Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1141

Берілген санға кері санды табу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:             5.2A    Жай бөлшектерге амалдар қолдану 

Мектеп: 

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

 

Сабақ тақырыбы

                   Берілген санға кері санды табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 

 

5. 1. 2. 22        Берілген санға кері санды табу

Сабақ
 мақсаттары

Оқушылар;

 1.Жай бөлшекке кері санды табу                                                                                                  

2. Аралас сандарға кері санды табу                                                                                          3.Натурал сандарға кері санды табу

4.Берілген санға кері санды табуға есептер шығару

 

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

1.Жай бөлшекке кері санды табады                                                                                                    2.Аралас сандарға кері санды табады                                                                                                                                 3.Натурал сандарға кері санды табады

4.Берілген сандарға кері санды табуға есептер шығара алады.

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:     Берілген санға кері санды табуда ережені тұжырымдай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлшек,дұрыс бөлшек ,натурал сан,кері сан

 бөлшек-дробь-fraction

дұрыс бөлшек-правильная дробь-proper fraction

натурал сандар-натуральные числа-the natural numbers

кері сан-обратное число-reverse number

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 

Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды....деп атайды.

Натурал санға кері сан...бөлшек

Құндылықтарды дарыту

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу.

Жұптық, топтық жұмыста – өзара сыйластық,  бір-бірін құрметтеу,ынтымақтастық орнатылады

Пәнаралық байланыстар

физика, информатика

АКТ қолдану
         дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Жай бөлшектерді,дұрыс бөлшектерді,бұрыс бөлшектерді,жай бөлшекке амалдар қолдануды,натурал сандарды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар

Сабақтың басы.

 

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Жағымды көңіл-күй орнату. «Он саусақ»                                  

2.Топқа бөлу.          Оқушылар кеспе қағаздар арқылы жазылған  бойынша мағынасы сәйкес келетін топқа барып отырады. 

1 – топ:Дұрыс бөлшек

2 – топ: Бұрыс бөлшек

3 – топ: Аралас сандар

4 – топ:Натурал сандар

Топ басшысы сайланады

Өтілген сабақты еске түсіру мақсатында «Мен саған,сен маған» стратегиясы арқылы топтар бір-біріне сұрақтар қояды: Әр топ сұрақтарға  жауап береді.  «Жигсо» әдісі бойынша  әр топ дәптерлерін алмастырып ,есептерді тексереді.Оқушылар мадақтау арқылы бағаланады

ББҮ кестесі бойынша жаңа сабақтың тақырыбы шығарып алынады.Кесте тақтаға сызылады.Оқушылардан екеуден  жұптасуы сұралады.

          

Білемін  

Білгім келеді

Үйрендім

жай бөлшек

 

аралас сандар

натурал сандар

 

 

жай бөлшекке кері сан

аралас санға кері сан

натурал санға кері сан

 

 

 

 

 

 

 

Әр жұп бастапқы білімдегі білетіндерін айтады,мұғалім жазады.Кестенің бірінші бағаны толтырылады.Мұғалім жазылғандарды оқиды.Біз  тағы не білгіміз келеді? Өз сұрақтарын ойластыруға уақыт беріледі.Екінші баған толтырылады.Сұрақтар қою арқылы үшінші баған толтырылады.

Бүгінгі өтетін тақырып:Берілген санға кері санды табу Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

кеспе қағаз

 

 

 

 

 

 

бағалау бетшесі

Сабақтың ортасы  

 

Жеке жұмыс. (оқулықпен жұмыс)

1-тапсырма.Өзара кері сандар жұбын теріп жазыңдар:

 және 2)  және       3)  және   4)  және 

2- тапсырма.Мына бөлшектерге кері бөлшектерді жазыңдар;


3- тапсырма. Берілген сандарға кері сандарды жазыңдар: 3 2      5  7  

Оқушылардың өзінің     жеке  жұмысына баға қоюы,өзін-өзі бағалаудың маңызы зор.Мақсат-оқушыларды өз жұмысының сапасын көтеруге      

қызықтыру.Оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім жауапты емес

екендігін түсінеді.

 

 

Мен жақсы орындадым        

Мен жартылай орындадым  

Маған көмек керек

Өз жұмысымды бағалағанда

 

 

 

 

Дескрипт.ор

 

Өзара кері санды біледі

 

Бөлшектерге кері бөлшектерді жазады

 

Аралас санды жай бөлшек түрінде жазады

 

Есептің жауабын дұрыс жазады

 

Дескриптор арқылы бағаланады.

Жұптық жұмыс.

Берілген сандарға кері сандарды жазыңдар.

  1. Дұрыс бөлшектерге: ,  ,

Дұрыс бөлшекке кері сан                           болады

  1. Натурал сандарға: 3,5,7,9,12,1,17,10,100

Натурал санға кері сан            болады.                                       Әр топ оқушыларының қаламдарын жинап ортаға қоюын сұраймын.Мен кімнің қаламын қолыма алсам сол оқушы жауабын айтады.

«керемет!»,     «жарайсың!» «жұмыстан!» мадақталады.

Өз достарымның қасында болғанда,мен өзімді былай сезінемін.

                                             

Жұптық жұмыс оқушыларға топтарда сөйлеуге және өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді.

Топтық жұмыс. Саралау тапсырмалары 

1-тапсырма 



2- тапсырма.7 тақта кәмпитті 10 балаға тең бөліп беру керек.Тақта кәмпиттердің әрқайсысын 5- тен артық емес бөліктерге бөліп, балаларға қалайша тең болып беруге болады?     

Дескриптор

 

 Есептің мазмұнын түсінеді

 

Аликвоттық бөлшектер

 

Есепті дұрыс шығарады

 

Есептің жауабын дұрыс жазады

 

 

 

 

 

Есептерді дәптерлерін алмастыру арқылы тексереді. Әрбір дұрыс жауаптарға мадақтау мақсатында     смайликтер беріп отырамын.

Оқушыларға өз білімдерін өзінің пайымдаулары мен сыныптастар арасында талқылау арқылы ойластыруға және бағалауға мүмкіндік береді.

 

Сергіту сәті «Көңілді күн»

 

Бейнежазба арқылы сергіту сәті болады.          

 

Бағалау бетшесін жинап аламын.Смайликтер алған оқушылар мадақтау арқылы бағаланады.

 

 

 

 

 

оқулық

 

 

Сабақтың соңы

 

Кері байланыс Сұрақтар қою арқылы жүзеге асырылады.

Рефлексия

 

1. Бүгінгі сабағымызда біз нені оқып білдік?

2. Бүгінгі сабағымызда біз нені үйрендік?

3.  Бүгінгі сабақ ұнадыма?  

 

Негізгі мақсат-оқушыларды өздерінің жұмысына қатысты айтылған пікірлер жайында ойландырып, оларды келешекте жетілдіру мүмкіндіктерін табуға ынталандыру

 

«Жеміс ағашы»


Оқушылар стикерлер арқылы өз ойларын білдіреді.

 

Үйге тапсырма:.Берілген санға кері санды табу № 604, 605

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

стикерлер

446 0
Айкенже Жанабергенова, №40 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі, Ақтөбе қаласы № 000180
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: