Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1164

Ана тілім – асыл қазынам

Білімділік: Оқушыларға ана тілін білудің маңызы жайлы айту,оларды ана тілін құрметтеп,тілдің мәртебесін көтеруге үйрету.

Түзетушілік: Оқушылардың тілдерін дамыту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін алға жетелеу.

Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтауға,мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу,

ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

 Сабақтың көрнекілігі:Ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан пікірлерін ілу,мақал-мәтелдер, слайдтан тілге қатысты құжаттар мен нақыл сөздерді көрсету.

        Сабақтың барысы: 

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар,тәрбиешілер,балалар ! Тіл-әрбір  әр ұлттың көзінің қарашығындай көретін қазынасы.Бүгінгі сабағымыз

 «Ана тілім – асыл қазынам» деп аталады.

Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуынының кепілі.Ол  адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Қазақ халқының тамаша ақыны С.Торайғыровтың мына өлең жолдарына көңіл аударсақ:                                                                                                                            

   Сүйемін туған тілім -анам тілін,

    Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

    Шыр етіп жерге түскен минутымнан

    Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, егеменді ел болып, мемлекеттік рәміздерімізді  қабылдап,  ана тіліміздің мәртебесі көтерілді.

Есімізге түсірейікші: 1995жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституциямыздың 7 бабында қазақ тілі-ҚР-ның мемлекттік тілі болып бекітілді.Соған сәйкес ҚР-ның Тіл туралы Заңы күшіне енді.

 1997ж  11 шілдеде   ҚР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды.Тілімізге қорған болатын құжат осы.Елбасының 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып өтіледі. Ендігі кезекті балалардың осы сабаққа дайындап келген ана тіліне арналған өлең шумақтарына берелік:

1-оқушы   

Ана тілі — туған тілім, бас тілім.

Сен арқылы дүние танып, талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім.

Сен өмірімде таусылмайтын асылым.

2 оқушы:

Қасиетің ана тіл,аз ба сенің,

Өзің барда ескірмес, тозбас елім

Сен болмасаң,ұлы Абай ақын болып

Мұқағали отты өлең жазбас еді

Балалар,ана тіліміздің мәртебесін көтеру-әр азаматтың қасиетті борышы.Елбасымыз  жыл сайын дәстүрлі Халыққа жолдауында мемлекеттік тілдің мәртебесіне  ерекше мән береді.

Халқымыздың тарихында ел үшін, ұрпағының болашағы үшін ,тілімізді аман сақтап қалу үшін  алысып өткен кемеңгерлер аз болған жоқ.Солардың ең бастылары от ауызды,орақ тілді билер:Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би.

Балалар, сендер  үш ауылға:Төле би ауылы,Қазыбек  би ауылы,Әйтеке би ауылына  бөлініп,қай ауылдың балаларының білімі алғыр екенін білу мақсатында сайыс өткізейік. Сайыс  бес   бөлімнен тұрады :

1. Төле би, Қазыбек би,Әйтек би тіл туралы 

2.  Сұрақтарға жауап беру.

3.  Тіл туралы мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, мәнін ашу. 

4. Жерлес ақын –жазушыларымыздың тіл туралы өлең-жырларын айту

5. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табу.

1-бөлім: Үш би болып,ұлттық үлгіде киінген оқушылар ортаға шығып, тіл туралы ойларын айтады.

 

 

 2-бөлім: Сұрақтарға жауап беру. 

Төле би ауылына:                                                                                                     

  1. Қазақстанның  мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

                2.Тіл туралы өзіңнің бір ой-пікірің (тіл атадан балаға мирас болып  қалатын баға жетпес мұра)

              3.Тіл туралы заң қашан қабылданды?(1997ж11шілде)

Қазыбек би ауылына:

1. Біз қай мемлекетте тұрамыз (Қазақстан Республикасы)

2.Тіл туралы өзіңнің бір ой-пікірің (Ана тілінде сөйлеу-мәдениеттіліктің ,әдептіліктің өлшемі болып табылады)

3.Тіл мерекесі  күні қашан тойланады? (22қыркүйек)

Әйтеке би ауылына:

 1. Білім күні қашан тойланады?(1-қыркүйек)

 2  Тіл туралы өзіңнің бір ой-пікірің (Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзінің ана тілін және мемлекеттік тілді құрметтеу керек).

 3.Қазақ тілі қай ұлттың ана тілі(қазақтардың)

3-бөлім: Тіл туралы мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, мәнін ашу. Әр адам ана тілін қадірлей отырып, топтың алдында жүйелі, мәнерлеп,мақалдап,таза сөйлеуге үйрену керек.

Әйтеке би ауылына:

1. Өнер алды - ... (қызыл тіл). 

2. Ойнап сөйлесеңде,(ойлап сөйле).

Төле би ауылына:                                                                                                       

1. Тілден артық ... (қазына жоқ).

2.Көре-көре көсем болады,(сөйлей-сөйлей шешен болады) 

Қазыбек би ауылына:

1. Айтылған сөз - ... (атылған оқ). 

2.Тілге құрмет- (елге құрмет).

4-бөлім: Жерлес ақын –жазушыларымыздың тіл туралы өлең-жырларын айту. 

1.Әйтеке би ауылы : Ақұштап Бақтыгереева.   Анамның тапсырмасы.

2.Төле би ауылы:     Жұбан Молдағалиев.        Мен қазақпын.

3.Қазыбек би ауылы: Қадыр Мырзалиев.          Ана тілі. 

  5-бөлім: Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табу:  

Әйтеке би ауылына:                                                     

1. Қой аузынан шөп алмас(момын,жуас)

2. Көзді ашып, жұмғанша(тез)

3. Тайға таңба басқандай (анық) 

Қазыбек би ауылына:

1. Ине шаншар жер жоқ(орын жоқ)

2.Төбе шашы тік тұрды (шошыды) 

3. Аузына құм құйылды (үндемеу)

Төле би ауылына:

1.Бет моншағы үзілу (ұялу) 

2. Бес саусақтай білу(бір нәрсені өте жақсы білу)

3. Таяқ тастам жер(жақын)

Қорытынды: Бұл сабақта,сіздер , еліміз егемендік алғаннан кейін, тілімізді қорғайтын құжаттар күшіне еніп,ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілгенін білдіңіздер. Біз тек ана тілін меңгеріп қана қоймай, тілімізді дамытуымыз керек. Бүгінгі  сайыс сендердің білімдеріңнің, тіл байлықтарыңның қаншалықты мол екендігін байқау мақсатында өткізілді.Жаңағы өздерің айтқан мақал-мәтелдерді,ақын жазушылардың өлеңдерін жатқа біліп,қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерді күнделікті өмірде сөйлескен кезде қолданып жүрсеңдер, кітап газет-журналдарды көбірек оқысаңдар сөздік қорларың мол болады. Сондықтан ана тілін білу керек,оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек.Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек,ең алдымен ана тілін дамытуға күш салуымыз керек.Осы отырған бәріңізді тіліміздің мәртебесін көтеруге шақырамын. 

151 0
Салтанат Избасарова, Райымбек ауданының Нарынқол ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Қарлығаш бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы № 001802
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: