін мен қандай жетістіктерге қол жеткіздім?

5. Бүгін мен не білдім, қандай тәжірибе жинақтадым?


    

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 005 0
Гүлзайда Байтақова "№78 жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясы" КММ-нің география пәні мұғалімі Ақтөбе қаласы , Қарғалы т/қ Ұлы дала ұстазы № 001569
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: