Білім беру саласы: Таным | Балабақша:Маңғыстау облысы,Жаңа өзен қаласы,Ақсу ш/а №12 «Рахат» бөбекжайы» Мұғалімнің аты –жөні:Эзджанова Катира Отузбаевна | ||
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру | |||
Тақырыбы:Санап үйренемін. 1ден 10 дейінгі сандар. | Лауазымы:Тәрбиеші | ||
Сыныбы/тобы: | Мектепалды даярлық тобы | ||
Бөлім:Сан және санау. | Бөлімше: Заттарды санау. | ||
Оқу мақсаттары | 0.2.1.1. 10 көлемдегі сандарды тура және кері санау. 0.2.1.2. Заттарды саны бойынша салыстырып ,олардың реттік нөмерін атау . | ||
ҰОҚ мақсаты: | 10көлемдегі сандарды вагондарды өсу ретімен біріктіре отырып,тура және кері санау.Заттарды (клубника және саңырауқұлақтарды) қалташаларға сала отырып сандық мәнін табу,салыстыру.Фетр матасынан дайындалған үйшіктерді «Көршісін тап» ойынын ойнай отырып,белгісіз сандарды табу.Мазайкаларды пайдаланып,өз қалаған сандарын жазу. | ||
Күтілетін нәтиже: | Вагондарды өсу ретімен орналастырады , оларды тура және кері санайды. Саңырауқұлақпен клубниканы қалташаларға салады,санайды.Көп ,аз ұғымдарын меңгереді . «Көршісін тап» ойынын ойнай отырып белгісіз сандарды табады.Мазайкаларға сандар жазады. | ||
Тілдік мақсат | Тура,кері санайды.
| ||
Ресурстар, дамытушы орта | Вагондарды ,1 ден 10ға дейінгі сандар,үйшіктер ,қалташалар,клубникалар мен саңырауқұлақтар(үлестірмелі материалдар),мазайкалар. | ||
Құндылықтарды дамыту | Тура және кері санау ұғымын меңгерді.Сандардың сандық мәнін тапты,реттік нөмерін анықтады. | ||
Алдыңғы білім | Айналамдағызаттардысанаймын. 1-ден 5-ке дейінгісандар. | ||
ҰОҚ кезеңдері, уақыты | Жоспарланған іс әрекет | Ресурстар | |
Оң көңіл күй орнату. 0-3 минут | Шаттық шеңбері Біз ақылды баламыз Өседі ой санамыз Талаптанып білуге, Бар ынтаны саламыз. Санаймыз да ойнаймыз. Ойнаймызда ойлаймыз. Үйренуге құмармыз. Білім жолын қуамыз!
Пішіндер арқылы (шеңбер,төртбұрыш,үшбұрыш) үш топқа бөледі.
«Осыншама санды көрсет» әдісі
Ойын үшін қималы материал - цифрлар, заттардың əртүрлі сандары бейнеленген карточкалар қолданылады. Балаларға 1-ден 5ке дейін сандар беріледі Балаларға цифрлар бейнеленген карточкаларды көрсетеді, ал балалар өздеріндегі осындай заттардың саны бейнеленген карточкаларды тауып, санды атап, өз таңдауын түсіндіреді.
Балалардың жаңа тақырыпта да өз ойларын сұрап,балалардың деңгейін анықтаймын.
«Басбармақ»әдісімен бағалау. |
Қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді.
Сандар,математикаға арналған әр түрлі заттар.Суреттер, карточкалар
| |
Жаңа білім 20 минут | Топтық жұмыс: 1-топ:Өсу және кему ретімен вагондарды орналастырады. Мақсаты:Тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру. 2-топ : «Салыстыру» әдісі арқылы қалташаларға салған клубникалар мен саңырауқұлақтарды сандық мәнін табу және салыстыру. Мақсаты. «Аз,көп»ұғымдарын меңгеру. 3-топ: «Түсіп қалған санды тап» әдісі арқылы сандар қатарынан жоқ сандарды табу. Мақсаты:Заттың реттік нөмерін білу. Саралау.Мақсаты: Тақырыпқа сай саралау. Балалардың қызығушылықтарын ояту,білімдерін жетілдіру. -Ретімен қойылған вагондарды (1 ден 10 ға) дейін тура санайды. -Вагондарды кері санайды. –клубника мен саңырауқұлақтардың сандық мәнін табады және салыстырады. - 10-ға дейінгі сандардың көршілерін табады «Басбармақ»әдісімен бағалау.
Сергіу сәті: Оң қолымда бес саусақ , Сол қолымда бес саусақ Бесті беске қоссақ, Болады екен он саусақ. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір қадым, Бір отырып,бір тұрып, Орнымызды табайық. Өзіндік жұмыс:Мозайка арқылы балалар қалаған сандарын құрастырады. Мақсаты:Сандардың жазылу үлгісін біледі.Барлық балаларда уәж қалыптасады.Мақсатқа жетуге итермелейді.
Саралау:Қолдау көрсетуі аз қажет ететін балаларға: «Демеу» әдісімен көрсету. Орташа қолдауды қажет ететін балалар:«Көрсетілім» әдісі арқылы ,көрсету. Барынша қолдау көрсетуді қажет ететін балаларға «Түсіндіру» әдісімен түсіндіру. |
смайликтер
Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды
Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды
Балалар мозайкалармен сандарды жазуға тырысады және жазады. | |
Аяқталуы.Сабақты бекіту | ҰОҚ-тін қорыту -Бугінгі ҰОҚ нені түсіндіңдер? -Нені түсінбедіңдер? -Қай тапсырмалар сендерге ұнады? Кері байланыс Бүгінгі ҰОҚ-тінде болған көңіл-күйді суреттер арқылы көрсету.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді
Бет бейне суреттері |