Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1174

Батальон байланысшысы

Осы бір ширақ қимылды, мығым денелi жанды қанша кездестірсең де жүзiнен мейірiмге толы iзгiлiк нұрын көресің. Әрдайым кiшiпейіл де ақжарқын мінезімен адамды өзiне баурап тұрады . Сондықтан да болар, ауылдың үлкен-кішісі оны құрмет тұтады. Жаны жайсаң бұл ағаның өткен өмiр жолына көз салсаң eрлік пен каһармандықтың куәсі боласың. 

Кешегі Ұлы Отан соғысына қатысып, ол он сегіз жасында от кештію Әскер қатарына 1942 жылдың сентябрь айында алынып, азғана әскери дайындықтан өтіп, бірден майданға аттанды.

Курск иіні. Осында Р.Жақсылықов 123-атқыштар полкының бір батальонында байланысшы болып ұрысқа кірді. Жаңбырдай жауған оқ астында алғы шеппен батальон басқару арасындағы байланысты қамтамасыз ете жүріп, жаудың шабуылға шыққан жаяу әскері мен танкiлерiн жоюда да есесін жiбермедi. Курск маңындағы кескілескен,  қанды шайқаста фашистердiң бес танкiсiн өртеп, бірнеше солдатын оққа ұшырды. Орел каласын азат ету оңайға түскен жоқты . Қала үш рет қолдан қолга көшеді. Ақыры қансырай жеңілген жау Орелді мүлде тастауға мажбүр болған. Дәл осы маңда байланысшы тағы бiр ерекше ерлiгiмен көзге түсті. Алғы шеппен байланыс орнатып қайтқан сәті болатын . Әйтсе де батальон командирiнiң: «Байланыс желiсi зақымдалды дереу іске қос!» деген бұйрығын орындауға тағы аттанды. Тәжірибелі жауынгер бұл жолы аса сақ болуға бекінді. Әдетте, усті-үстіне тускен бомба мен снарядтардан байланыс желісі жиі үзіледі. Ал қазір тыныштық. Алғы шеп пен басқару пунктінің арасы өте қашық емес-ті. Сөйтсе де жермен бірдей болып жорғалау да оңай емес. Көзге құйылған ащы терді жиі-жиі сүртіп, әлсін - әлсін демін ішіне тарта, тың - тыңдап алады. Keле жатқан бағытының тең ортасынан аса бере, оң қанаттан екі адамның жон арқасын байқап қалды. Киiмi бiздiң адамдардан өзгеше көрінді. Тура нысанаға алмай, аатоматтың оқ нөсерімен осқылап өтті. Кутпеген тосын қимылдан жан cayғалап, қаруын тастап, екi жандат қол көтерді. «Аңдушыны алушы жеңеді» дегендей,байланыс жүйесін қалпына келтіріп, әрi жаудың қос барлаушысын қолға тycipiп, кейiн оралған болатын, бұл жолы жау барлаушылары байланыс желiсiне кезігіп, оны қиып, соған келген байланысшыны олжаламақ болған екен. Бірде ержүрек жанып жатқан танктің экипаж мүшелерін жауынгер  құтқарады. Солардың ішінде әсіресе ауыр жараланып, от-жалынға шарпылған совет офицерiн аман алып қалады . Кейін анықталғандай, ол танк колоннасының командирі , майор В. Ильин болып шығады. Енді бірде қандыкөйлек жолдасы, талай қиындықта жол таба бiлетiн Алексей Цыганков ауыр жараланады. Оғанда алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, оқ боранының астынан алып шығып, медициналық пунктке жеткізеді. Алексеймен күні бүгінге дейін хат алысып тұрады. Осындай кескілескен шайқаста Рақым сол жақ қара санынан жараланып, Арзамас қаласындағы (Горький облысы) госпитальде үш ай жарым жатып емделіп, қацта сапқа қосылады. Бұл 1943 жылғы ноябрь айының аяғы болатын. Енді ол 1620-жеңіл артилерия полкында болып, сол байланысшы қызметін атқарады. Бұл ұрыстарда да бірнеше рет жарақат алса да, қатардан шықпай, Жеңіс күнін Эстония жерінде тойлайды. Рақым Жақсылықовтың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Омырауына екінші және үшінші дәрежелі Даңқ ордендерін, «Ерлігі үшін» және басқа да медальдарды таққан ол майданда жүріп партия қатарына қабылданады.  

 Рақым ағай өзінің ерлік істерінен гөрі көп ұлттың жауынгер жолдастарының қаһармандығын мақтан еткен-ді. Орыс жігіті Петр Любомиров, украин Василий Гриценкоб өзбее Нази Атабаев, түрікпен ҒаббасУәумовтардың батырлықтарын тебірене әңгімелейді. Ержүрек жауынгер еңбек майданында да көп жыл шофер болып, өзін жақсы қырынан таныта білді. Рақым аға кейін «Первомай» совхозы болып  аталған шаруашылықта табан аудармастан қырық жылға жуық еңбек етіп, өткен жылы құрметті демалысқа шықты. Қазір де қарап отырмай, науқандық жұмыстарға қатысады. Ардагер аға Бітік орта мектебінің оқушыларына алдында өзінің жорық жолы мен майданда бірге болған жолдастарының ерліктерін үлгі-өнеге етіп айтып беруден де жалықпайды.


 

 

 

147 0
Ербол Насибуллинов, №41 мектеп-лицейінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 001560
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: