Аңдатпа: Бұл мақалада табиғи жолмен оқытудың маңызы қарастырылады. Баланың жеке
қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып оқытудың тиімділігі көрсетілген.
Түйін сөздер: Білім берудің табиғи жолы, жобалық іс-əрекет, мектепке дейінгі ұйым, тəжірибе, əдіс.
Джон Дьюи (1859-1952) жəне оның жұбайы Эвелин Дьюидің "Болашақ мектебі" атты еңбектері Америкада
оқыту жүйесінде үлкен талаптар қойылып, мектеп ісінің түбегейлі реформасын талап еткен кезде
жазылған. XIX-XX ғасырларда американдықтар əлемде бірінші болып жалпы орта білім беруге көшуді
бастаған шақ. Алты, сегіз жылдан кейін білімді барлық балалар бірдей игере бастады. Бұрын тек қана
ерекше қабілетке ие балалар ғана жоғары жетістікке жететін еді. Ата-аналар мен педагогтар жəне
билік өкілдері біріңғай стандартпен барлық балаларды бірдей оқыту мүмкін емес екенін түсінді.
Оқытудың тиімді жүйесін іздестіруге барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіле бастады, дегенмен
американдықтар табиғи жолды таңдады. 1641 жылы Лондонға арнайы шақырған Ян Амос Коменскийдің
жазбаларында Американдықтардың Киелі кітаптарының жанында — "Ұлы дидактика" пайда болғанын айтады.
Джон Дьюйдың айтуы бойынша «Балалық шақ – ол өсу мен даму уақыты. Баланы күштеп оқыту,
педагогтардың жылдам жетістікке жету жолындаңғы іс-əрекеті. Ол баланы балалық шағынан айырумен тең.
«Балалық шаққа мүмкіндігімізше түсіністікпен қарауға тырысайық, балалық шақтағы баланың іс-
əрекетін оң немесе теріс деп бағалауға асықпайық. Табиғатқа өз жұмысын асықпай жасауға
уақыт берейік оның жұмысын өз мойыныңызға алып, наразылық танытпай. Табиғатқа кедергі
келтіруден именейік. Уақыт құнды оны дұрыс пайдаланам деп, текке жұмсап алмайық» - деген.
Коменскийдің салған ізімен Э. Коллингс Оклахома штатындағы университеттің педагогика
ғылымдарының профессоры жүріп өтті. Ол "Жоба тəсілі бойынша американдық мектептің жұмыс
тəжірибесі" атты өзінің басты кітабында жұмысын қалай бастағанын баяндайды. Шағын
ауыл мектебінде оқып жүрген жас Коллингс, аңызға айналған Гекльберри Финн сияқты, кенеттен "Білім
алу-мүлдем пайдасыз іс" деп түсінеді. Ол ата-анасының қарсылығына қарамастан мектептің
қалам, дəптерін тастап, əкесінің фермасына жұмыс істеуге аттанады. Қи қазып, сиырларды күту оған
партада отырғаннан гөрі көбірек ұнаған.
Бір уақытта ата-аналар тарапынан мектеп басшылығы балаларға күштеп білім беріп жатыр деген
алаңдаушылық танытып, мектепте балалар азайып кетеді. Мектеп басшылығы аталған кемшілікті жою үшін
жаңа мұғалімдерді шақыра бастады. Сол кезде жас Коллингс өз ақшасына əртүрлі ауыл
шаруашылық құрал-жабдықтарын ағаштан, металдан жəне т. б. көптеген пайдалы заттарды жасап
мектепке мұғалім болып қабылданады. Жаңа өзгерістерге куə болған ата-аналар балаларын қайтадан
мектепке бере бастайды. Табиғи жолмен өмірлік тəжірибе арқылы білім алған балалар
мектепті еш қиындықсыз тəмамдап, екеуі сол мектепте мұғалім болып, бірі дəрігер, ал
кейбіреулерінің жеке шаруашылық фермалары болады. (Коллингс Э. А. «Жоба тəсілі бойынша
американдық мектептің жұмыс тəжірибесі» М. 1926. С. 33)
Коллингс көп жылдық мұғалім жəне мектеп инспекторы болып жұмыс істеген соң, ол былай деп ойын
түйіндеп жазады: Мектептің белгілі бір мақсатты көздеген бағдарламаларын балалар еріксіз
мəжбүрлі түрде игеріп, мұғалімдер бағдарламаны орындап, уақыттарын өткізген мектептен гөрі
шынайы өмірге бағытталған əрбір баланың өзіне ыңғайлы, өз мүмкіндігінің шеңберінде оқыту
бағдарламасы болуы керек деген ойға келеді.
Профессор Мериямның айтуынша. Балалар өздерінің қалай сөйлеп кеткендерін білді ме? Жоқ əрине. Көп
жағдайда балалар да, үлкендер де оқу мен жазуды үйренгенде қандай тер төккендерін жақсы біледі. Біз
анамыздан су ішу керек болғанда «Ана су берші» деп сұрадық. Бұл сөзді айту үшін күнделікті
таңертеңнен кешке дейін жаттыққан жоқпыз. Профессордың оқыту жүйесінде балалар дəл осылай
оқуды, жазуды жəне сурет салуды оларға тек керек кезінде айналысты – деп айтқан.
Профессор Мериямның сөздеріне тоқтала кетсек. Оқу мен жазуды меңгеру қалай қиын болса
жаңадан дүниені танып біліп келе жатқан бала үшін керегін сұрап жеу де сондай қиын.
Бірін тез меңгерсе, келесі бірін көп еңбектің арқасында əрең меңгереді. Оның себебі
неде? Деген сауал көп жылдар бойы көкейімде жүрген болатын.
Адамның психологиясы бойынша балаға үлкендердің үйреткенінен емес жасағанынан
қайталағаны табиғатына жақын. Ұстаз баланың айнасы деп бекер айтылмаған.
Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымда балаға белгілі бір символды үйрету үшін ол туралы білікті ауызша,
тəжірибе жүзінде үйретудің маңызы зор. Оған мысал келтіре кететін болсам.
Əріпті балабақшада 5-6 жаста сауат ашу оқу қызметінде біртіндеп үйрете бастаймыз. Жұмыс
барысында баланың жылдам қабылдап, тез ұмытатынын да байқаймыз. Себебі 5-6 жасқа дейін
бала əріппен таныспаған. Балаға үй жағдайында қасық ұстай алмайтын уақытта біз баланың көз алдында
қасықты қолдандық, Оның атын атадық. Сол əрекеттерді жасағанда оны бала ешқандай мəжбүрлеусіз
үйренді. Балабақшада əріп пен сандарды үйретуде осындай əдісті қолданудың жемісі мол болар деген
ойдамын. Кіші топтарда 2-3 əріпті безендіріп қойып, кез-келген уақытта режидік сəттерде балаларға
жай ғана қолымызбен көрсетіп «А» - ханшайым. «Б» мырза деп таныстырып, кейіпкер ретінде сол
таңбаларды пайдалансақ ол таңбалар балаға біртіндеп таныс бола бастайды.
Мектепалды даярлық жаста əріпті əріп ретінде, санды сан ретінде танып қолданады.
Шет елдің Интерлакенский мектебінің ұраны «Балаларды өмір сүруге үйрету» жəне жоба арқылы білім
беруді қолдаған. Бұл жерде мектептің ішіндегі керек құрал-жабдықтардың барлығын балалар өз қолымен
жасайды. Мектептің жанында кішігірім мал шаруашылық фермасы бар онда үлкенірек ер балалар
жұмыс жасайды. Мектептегі барлық іс-əрекеттер тəжірибе жүзінде жүргізіледі. Балалар
жануарларды баға жүріп, олардың бойында жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік
қасиеттері қалыптасады. Сонымен қатар егін шаруашылығымен айналысады. Жұмыс барысында
кездескен қиындықтарды өз беттерімен шешуге тырысады. Шыдамдылық, ептілік
сияқты қабілеттері қалыптасады. Мектеп өзен жанында орналасқан онда балалар жүзуге үйренеді.
Мектепте апта сайын балалардың еңбектері мен жаңалықтарына арналған газет шығарылып тұрады.
Шет елде білім беру жүйесі жобалық іс-əрекетке көшіп, балаларды табиғи жолмен оқыту қолға алынып
жатқан шақта біздің қазақстанда білім жүйесі қандай болды?
Қазақстанда балаларды білімге үйрету ғылыми түрде жобалық іс-əрекет деп аты əйгілі болмаса да қазақ
қыз балалары мен ұл балалары өз заманында осындай жұмыстарды шет елден кем жасаған жоқ. Қыз балалар
ана-əжелерінің жанында жүріп сиыр сауып, оның сүтінен түрлі құрт, айран, май, ірімшік сияқты
өнімдердің қалай жасалатынын білген. Қымыз сусынының жасалу технологиясы шет
мемлекеттерді талай таңқалдырғанын өзіміз де білеміз. Сонымен қатар қыз балалар ою-өрнек жасау,
киіз басу, кілем тоқу, құрақ құрау жəне тамақ өнімдерін тоңазытқышсыз бүліндірмей сақтай
білу технологияларын 7-8 жасынан өте жақсы меңгерді. Ал, ұл балаларға келсек олар мал шаруашылығы,
ұсталық, зергерлік кəсіппен айналысқан. Мал баға жүріп, əр малдың өзіндік ерекшелігін жəне оларға
ерекше күтім жасау керектігін қаршадайынан меңгерген. Мысалы, қазақтың аңыз-ертегілерінде жылқы
малының шөптің ең құнарлысымен қоректеніп, судың тазасынан ішкені көп айтылады.
Мақаламды қорытындылай келе сөзімнің тобықтай түйіні. Балалардың жас ерекшелігіне сай
жобалық іс-əрекетті пайдаланып, баланы қызықтырған кəсіп шеңберінде табиғи жолмен тəжірибе
жүзінде білім беруді кеңінен пайдалансақ, болашақта үлкен жетістіктерге жететініміз анық.
Пайдаланған əдебиеттер:
1. Джон Дьюи, Эвелина Дьюи «ШКОЛЫ БУДУЩЕГО»
2. Валентин Кумари педагогика ғылымдарының докторы, профессор "Əркімге өз қабілеттері мен
қажеттіліктеріне қарай немесе американдық мектеп табиғи жолмен оқытылып, барлығынан озды»
3. Қазақстан Республикасының этностық-мəдени білім беру тұжырымдамасы // Егемен
Қазақстан. – №4.