Мағжан Жұмабаев: «Дене тəрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік
болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан
– сау денеде ғана болады» - деген. Сондықтан да бүлдіршіндердің ағзасының қызметін жетілдіру,
денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты
етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тəрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу –
балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.
Балабақшада медбикелік қызметіме сай балалардың денсаулығына байланысты барлық іс-
шараларға ат салысамын. Түскі ұйқыдан тұрғаннан кейін бірнеше дене жаттығуларын жасаймыз.
Балаларға əртүрлі емдік қасиеттері бар шөптерден сусындар (фито чайлар) жасалынып ішкізіледі.
Сонымен қатар балабақшада ата – аналардың қатысуымен түрлі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.
Спорттық жарыстар мен түрлі ойын – сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін
ұстап жəне жан – жақты жетілуіне əсер етеді. Дене тəрбиесіне байланысты балабақшада «Шынықсан
шымыр боласың», «Көңілді достар», «Кім жылдам», деген топ арасындағы эстафеталық жарыстар
өткізіледі.
Əр бір ата-ана өзінің баласының денінің сау болғанын қалайды. Өкінішке орай əр ата-ана
балаларға қажетті салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидаларын ұмытып кетеді. Бұл
қадидаларды ұстану бала денсаулығы үшін, əсіресе мектеп жасындағы бала денсаулығының дамуына
өте қажет. Баланың салауатты даму қағидалары болып табылады: таза ауа, күн сəулесі, физикалық
белсенділік, қажетті мөлшерде тынығу, барлық нəрсенің мөлшерінде болуы, пайдалы əрі дұрыс
тамақтану, таза су, жеке бас гигиеналық тазалығы мен бойын түзу ұстай білу.
Жаңа дамып келе жатқан жас баланың ағзасына таза ауаның үздіксіз кіруінің қамтамасыз етілуі
өте маңызды. Жаңадан өмірге келген нəрестенің ең бірінші үйренетіні – тыныс алу. Ауа нəресте үшін
«өмір» болып табылады. Балалар күнделікті қажетті мөлшерде таза ауада ойнап серуендеуі қажет. Таза
ауа баланың тəбетін ашып, қан айналымын жақсартады, ұйқысын реттейді жəне науқас балалардың
тезірек жазылуына септігін тигізеді. Баланың жалпы көңіл күйі мен жалпы жағдайы таза ауаға
байланысты.
Əрбір адамның үйі таза ауаға толы болуы жəне үнемі таза ауамен желдетіліп отыруы керек.
Жылдың жылы маусымында ашық терезімен ұйықтаған дұрыс. Таза ауа баланың ұйқысының тыныш
əрі, белсенді болуына жəне баланың ағзасының тынығуының қалыптасуына жақсы əсер етеді.
Күн сəулесі жер бетіне өзінің жылуы мен жарығын беріп қана қоймай, сонымен қатар ағзадағы
көп мөлшердегі зиянды микроорганизмдерді жояды.
Күннің ультракүлгін сəулелері терінің белгілі химиялық құрамына (стероидтар), теріге пайдалы
D витаминіне айналдыра отырып əсер етеді. Күн сəулесі – адам ағзасы қоректенетін жəне оған қажетті
энергия беретін қайнар көз болып табылады. Күн сəулесі біздің айналамыздың бəрін жылытып нəр
береді. Біздің балаларымыздың келбетінің шырайын келтіреді.
Тіпті сырқаттанып қалған балаға да күн сəулесі өзінің пайдасын тигізе алады.
Күн сəулесінің бөлмеге өзінің жарығы мен жылуын түсіріп тұруы үшін, тұрғын үйлердің терезе
шымылдық тарының үнемі ашық болғаны абзал. Себебі оның жылуы мен жарығы бала денсаулығы
үшін өте қажет.
Ағзаның қорғаныс қабілетін нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз
əсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның, бел омыртқаның дұрыс əрі мерзімінде
жетілуіне айрықша мəн беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне,
тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап,
бұған үнемі ықпал етіп отыру керек.
Бір сəтке Сіз қолыңызды немесе аяғыңызды сындырып алдыңыз дейік. Бұл жағдайда сіздің
сынған жеріңізге гипс салып, сүйек орнына қалыптасқанша 6-8 апта күту қажет. Гипсті шешу кезінде
сынған жердің əлсіреп, қозғалу мүмкіндігі шектелгенін байқасыз. Гипспен бекітілген буын үйреншікті
амплитудада қозғала алмай, ауырсынады. Бұл бір ғана мысал, егер біз ағзаға қажетті физикалық
қозғалысты қамтамасыз етпесек. Дененің барлығы жəне əр мүшесі осының нəтижесінде жапа шегеді.
Физикалық жаттығуларды үнемі жасау бала денсаулығын нығайтады. Сонымен қатар физикалық
жаттығулар — адамның тынығуы мен жеңілдену, баланың ойлау ауыртпашылығын жеңілдетіп, ойлау
қабілетін арттырады, көңіл күйін көтереді. Ағзаның барлық мүшелері физикалық белсенділіктің оң
көрсеткішін сезінеді, ағза ауыру сырқауға қабілеттілігінен арылады.
Ескеру. Балаға белгілі бір қозғалыс күшінде жəне тамақтанғаннан кейін физикалық
жаттығулармен айналысу қажет.
Қазіргі замандағы күйбең тіршілікте балалар мен ересек адамдар физикалық жəне ойлау
салмағының ауырпашылығна тап болады. Оған балалардың мектепте ұзақ уақыт болуы, үй
тапсырмаларының көптігі, копьютерлік ойындар, кеш ұйқыға жату жəне т. б себеп болады. Демалып
күш жинаудың ең бір жақсы тəсілі тыныш əрі əдемі жерде уақыт өткізу. Мүмкін болса қала сыртында,
табиғат аясында демалған дұрыс. Дұрыс тынығудың тағы түрлері болып кітап оқу, отбасымен
тамақтану жəне таза ауада серуендеу болып табылады.
Күнделікті тамақ құрамы ағзаға қажетті заттар құрамдас болуы тиіс. Яғни, ас мəзірінің құрамы
ағзаға қажетті заттарға толы болуы қажет. Бұл тамақтану рационының əр түрлі азық түліктен тұру
керектігін білдіреді. Мөлшерден көп тамақтану баланың ағзасына кері əсет тигізеді. Бұл таңғы ас, түскі
ас немесе кешкі ас кезінде тазартылған қант құрамы көп тамақтарды мөлшерден тыс қолдану себебінен
болады. Егер бала көп тамақтанып қойса, ағза артық калорияны шығара алмай қалады. Осының
салдарынан бала уақыт өте салмақ қосып, артық салмақтан зардап шегеді. Тіпті пайдалы азықты
пайдалануда да ұстамдылық таныту қажет.
Сонымен қатар тамақтану уақытының тəртібін сақтау да өте маңызды. Негізгі тамақтану уақыты
арасында тамақ жеу асқазанның жұмысын ауырлатады жəне қажетті тынығуына мүмкіндік бермейді.
Салдарынан асқазан ішек құрылысының дұрыс жұмыс істеуінің бұзылуына əкеліп соғады. Оның арты
əртүрлі ауруларға əкеліп соғады.
Баланың тамақтану ас құрамынан тазартылған қант құрамын азайтып оның орына көмірсутекті
нан жəне картоп қосқан дұрыс. Ғалымдармен жер бетіндегі ұзақ өмір сүретін адамдар орналасқан
жерлерге зерттеу жасалып, олардың тəтті жəне майлы тамақтарды аз ішетіндігі туралы мəлім болды.
Дұрыс реттелген тамақтану құрамы азық түліктің қажетті заттарының дұрыс алынған көлемінен
тұрады. Дұрыс құралған таңғы ас — сіздің балаларыңыздың дұрыс тамақтануының құрамы. Таңертеңгі
асқа ақуыз құрамды бір мөлшерлі, көкөніс бір мөлшерлі, жарма бір мөлшерлі жəне нан болғаны дұрыс.
Бəрінен де тамақтанудың уақытын белгілеп ағзаны соған үйреткен дұрыс. Осы арқылы біздің
асқазанымыз демалуға мүмкіндік алады. Жақсы ішілген таңғы ас жəне жеңіл кешкі ас біздің дене
салмағымызды реттейді.
Су керісінше — өте пайдалы жəне оны қажетті мөлшерде үнемі пайдаланған дұрыс. Ол ағзадағы
əр түрлі орган клеткаларының жабдықталуына жəне қажетті зат алмасу жүйесін реттеп, түрлі
шлактардың шығуына əсер етеді. 12 жастан жоғары балалар күнделікті 6 стакан су ішу керек. Ағзаның
аталған қызметтерді орындауға қажетті минимум. Тамақтанар алдында жəне тамақтанып болған соң
жарты сағат уақыттан кейін су ішу қажет. Тамақтану кезінде суды көп мөлшерде ішу, азқазанның
тамақты қорытуға кедергі жасайды. Асқазанның тамақты қорытуы су мөлшерінің азайуынан кейін ғана
жақсарады.
Терінің үстіңгі қабатында орын алған ұсақ тесіктері арқылы тері демалады. Сол себепті олардың
үнемі таза болуы шарт. Бұл бөліп шығаратын ағзалардың дұрыс қызмет етуіне əсер етеді.
Жүгіріп немесе ойнап болғаннан кейін біз үнемі денеде қалыптасқан тер мен кірді кетіру үшін,
суға түсу қажеттілігін сезінеміз. Суға түскеннен кейін біздің теріміз тыныстап, қалпына келеді. Өзімізді
таза киімде жеңіл əрі жақсы сезінеміз.
Күнделікті суға түсу ересектерге ғана емес, балаларға да қажет. Баланың бойын таза ұстауцға
бейімделуі денсаулығына жəне оны қоршаған ортағада жақсы əсер қалдырады. Егер тері қажетті
қалыпта қызмет етпесе бөліп шығару органдарының қызметінің төмендеуімен жалпы ағзаның жұмыс
істеу балансын зақымдайды.
Жылы суға толтырылған ванна баланың жүйке жүйесін, əсіресе көп сабақтан кейін
тыныштандырады. Қан айналымын жақсартып, буын қызметі мен мидің жұмысын жақсартады.
Ұрыс жан-жал жəне жөнсіздік баланың дұрыс өсуіне кедергі келтіреді. Тазалық, тəртіп жəне
ұйымдасқандық баланың өмір сүру ағымын жақсартады. Əсіресе мектеп жасындағы баланың сабырлы
əрі оқу процесінің жақсаруына ықпал етеді. Үйдің ішіне шаңсорғышпен жəне сулы тазалық жұмыстары
жүргізілгеннен кейін, біз өзімізді сергек əрі жақсы сезінеміз.
«Саулық - байлық негізгі» деп айтқандай, əрбір адам салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін
аурудың алдын алу жəне болдырмау, дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту, дене тəрбиесімен
айналысуы керек. Денсаулық əлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық
жағдайлар жасалуы қажет. Дені сау бала ақылды, өз - өзіне сенімді, жан - жағына қуанышымен шаттана
қарайтыны айқын. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалысты дене құрлысының дұрыс жетілуі
мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.
Ауыру түрлері мен əртүрлі жұқпалар ретсіздік пен ластықтың нəтижесінде болады. Күннің көзі
жəне бөлмені желдету, əсіресе ұйықтау бөлмесі мен асүйде — денсаулықты дұрыс күтудің факторы
болып табылады. Сонымен қатар тамақ əзірлеу кезінде асүйдің іші алдын-ала таза болғаны дұрыс.
Баланы жас күнінен бастап бойын тік ұстауды əдет қылуға үйрету қажет. Бала күннен бастап
арқаны тік ұстаса, өмірінің соңына дейін əдетке айналады.
Баланың бойының түзу қалыптасуы оның тұлғасының сырт көзге жағымды əсер жəне жақсы
тəрбиелілігін көрсетуге ықпал етеді. Сонымен қатар ол бала денсаулығына əсер етеді. Дұрыс отырмаған
баланың кеуде қуысына ауа дұрыс кірмейді Егер өкпеге таза ауа қажетті мөлшерде кірмесе, ағзаның
қан айналымы, барлық жұмыс істеу жүйесі əлсіреп, зат алмасу процесі нашарлайды.
Ата-ананың ең басты міндеттерінің бірі баланың бойын тік ұстап, тұлғалығының түзу
қалыптасуын қадағалау. Үнемі балаға басын тік ұстап, иық, арқа тұсын тік ұстап, іш жағын тартып,
кеуде тұсын тіктеуді үйретіңіз. Осыдан кейін баланың өзі өсе келе бой тұлғасы мен жүріс-тұрысының
сымбатына көзі жетеді.
Сөз соңында Н. Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты жетілген, бойында
ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық əдебі, парасаты бар ұрпақ тəрбиелеу,
өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының балабақшасының, барша елдің, халықтың міндеті» екенін
еске саламын Дені сау бала – болашақ жемісі.