Қазақстан Республикасының білім туралы заңына сәйкес, біздің елімізде техникалық және кәсіптік білім беру (оқыту) күндізгі және сырттай нысандарында жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту - оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы итерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық- педагогикалық технология. Қашықтықтан білім беру жүйесі -білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толықемес жанама өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдары қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан білім беру жүйесінің жұмыстары - ҚР Білім және ғылымминистірінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №169 бұйрығымен бекітілген «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырудың Ережесі» және ҚР Білім және ғылым министірінің 2009 жылғы 4 маусымдағы №266 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру» стандартына негізделеді.
Бүгінгі таңда оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру, мамандықтардың жоғары білімнен кейінгі бағдарлама бойынша оқытылатын топтарында жүргізілуде. Moodle платформасын қолданып, дуалды оқыту жүйесінің оқу үрдісін ұйымдастыруда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану өзекті мәселе.
Қарапайым, кішігірім өлшемді және барлық заманауи байланыс әдістеріне қол жеткізуінің оңайлығы, жоғары оқу орнына еркін түсу, оқыту процесін ашық жоспарлау; оқу материалын меңгеру деңгейін үнемі бақылауға кепілдік беру, жағдаяттарға қарамастан оқуға, үйренуге мүмкіндік (жасына, біліктілігіне, денсаулық жағдайына, жұмыс жағдайына, оқу орталығынан алыстығына және т. б. қарамастан) үйрену.), оқу орнын таңдау (Оқу аумағын өз бетінше таңдау).
Күн сайын көптеген адамдар мобильді құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдаланады. Олардың танымал болуы, ең алдымен, олардың қарапайым, кішігірім өлшемді және барлық заманауи байланыс әдістеріне қол жеткізуінің оңайлығына байланысты. Пайдаланушылар үшін смартфондар дербес компьютерді ауыстырды [1].
Мобильді қосымшалар конструкторы - бұл пайдаланушылар мобильді құрылғыларға (смартфондар мен планшеттер) қосымшаларды өз бетімен жасауға, сынақтан өткізуге және ілгерілетуге болатын веб-платформасындағы визуалды онлайн редактор. Көп жағдайларда жұмыс істеу үшін арнайы білім мен бағдарламалау дағдыларын қажет етпейді. Конструкторлар Android, iOS, Windows Phone, HTML5 және басқа да операциялық жүйелерге мобильді қосымшаларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Алғашқы екі ОЖ ең танымал болып табылады, себебі осы ОЖ негізінде смартфондардың 99,6% жұмыс істейді [2].
Конструктор көмегімен мобильді қосымшаны әзірлеу бірнеше кезеңнен тұрады: қойындылар (вкладка) жасау, контент (мәтін, фото, бейне) жүктеу, сыртқы көріністі орнату, қосымша функцияларды қосу, алдын-ала қарау, қолданбалар дүкендеріне (App Store, Google Play, Windows Phone дүкені, BlackBerry App World) жариялау.
Мобильді қосымшаларды жасау қызметтерінен басқа пайдаланушыларға техникалық қолдауды, хостинг, талдауды және дайын қосымшаларды жылжытуды ұсына алады.
Қазіргі таңдағы ең танымал конструкторлар: AppyPie, AppsGeyser, iBuildApp.
AppyPie - бағдарламалау дағдыларын қажет етпейтін мобильді қосымшаларды әзірлеу құралы. Бұл қарапайым және шығармашыл мобильді қосымшаларды жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар Android, iOS және Windows платформаларына қолдау көрсетеді.
Бұл құрал пайдаланушыға үш қарапайым қадамды орындау арқылы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді:
1-сурет. Мобильді қосымшаға ат беру.
2-сурет. Мобильді қосымшаны жариялау.
Көптеген адамдар осы конструкторды қолданады, себебі ол бірегей функциялар мен талдау мүмкіндіктерін ұсынады.
Қолданушы push хабарландыруларын қосып, дерек қорға және қолданба ішіндегі сатып алу функцияларына қосылуына болады.
Артықшылықтары: Осылай дұрыста, суреттерді де!
- Ақылы нұсқалар үшін App аналитикасы және Google Analytics бар;
- Жарнама арқылы ақша табу;
- Тікелей чат, телефон және электрондық пошта арқылы қолдау көрсету қызметі бар;
- Сатушы бағдарламасын меншік ретінде басқаларға сатуға болады;
- Тегін нұсқасы қол жетімді (кредиттік карта қажет емес).
Кемшілігі - иконкалар мен фондардың түрлерінің аздығы.
AppsGeyser - мобильді қолданбаларды жасауға мүмкіндік беретін онлайн-сервисі. Ол веб-контенті Android қолданбасына түрлендіреді. Пайдаланушы әр түрлі веб-беттерден көрсетілетін мазмұнға негізделген қосымшаларды жасай алады.
AppsGeyser тек Android платформасына арналған мобильді қосымшаларды құрады. Қолданбалардың көпшілігі 5 минут ішінде жасалуы мүмкін.
Бұл құрал пайдаланушыға алты қарапайым қадамды орындау арқылы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді:
3-сурет. Қосымшаның шаблонын таңдау.
4-сурет. Қосымшаның безендіру.
6-сурет. Жөңдеу.
7-сурет. «Жетістіктер тізімін» толтыру.
Артықшылықтары:
- Ойындарға, веб-қызметтерге және әлеуметтік беттерге және т.б. әртүрлі үлгілерді ұсыну;
- Қолданбаны монетизациялау;
- Қарапайым және тегін қосымшаларды жасау;
- Бағдарламаларды платформаның өзінде оңай сатуға болады.
Кемшілігі – қосымшаны құру алдында, пайдаланушының веб-сайтында қосымшаның ішінде пайдалануға болатын RSS арнасы болуы керек.
iBuildApp берілген шаблондар арқылы жұмыс істейді. Сайт әртүрлі салалар үшін дайын қосымшалардың үлкен кітапханасын ұсынады: білім беру, ойын-сауық, сауда, қайырымдылық және тағы басқа үлгілер Пайдаланушы ең қолайлы үлгіні таңдап, оны өз қалауы бойынша өңдейді.
9-сурет. Категорияны таңдау.
10-сурет. «Тез хабарласу» батырмасын жасау.
11-сурет. Картадан мекен-жайды көрсету.
Артықшылықтары:
- Барлық жоспарлар бойынша 15 күндік ақшаны қайтару кепілдігі бар;
- Push-хабарландырулар мен қадағалаулардың болуы;
- Жаңа клиенттерді тарту үшін адалдық талондарын жасау және жарнамалық құралдар жиынтығын пайдалану;
- Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар, электронды пошта және телефон арқылы қолдау көрсету бар.
Кемшіліктері:
- Шектеулі қолданба жүктеледі;
- Android және iOS операциялық жүйелеріне ғана жасалады.
Пайдаланған әдебиеттер
- Хашими С., Коматинени С., Маклин Д. Разработка приложений для Android. СПб.: Питер, 2011. - 736 с.
- Голощапов А.Л. Google Android программирование для мобильных устройств. 2-е изд., перераб. и доп. СПб.: БХВ-Петербург, 2012. - 448 с.
- Майер Р. Программирование приложений для планшетных компьютеров и смартфонов: [пер. с англ.]/ Рето Майер. М.: Эксмо, 2011. -672 с.
- http://startup.today/
- www.werockyourweb.com
- https://www.appsgeyser.com/
- https://www.appypie.com/