Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1134

Мектеп жасына де жасына дейінгі балалардың дизайнерлік қабілетін «Айрис фолдинг» ( Iris Folding) технологиясы арқылы дамыту

  Iris Fold техникасының атауы сөзбе-сөз ағылшын тілінен «кемпірқосақты бүктеу» деп аударылады.

  Айрис бүктеу техникасы Голландиядан бастау алады ,сол жердегі жергілікті қолөнершілер өз жұмыстарын түрлі-түсті қағазды картонды пайдаланып шиыршық (спираль) тәрізді ауқымды бейнелерді камералардың диафрагмасына ұқсас етіп жасаған.Қағаздан жасалған ол жұмыстар үлкен сұранысқа ие болып,адамдар үйлерін безендіріп,ашық хаттар,картиналар,кітап мұқабаларын жасап қолөнер туындысына айналдырған. Қазіргі уақытта осы техникада жұмыс істеу үшін түрлі-түсті қағаздар мен картон ғана емес, сонымен қатар атлас ленталар, маталар қолданылады. Айристі бүктеу техникасы 5-6 жас аралығындағы балалар мен ересектерге қол жетімді. 

  Өзектілігі: Мамандардың зерттеуі бойынша  қазіргі заман балаларының жалпы ұсақ қол моторикасының дамуының төмендігіне байланысты осы технологияның қол жетімділігінде. Жапсырудағы бұл әдісті қолдана отырып баланың креативті ойлауын,дизайнерлік қабілетін,қол моторикасын дамытамыз 

 Мақсаты: қағаздан безендірудің көркем тәсілі ретінде технологияның қарапайым техникасын игеру барысында балалардың жан -жақты интеллектуалдық -эстетикалық және дизайнерлік қабілетін дамыту.

  Айрис техникасының басты мақсаты:

-жұмыс алгоритмін меңгерудің қарапайымдылығында

-материалдардың қол жетімділігінде

-өз бетінше сюжет пен сызба үлгі  құру  мүмкіндігінде

   Міндеттері:

-интеллектуалды дамуға және табысты оқуға   тиімді әсер ететін қолдың ұсақ  моторикасын, саусақтардың ұсақ қимылдарын дамыту. 

-қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау сияқты танымдық процестерді қалыптастыру. 

--өзіне деген сенімділік пен қабілеттерді, қиялды,  талғамды, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

-интеллектуалды дамуға және табысты оқуға   тиімді әсер ететін қолдың ұсақ  моторикасын, саусақтардың ұсақ қимылдарын дамыту. 

-қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау сияқты танымдық процестерді қалыптастыру. 

-өзіне деген сенімділік пен қабілеттерді, қиялды,  талғамды, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

   Айрис бүктеу техникасын қолданып, туынды жасау кезінде сізге: картон, түрлі-түсті қағаз, қайшы, қарындаш, сызғыш, желім, сызба, қағаз қыстырғыштар қажет.

                       «Айрис фолдинг - шығармашылық технологиясы»


Нәтижесінде:Айрис бүктеу практикасы қолдың моторикасын, саусақтардың ұсақ қимылдарын жақсартады, ал бұл жалпы интеллектуалды дамуға және табысты оқуға тиімді әсер етеді. Қабылдау, есте сақтау, логикалық ойлау, зейін сияқты психикалық процестердің дамуына ықпал етеді. Баланың  шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын,  дизайнерлік қабілетін  дамытамыз.


180 0
Жанат Акилбекова, №49 «Думан» бөбекжай- балабақшасы МКҚК Тәрбиешісі Ақтөбе қаласы Ұлы дала ұстазы № 001558
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: