Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1167

Поэзиядағы, жырдағы ғұламалар сабақтастығы

Арғысын әл мисақтан тартсақ, ұлы көштің керуеніне ілескен қабырғалы елдің ұрпағы қазақ есте жоқ ескі заманнан дәурен сүріп келеді. Түркі жұртын үлкен құрметпен бағалаған, Таяу-Шығыс елінің «Түрікше білмеген Құдайдан қорықпаған» деген аталы сөзі бар. 

«Түркі тілінің ішіндегі гауhары-қазақ тілі» - деді Машhүр Жүсіп Көпейұлы. Поэзия, жыр, дастандар жазған, сөзден сарай салған қыпшақ тілі орта ғасырда әлемге ортақ ұлы тіл болды. Ұлы түркінің мұрагері, қара шаңырақ иесі, көк түріктің мекені қазақ жерінде дұниеге келген Ашинаның асыл ұлдары Фараби, Абай, Шәкәрім, Машhүр Жүсіп, Мұқағали мен жас ақын, айтыскер Оразалі жайлы сыр шертпекпіз.  

Әлем алдында бас иген Сыр тумасы өткеніміздің алтын белгісі іспеттес «Әл-мұғалим, Әл-сани» атанған Таяу-шығыс елінің айнасы болған яғни екінші ұстаз Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл- Фараби әт Түрки еді. Академик Ақжан Машанның табанды еңбегінің арқасында 1971 жылы ЮНЕСКО көлемінде оның ғалымдығы ресіми анықталып, 1100 жылдық мерей тойы туған топырағында аталып өтті. Ерекше ескеретін жайт ұлы ұстаздың түркі, қазақ топырағының тумасы екендігі мойындалуы ұрпағының беделін әлем алдында әйгіледі. Оның атасы Ұзлақ, Дархан мұсылман дінін қабылдамай түрған кездегі ескі түркі есімдері. Туған қаласы Отырарда сауатын ашқан жас шәкірт есейе келе білім, ғылым іздеп үлкен шахарларға сапар шегеді. XI-X ғасырларда араб елі дүние жүзінде ең ірі мәдениет ошақтарының біріне айналып Азия, Африка, Европа елдеріне кеңінен қанат жайған кез еді. Ғұмырының сүбелі кезеңін Бағдат, Мысыр, Шам шахарларында ал өмірінің соңғы жылдарын Сирияда өткізген ұлы баба құнды ірі еңбектерін де осында жазған. Оның мәңгілік мекеніне айналған Баб ас Сағир зираты Дамск қаласында орналасқан. Ол тек ғалымдығымен ұлы емес, көп қырлы ғұлама, өнерпаз, ақын, музыкант. Геометрия, арифметика, физика, алхимия, архитектура, астрономия, социология, әдебиет, поэзия саласын дерлік қамтыған теңдессіз ұстаз. Шығыс пен батыс қатар мойындаған жерлесіміздің асыл мұраларын білу, келер ұрпаққа тапсыру - біздің борышымыз. Дерек іздеу сапарымен Уфа мешітіне ат басын тіреген А. Машаниға мешіттің бас имам қазиы Қамал Башира: «Біз оны араб ғалымы деуші едік, сіз қазақ деп отырсыз. Бізге бұл жаңалық»,- деп таңғалысын да жасырмаған. «Жат жұртта қалған ғұламаның өз елінде мардымды бір еңбегінің болмағандығы мені қатты қынжылтты»-деді Ақжан Машани. Ғалымның өз еліне оралуына, тарих сахынасына қайта көтерілуіне ерен еңбек еткен академик А. Машани, Кедров, Қасымжанов бастаған Көбесов, Дербесәлиев, Сатыбеков сынды Фараби танушы ғалымдар болатын. Ештен кеш жақсы деген қанағатшыл қазақтың өшкені жанып, өлгені тіріліп тарих сахнасына дүркірей қайта көтерілді.

«Түріктің кім кемітер музыкасын,

Фараби тоғыз шекті домбырасын

Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,

Жұбанып кім тимаған көздің жасын» деп жырлаған Мағжан ақынның өлең жодарымен алғаш танысқан кезімде сең соққан балықтай, әрі-сәрі күй кешкенім рас деп ғалым өз таңданысын жасыра алмаған. Ашинанаң асыл ұлы Мағжанның көмейінен төгілген маржан жыры менің түп санама, жаныма, жүрегіме тыныштық бермеді. Тура ұстаздың өзі келіп сенікі бұл не жатыс, түр тап, ізде қара дегендей болды да түрды. Сұмдық-ай сонау араб жерінде, ірі ғалымның қолында тоғыз шекті қазақ домбырасы қайдан жүр деген ұзақ ойланыстың, толғаныстың арты бабаны зерттеуге алып келді. Ғұламаны жұртымен табыстырмасақ бұл келер ұрпақ алдындағы кешірілмес күнә еді. Сөйтіп тәуекелге бел буып, аруақ шақырып ат қойып, ақсарбас мал шалып үлкен жолға түстім» деді ғалым. Бұл ауыр да машақаты мол жол болды. Келіпсің ала ғой деп қолыңа ұстата салатын ешкім жоқ. Әрине, ұлы тұлға болған соң талас-тартыссыз шешілмесі анық. Үлкен дайындықпен, дәлелмен барған соң шығыс ғұламалары бірден мойындап көмектесуге дайын екенін білдіргенімен өзбек, тәжік ағайындармен біраз сөз таластыруға тура келді. «Сөйтіп, оның Отырар тумасы екенін, қыпшақ ұлтынан шыққанын дәлелдеп, баба алдында, келер ұрпақ алдында да өз міндетімді атқардым» деді ұстаз жоқтаушысы.  Баба жас күнінде асқан күйші, әнші, музыкант болған екен. Таяу Шығыс жұртын таңдай қақтырған тоғыз шекті домбырасымен барған жиын тойда төгілген күйімен жұрттың сай-сүйегін сырқырата күй шертетін көрінеді. 

Аз ғұмырында жасындай жарқырып өткен айтыстың ақтангері атанып та үлгерген Жетісу тумасы Досбосынұлы Оразәлінің гаухар жырларының аз уақытта ғылыми айналысқа еніп кетуі де оның еңбегінің құндылығының дәлелі. 

         «Ғылыми мирас қалдырмаған ғалым нажағай ойнап күркіреп жаумай өткен бұлтпен тең» деген араб халқының мақалына сүйенсек, күркірей, дауылдатып өткеніңмен нөсерлетіп төккен жаңбырың болмаса сенің жердегі ізің де жоқ. Міне ғұламалар осы қағиданы нақты үстап, шындық іздеу жолымен өмірінің соңына дейін адамдық жолдан айнымай артына мол мұра қалдырған. Жалпы алғанда Әл Фараби ғалами заңға оның негізгі басқару қуатына сенді оның тәңірін тану негізі осында. Ол «жоғарғы ғылыми түсінікті қолдан жасаған жалған жолға, кәсіпке айналдыруға қарсы. Жақсылықтың бастау жолы шындықта, ғылымда, дінде адамдық арда сонда» деді. Ұлы ойшыл «Олай болғанда халықты әділетті билеуші адам, ірі хәкім болуы шарт....Сонда ғана әділет болады» десе, ақын, филосов өз заманының кемеңгері Абай шындық іздеу жолында адамды адастыратын тән тілегі нәпсі бар. Ол ішіп жеу, ойнау, күлу, өз пайдасын ойлау, ұйықтау, көбею, мақтану. Енді Абайды тыңдап көрсек. 

«Тән сүйгенін бермес,

Жан шыдамас жаны ашып.

Бере берсең, бер десе,

Әдет етер таласып» деді. Нәпсінің барлық тілектерн тойдырам десең басқа рухани дүниеге орын қалмайды. Нәпсінің тілегіне беріле берсең ақырында ол өзіңді билеп түбіңе жетеді десе... 

Ал ақиық ақын, философ Мұқағали 

«Оңға қара, солға қара бәрі бір,

Бұл фәнидің, жын фәнидің бәрі кір» деп жалған дұниедегі жамандық атаулының басым келетінін Омар Хаямша жырлағанда «шыбынмен құрдас қысқа ғүмыр», тек сынақ. Көк тәңірісінің алдына баратын жолдағы аз күндік алдамшы дәурен екенін айта келе, келесі өлең жолдарын былайшаөрнектейді. 

Ойым бар менің

Ойым бар менің ерекше.

Жақсылық жауып,

Дүниені мынау сел етсе,

Жауыздықтардың,

Жамандықтардың барлығын

Көрге алып кетем керексе.

...Армансыз барып,

Көрімнің аузын жапқасын,

Дүниедегі тіріліер

Жамандық іздеп бақпасын! Халқының мұң мұқтажы жан азабына айналған ақын, қан майдандағы батырларша өз кеудесін ел ұшін оққа төсеп солардың рахаты ұшін өмірден өтсем арманым жоқ. Жамандық атаулыны өзімен бірге көрге ала кетсем деген нәзік ақындық арманы отқа түссем де соларға бақыт силасам деген, халқының жоғын жоқтаған оның ақындық басының асыл қасиеті.

Екінші ұстаз саналы ғұмырын ұрпағының осы жаман қасиеттен қалай арылуына жол сілтеп, даналық сөздер айтып том том философиялық трактаттар жазды. Бұл құнды дүние әлем халқына таусылмас қорек болып отыр. Адам өмірін, психологиясын, басқару жүиесін зерттеген ұлы ұстаздың «Қайырымды қала түрғындарының көзқарасы» атты еңбегі адамдыққа, адалдыққа, мәдениетке, қарапайымдылыққа басшысынан қосшысына дейін адамдар арасындағы сыйластық, мейірімділік, тәлім тәрбие жайында өсиет сөздер айтылған құнды жәдігер. 

         «Мың мен жалғыз алыстым кінә қойма» деген данышпан, философ Абайдың да ойы екінші ұстазбен, Мұқағалимен, Машхүр Жүсіппен, Шәкәріммен сабақтасып іштей үндестік тауып бір арнаға тоғысып жатқандай. Қандай қиын заманда да, жақынынан, өз жұртынан жапа шегіп, қудалау көрсе де адамдық ардан атамай, шындық жолынан таймай әділдікті ту етіп үстаған бабаларымыздың арман тілегі үрпақ тыныштығы. Енді осы ұлы көштің соңғы жүгін арқалаған арқалы ақын, айтыскер, философ Оразәлі Досбосынұлы халық мұңын жыр жолдарына арқау етті. 

«...Кешегі ер Исата, Махамбеттер,

Кенесары, Наурызбай халқымыздың

Азаттық жолында әділ өлген.

Отаршылдық саясатқа қарсы шыққан,

Бабатайұлы Дулат бабам өлген.

Қазақ қайтсе азат ел болады деп,

Өз көрін өлеңменен қаза берген.

Желтоқсанда өспірім ерен жастар,

Елім деп ит қорлықта далада өлген.

Қайрат, Ләззат, Сәбит, Ерболдардай,

Халықтың бағына Алла бала берген...» деген Ораздың ақындық арыны таудан құлаған тасқын судай болса, ал өзі шын өмірде жайдақ судай жайлылығы оның атақ даңқақа құмартпауын, ешкімнің алдында құнын түсірмеген қарапайымдылығын Жүрсін ағамыздың мына сөзінен байқауға болады. Өзге ақындар айтысқа шығайық деп жарыса таласып жұргенде, Оразды ат арылтып әрең тауып айтыстарға қосушы едік деді. Балғынбек, Сара, Ринаттарға қанша қатты сөз айтсам, сонша жылы сөзді Орәзәліге арнауыма не себеп болғанын ұғымбаймын. Оразәлінің басқан ізіне татымайсыңдар! деп  өзге ақындарға кейігенімді олар да әлі ұмытпаған болу керек» деген сөзінен ақынға деген ұстазының ерекше көңілінің лыпасы байқалып түрды.

«...Бос сөзге бой алдырып бұрмаланбай,

Құнды ойды жіпке тізгін қыл қаламдай.

Құлақтардың құрышын қандырайын,

Ақынның Құлагері тулағандай...» деп, үш жүзге аты мәшхүр Құлагердей тулап, құлынынан құнан шығып, бір шаңды бір шаңға қосқан еді. Сөйтіп желісінен жұлқынған Оразәлі да бұл күнде ортамызда жоқ. Аты аңызға айналған ақындар қатарында кете барды.

 Адам қаншалықты ұлылықтың биігіне көтерілген сайын, оған соншалықты қарапайымдылық жарасады. Адамдықтың шыңына шыққан бабаның «Музыканың үлкен кітәбі» атты бағасыз еңбегіне сүраған ақысы бар болғаны төрт дихремді құрапты. Дихрем он тиындық ақша, демек ол күнделікті қорегіне жарарлық қырық тиынды қанағат тұтқан. 

         Әр сөзі философиялық терең ойға тұнып тұрған Мұқағали жырлары қаншалықты өр, паң, таза, сүлу болса тау тұлғалы ақын шын өмірде соншалықты қарапайым жайдақ судай өмір кешкен. 

О, Жүрек!

Менің алтын қазығым ау!

Қайтейін қажыдың ау.

...Қытықтаған бауырдың назы мынау,

Қажыдың ау, байғүсым, қажыдың ау! деп жырлаған ақын түрлаусыз тірліктен тыныштық таппай жан әлемінде шарқ ұра аласүрған сәттерінде, өз қайғысы мен ел мұңын қатар жырлаған, халық жоқтаушысы. 

         Бойына ізгі қасиеттер мен шешендік өнер дарыған адамдар философтар. Шешендік өнер философияның құрамына кіреді, ал бұл өнерді философтар қолданатыны анық. «Халықтар мен қалаларды ерікті түрде оқытып, үйрету үшін пайдаланылатын (адамдар) бойына ізгі қасиеттер мен шешендік өнер дарыған адамдар», деген сөздерінен ұлы ұстаздың Платон, Сократ, Аростетел философиясымен әсерленгенін байқауға болады. «Халықтар мен қалалардың басқару тізгігін философтардың қолына беру керек» деген Платон болатын. Ұстаздың айтуынша халықты басқарған патша, әкім немесе имам философ болмаса да философияны білу лазым дейді. Себебі, әкімдер мен имамдар бұхара халықтың жан жүйесін баурап, басқарып, бағындырып оларды жөнге салып отыру ұшін «иландыру әдісімен» басқарды. Осыған орайлас сезімге әсер ететін этикалық нақыл сөдерді де пайдаланады. 

         «Денені емдеуші дәрігер, жанды емдеуші әмірші» дейді ұлы баба Әл Фараби. Дәрігер шын ниеттенсе, қызыметіне берілсе, адал ақ істесе адам баласына жақсылық жасай алады, қолынан көп дүние келеді. Тек шындық жолмен жүрсе. Қиналған да тән жарасын жазып, дене мүшесін емдеп оның тыныш, жақсы өмір сүруіне бірден бір себепші. Әмірші де дәл солай. Жан жарасын емдеуші әміршінің міндеті дәрігерден бірден бір кем түспейді. Әмірші әділетті әрі хәкім болуы тиіс. Сонда ғана ұрпақ бақытқа жете алады. Ал керісінше болған жағдайда ол мемелекет, ұлыс, қала болсын құрдымға кетеді деді. Міне осы шешендік өнердің қайнар бұлағы айтыс өнері, өнер атаулының таңдаулы төресі. Өз заманында отауын оқшау тіктіріп, қазанын жеке қайнатқан жалыны бет қаратпайтын, тура беттеп келуге екінің бірінің жүрегі дауламаған өнер сайысы. Осы өнердің ақтангері Оразәлі қысқа ғүмырында кәусар сөздерімен, атан түйеге артса бел қайыстырар жыр жаухарларынан сарай салды. 

         «Қайыңды қасқа тіспен аршығандай», «Бит қабынан биалай тоқығандай», «Тіліңді әкеп тісіңе жонығандай» деген теңеулері Ораздың ескіден толғайтын, бағасыз теңеулері, тереңнен тартатын ақындық белгісі. Сүйінбай, Жамбыл, Көдек, Таңжарықтардың әуеніне өзінше ырғақ, иірім қосуы талайға таңдай қақтырды. Құлмамбеттен қалған құлынмын деген сөзінің өзі бітімі бөлек, шабысы шалғайдан екенін көрсетті. 

         Түрленіп, жаңаланып, дамып поэзия әлемінде өткенді баса озып, қайталанбас өз қолтаңбасын қалтырған ақын Мұқағали айтыс өнерінен ойып орын алған Оразәлі қайталанбас ғасыр адамдары.  

 «Ол білген адамға бір дәуірдің кені, баға жетпес саф алтыны еді» деп  Абайға немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы осылай өз бағасын берген еді. Шәкәрім тек қазақ халқының ғана емес, барлық туыстас түркі халықтарының, тіпті барлық Шығыс мәдениетінің, одан қалды орыс халқымен, Еуропа елдерінің философиялық ой-танымдарын зертеп, өз халқының ұлттық дәстүріне негіздей отырып, жетілдіріп, философиялық ойымызды, дүниетанымымызды әрі қарай дамыта түскен ойшыл.

 «Көп білімім жоқ бойымда, шын мақтан жоқ ойымда, кеш сөзімнің кемдігін»,-деп  ойшылдың өз біліміне көңілі толмай, жаны әлі де толассыз ізденісті қажет ететінін ашық жазды. Ол дүние жүзіне аты әйгілі философтардан сусындаған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында бүкіл Еуропаға кеңінен тараған неміс философы Шопенгауэрді оқып, оның пессимистігін сынап, өз ойын айтады:

«Шопенгауэрдің дүние – дозақ, бұл дүниеде тыныш өмір сүруге болмайды дегені дұрыс емес» дей келе: «Дүние – дозақ емес, бейіс, бейісті дозақ етіп отырған адам баласының, үcтем таптың зорлығы, өзімшілдік күш қаруы, қасқырлығы. Егер адам баласы бір-біріне зорлық жасамай, барлық адам бір-біріне бір бауырдай болып, өнер-білімімен, таза еңбекпен табиғаттың байлығынан пайдаланып отырса, дүние бейіс болуында сөз жоқ. Мұны сезбей, Шопенгауэр адасқан» деді.

Әлемнің інжу-маржандары: Аристотель, Ибн-Сина, Ұлықбек, Кант, Платон, Сократ, Әбу Насыр, Абай сияқты философтарының еңбектерін оқып, зерттеген Шәкәрімнің философиялық ой-танымына таңданбасқа болмайды.
 Шәкәрімнің көп өлеңдерінде адамның көңіл-күйі, ішкі сезім әсерлерін сипаттайтын философиялық тақырыптар елеулі орын алған.

Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы – өте күрделі құбылыс.

Ал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз заманында озық туған көрнекті тұлға. Ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырған ауыз әдебиетін алғашқылардың бірі болып жазба әдебиетке түсірген өз заманының білгірі. Мәшһүр есімінің ел ішінде аңызға айналуына ақындығы ғана емес, халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры болғандығы. Ауыз әдебиетінен еліміздің барлық өткен-кеткен жағдайын, тұрмысын, салт-санасын, бай дәстүрін, қилы-қилы тағдырын  білген зерделі жанның жыр жолдарынан, өткен ғұламалар еңбектерінің сабақтастығы айқын көрініс табуда.

Жатырмыз біз қараңғы ұзақ күнде,
Көрінбей жарық сәуле бір таң атқан.
Желкелер старшының бейшараны,
Таба алмай кедей ақша, жапа тартқан.
Ұлыққа кімнің сөзі жете берер,
Осындай жұмыстар бар толып жатқан деп хақының басындағы ауыр хәлін суреттейді. Қай заманның   ғұламасын алсаңыз да барлығының жырына, еңбектеріне арқау болған халық тағдыры. 
Өткен дәуір адамдарының жай-күйін аңыз етіп шертетін поэзия, жыр, қиса-дастандар болған.

Міне, сол өлең-жырдың, сөз асылының халық өміріндегі рөлін жете түсінген Мәшһүр оны жасынан құлай сүйген, жаттап өскен, хатқа түсіріп сақтай отырып кейінгі буынға жеткізген» деп жоғарғы бағасын берген М. Әуезов. Аз ғұмырларында найзағайдай жарқылдап, көк жүзін тіліп түскен ғұламаларды, халқының арда ұлдарын, өткір тілді ақындарымызды ардақтап, асыл мүраларымен молынан сусындайық. Артында қалған халқы бар, жоқтаушысы бар ғұламалар мәңгі тірі.  

153 0
Әсем Абдрахман, Абай атындағы №15 мамандандырылған мектеп интернат гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алматы қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 001557
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: