Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1173

Отбасы дәстүрлері

Бөлім 

Ынтымақты отбасы

Педагогтың аты – жөні

Жумагалиева     Даригул 

Күні 

 

Сынып: 4

Қатысушылар саны:                                               Қатыспағандар саны:

12

Сабақтың тақырыбы 

Отбасы дәстүрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Отбасылық дәстүрлер

Құндылығы 

Сүйіспеншілік

Қасиеттері

Жауапкершілік, қамқорлық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға отбасылық дәстүрлердің мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері 

  1. Білімділік: Оқушыларға отбасы дәстүрлері туралы білімді қамқорлық қасиеті арқылы түсіндіру
  2. Дамытушылық: Оқушыларды отбасылық дәстүрлерді құрметтеуге баулу
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы 

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

 

Оқушының әрекеті 

Ресурстар 

 

Ұйымдастыру кезеңі. 

  1. Жағымды көңіл – күй

 

5 Т – ережесі:

  1. Тәртіп.
  2. Талап. 
  3. Тыныштық.
  4. Тазалық.
  5. Татулық. 

«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

5Т ережесін еске түсіреді

 

Көздерін жұмып отырады. 

Алған әсерлерімен бөліседі. 

«Хрустальная грусть» композициясы

  1. Үйге тапсырманы тексеру

«Әке тәрбиесі» мәтінін оқып келу.

 Сұрақтар:

• Әкесі кішкентай Бауыржанды қандай әдептілікке үйретті? 

• Сәлем беру дәстүрі туралы не білесіңдер? 

•  Өз отбасыларыңда қонақ келгенде қандай дәстүрді сақтайсыңдар? 

•  Өз отбасыларыңда тағы қандай дәстүрлер сақталған? 

•  Саған қандай отбасылық дәстүр ұнайды? Неліктен?

Талдау бойынша сұрақтарға жауап береді

Оқулық.

wikipedia.org

  1. Сабақтың дәйексөзі.

 

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

                                             Нақыл сөз  

  • -          Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.

Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.

 

  1. Оқиға айту (Әңгіме)

Тату ағайындылар[1]

 

Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағындаболса да, олар бір - біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.

Бір  күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек». 

Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.

Ал бұл кезде інісі жатып, ол да ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек». 

Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.

Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!» 

Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды: 

–А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?

Інісі айтады: 

 –А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың? 

Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

  1. Екі ағайындының іс әрекетінен қандай қасиеттерді байқадыңыздар?
  2. Қай кезде «Ішкі тыныштық» сақталады?
  3. Бауырларыңа ағайынды жігіттердей көмек қолыңды соза аласың ба?
  4.  «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақалды қалай түсінесіздер?

 

  1. Шығармашылық жұмыс.

5-тапсырма «Туған күн» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі: 

1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде). 

2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде).

3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде). 

4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады. 

5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.

 

  1. Жобалау қызметі

 

 

  1. Топпен ән айту

Туған күн

Өлеңін жазған Фариза Оңғарсынова 

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев 

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды

Тақтада ән мәтіні көрсетіледі
 

 

  1. Үйге тапсырма

«Қорқақ» мәтінін оқып келу.

Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады

Оқулық 

  1. Сабақтың қорытынды сәті.

 

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 






 

 

 

 

 

 


[1]Даналардан шыққан сөз. – Алматы: Жазушы, 1994. – 68 бет. 

207 0
Даригул Жумагалиева “Қазақстан ” жалпы орта мектебі , өзін-өзі тану пән мұғалімі Түркістан облысы , Шардара ауданы Ұлы дала ұстазы № 001567
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: