Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1132

Психикалық дамуы тежелген балалар ерекшеліктері

Мақсаты:Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық жүйесінің мәні мен ерекшеліктерітуралы түсініктерді талдау және сипаттама беру.

Міндеттері: Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық жүйесінің ерекшеліктерін талдау.

-Психикалық дамуы тежелген баланы оқыту мен тәрбиелеудің қоррекциялық бағыттары

Жоспары:

1.Кіріспе

2.Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

3. Психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеген ғалымдар

4.Психикалық дамуы артта қалған балалармен түзете-тәрбиелеу жүргізудің ерекшелігі

4.Қорытынды.

Кіріспе

            Психткалық дамудың тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың  бірден-бір көкейкесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кемақылдылар тобына жатпайтын бірақ білім қорының  көлеміне   қарай оларды қорытуға жеткілікті   икемділіктері болса да алғашқы сыныптарда мектеп бағдарламасын игере алмайды.Психикалық тежелген балаларды   жан-жақты зерттеу 1960 жылдардан басталды: осы жылдары енгізілген міндетті  орта білім беру жүйесіндегі  өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетті. Тіптен кейбіреулері бағдарламанны игере алмайды, білім сапасы төмендей бастады. Осы кезеңде шет елдерде де оқу үлгерімінің сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады.АҚШ, Англия , Германия сияқты дамыған мемлекеттерде   сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілдермен зерттеу арқылы «Оқуға қабілеті төмен», «оқытуда қиындықтар кездесетін», «педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған», «тәртібі бұзылған», «бейімделмеген», «миында болмашы зақымдаулары бар» балалар деген топтар айқындала бастады. Мектеп жасындағы бұл балалардың бәріне тән кемістік- үлгермеушілі. Ал оның басты себебі: бастауыш сыныптарда анық байқалатын психикалық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі немесе   уақытша қалыптаспауы.Бұл ауытқу көбінесе 5-6 жастан 11-12 жас аралығында кездеседі. Олардыды  кемақылдылықтың жеңіл түрінен  ажырату үшін, Сухарева Г.Е. «психикалық дамуы тежелген балалар ( ПДТБ)», немесе біздің елдегі  дефектология саласында қалыптасқан « дети с задержанными темпом психического    развития. (ЗПР)»деген терминді енгізді. Бұл термин осы уақытқа дейін қолданылады. Бұл балалардың интелектуалды   дамуының зақымдану дәрежесі- олигофрения мен интелектісі қалыпты дамыған балалардың арасындағы аралық орын алады (яғни , интелектісі кемақылдылықтан жоғары, ал қалыпты дамыған интелектіден көп төмен.) Психикалық дамуы уақытша болуы мүмкін.

 

Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

            Бұл балалар ерекше топқа кіреді.-психикалық дамуы тежелуі бар балалар (ПДТ)

            ПДТ-сы бар балалар білім алу іскерлігінің қиын дамуымен қатар энцефалопатикалық ауру белгілері ОНЖ-нің органикалық құнсыздығын айғақтайтын (тыл) өте белсенділік, импульсивтік, сонымен қатар мазасыздану, агрессивтік мінез-құлық байқалуы мүмкін.

Мектерке баратын  психикалық дамуы тежелген балаларға бірнеше ерекшеліктер тән. Олар мектепте оқуға  толық дайын болмайды.Себебі  оларда мектеп оқушысына қажетті біліктер мен дағдылар қалыптаспаған және оқу материалын игеру де қиынға түседі.Арнаулы көмексіз олар қарапайым санау, жазу, оқуды да меңгере алмайды. Ондай  балағаға мектепте қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтау да едәуір күшке түседі.Жүйке жұйесінің жұқаруы нәтижесінде олар тез шаршайды, еңбекке ынтасы төмен болып,көбінесе, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге төзімдері де жете бермейді.Мұндай балаларда бас ауруы жиі болып тұрады.Психикалық дамуы тежелген балалардың зейіні тұрақсыз, көңілі сырт нәрселерге тез ауғыш болып келеді де, қажетті обьектіге назар шоғырландыру қабілеті төмен болады.

 Зейіннің тұрақсыздығы баланың қабылдау және түйсіну процестеріне де кері әсер етеді.Нәтижесінде ол қабылдаған ақпаратты талдай алмайды, іздеу, зерттеу функциясы жоқтың қасы.Психикалық дамуы тежелген балаларда  ойлаудың барлық түрлері дерлік артта қалып отырады.

Психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеген ғалымдар

            Қазіргі кезде психикалық дамуы тежелген балалар мәселесі барынша кең зерттелген .Танымал дефектологтар Т.А. Власова, В.И. Лубовский, У.В. Уленьков, К.С. Лебединский, М.А. Адилова педагогика ғылымының аталған саласының дамуына үлкен үлес қосты және психикалық дамуы тежелген мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың жалпы ерекшеліктерін айқындап берді.

ПДТ-сы бар баланың жеке басын қалыптастыруда эмоционалды (сезімдік) даму дәрежесіне, сонымен қатар нейродинамикалық бұзылуларға (астениялық және церебрастениялық жағдайлар) байланысты М.С.Певзнер мен Т.А. Власова келесіПДТ түрінде ерекшеледі:

А) Психикалық және психофизикалық  инфатилизм негізінде ПДТ, жүкті кезеңдегі ОНЖ-не зиянды әсер етумен байланысты.

Б) Баланың өмірінің ерте кезеңінде түрліше түрліше патогенді (ауру туғызатын) факторлардың нәтижесінде пайда болған организмді астениялық және церебрастениялық күйге әкелген ПДТ.

Кешірек, К.С.Лебядинская, онан арғы ғылыми-зерттеу жұмысының қортындысында, ПДТ-ң этио-патогенетикалық топтастыруын ұсынған болатын (яғни, негізгі клиникалық типтері этио-патогенетикалық принципі бойынша дифференцияланады.):

А) ПДТ-ның конституциялық шығу тегі былайша айтқанда

 сәйкестік (гармониялық ) инфантилизм;

Б)ПДТ-ның самотогенді шығу тегі;

В)ПДТ-ң психогенді шығу тегі;

Г) ПДТ-ның церебралды-органикалық шығу тегі

ПДТ-ның конституциялық шығу тегі, былайша айтқанда гармониялық, сәйкестік инфантилизм (психикалық қиын емес және  психофизикалық инфаантилизм), М.С. Певзнер мен Власованың топтастыруымен (лат. тіл.

«inf antilis»- бала шақтың). Осыған сәйкес сезімдік- жігерлі сфера ең алғашқы  даму сатысында тұрғандай, және тым кішентай жастағы   баланың әдеттегі структурасымен эмоционалды құрылысы ұқсас. Сипаты:мінездің эмоционалды басым болуы, көңіл-күй түрінің жоғарлығы, сезімнің ашықтығы кезінде олардың   үстірт және  беріксіз,жеңіл иланушылық ойынға деген қызығушылығының басым болуы.

Б)ПДТ-ның самотогенді шығу тегі;Анамолды  дамудың  бұл типі түрліше шығу тегінің ұзақ соматикалық жеткіліксіздігінің әсері болып келеді:созылмалы жұқпалы аурулар, аллергиялық жайы, соматикалық сфераның туа біткен және жүре пайда болған аурудың дамуы, бірінші кезекте жүректе.Ерекшеліктері:Эмоционалды дамуының тежелуі – сотогенді инфантилизм , невротикалық білінулер- сенімсіздік, қорқақтық, өзінің дене бітімі жетілмеуінің сезінуге байланысты, ал кейде шектеулер және рұқсат етпеу тәртібімен шақырылған соматикалық әлсізденген немесе ауру бала болады.

В) ПДТ-ң психогенді шығу тегі;баланың жеке басының дұрыс қалыптасуына кедергі болатын тәрбиенің қолайсыз жағдайларымен байланысты. Баланың психикасына   жарақатты әсер тудырушы, ерте пайда болған, ұзақ, ұзақ әсер етуші ортаның қолайсыз жағдайлары, оның нервтік –психикалық бұзылуына әкелуі мүмкін.

Г) ПДТ-ның церебралды-органикалық шығу тегі көбіне түрліше бейнелерде кездеседі, эмоционалды, жалынды- жігерлі сферада да және білім алу іскерлігінде де үлкен тұрақтылық пен бұзылудың ерекшеленуіне ие.

Ерекшеліктері:статикалық қызметтің қалыптасуының , жүргізудің, сөздің, тазалық әдетінің, ойын әрекеті кезеңінің , дене құрылысы даму тежеулігінің кешігіріңкеуі , бойының тежелуі, жалпы гипертрофия, вегетативті реттелу; вегатативті тамырлы дистонияның, гидроцефалды және гипертензивті стигма тәрізді белгілердің құрылысы (бас сүйек ішінің жоғарғы қысымы бар жергілікті жерлері.)

Психикалық дамудың тежелуіне тән белгілер:

-тез жалығу мен шаршаудың әсерінен ынта мен қабілеттің төмендеуі;

- жалпы мәоімет пен елестету қорының шектеулігі;

-сөздік қорының жеткіліксіздігі;

-интелектуалды іскерлік, ойлау әдетінің қалыптаспауы;

-ойын, іскерлігінің толық қалыптаспағандығы;

-қабылдаудың баяулауы;

-сөйлеу логикалық операцияның ойымен қиылыспауы;

-ақыл-естің барлық түрлерінің бұзылуы;

-сенсорлық мәліметтерді қабылдау мен оны түсіну мерзімінің ұзақтығы;

-өзін-өзі бақылау деңгейінің төмендігі;

-мектеп жасына келгенде оқу, ойлау, операцияларының қалыптаспауы-талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту әдістерінің негіздерін түсінбеуі.

Осы өзгерістердің дәрежесіне сай, баланың жасын ескере отырып, оларды әлеуметтік бейімдеу,тәрбиелеу, оқыту және түзету жолдарын айқындайды. Нәтижелі арнайы әдістерді қолдану осы балаларға арналған арнайы балалар бақшаларымен мектептерде, мектеп-интернаттарда немесе жалпы мектептердің арнайы түзету сыныптарында дұрыс жолға қойылған.

 

Психикалық дамуы артта қалған балалармен түзете-тәрбиелеу жүргізудің ерекшелігі

            Мектеп жасындағы психикалық  тежелген балаларды қалыптастыру негізінен осы балаларға арнап жасалған оқу бағдарламасымен жүргізіледі. Оқу жоспары бойынша балалардың  танымдық әрекеттерін дамыту, қоршаған ортамен танысу және әртүрлі құбылыстардың  себебін және оның өзгерістерін анықтау, тіл дамыту, еңбекке баулу, әртүрлі пәндерді арнайы дидактикалық әдістемелермен игеру  қарастырылған .

Негізгілері:

-жалпы білім беру циклы сабақтарында, сондай-ақ арнайы оқыту кезінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізу,

-түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл-ой мен тәжірибелік жұмыстарды алмастыра отыру,

-қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс-тәсілдерін қолдану;

-баланың білім алу іскерлігін барынша  белсенді етіп, олардың сөзін дамытатын және оқу іскелігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;

-дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге ) жұмыстарын жүргізу  және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;

-Арнайы мектептерде оқуға және жазуға үйрену арнайы түзету жұмысының бағдарламасына сәйкес өткізіледі, былайша айтқанда сауаттылыққа үйрену дайындығы кезеңдермен орындалады.Бірінші кезеңде –естудің қадағалауымен сөйлеу   кезіндегі жекеше зақымдалған дыбыстарды бөлшектеу тәсілін қолданады, бірақ бұл сауаттылықты жақсы меңгеріп кету үшін қажетті талдау мен жинақтау дыбыстарының дағдысын қамтамасыз етпейді;

-екінші кезеңде –сөздегі дыбыстардың орнын белгілей білуді үйретеді,дыбыстардың сөздегі орналасу ретін анықтайды.

-ПДТ-сі бар балаларға жазуға үйрету жалпы білім беретін мектептерге арналған бағдарламаның тарауы бойынша берілген әдістемелік ұсыныс негізінде құрастырылады.

Қорытынды:Зерттеулер бойынша ПДТ-сі бар балаларды ақыл есі кем балаларға  және қалыпты жағдайдағы балаларға тән емес екені анықталды.Жоғарыда айтылғандай кейіннен Сухарева осы балалар тобын «психикалық дамуы тежелген» түсінігін берді.

Психикалық дамуы уақытша болуы мүмкін, қалыпқа келтіруге мүмкін.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Дефектология /Авторы:Нұрманбетова, Қ.Тебенова, Н.Омарова 

2. Арнайы педагогика негіздері /Авторы:Айтбаева А.Б. 

3. Арнайы педагогика және психология негіздері

/Авторы:Абаева Ғ.А.  2019. ж

4. Дефектология негіздері /Авторы: Искакова  

5.Дамуында аутқұы бар балалар/Авторы:К.С. Тебенова

 

18 036 0
Шынар Битимбаева, №36 жалпы орта білім беретін мекеме КММ –нің Дефектолог , арнайы-педагог Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы Ұлы дала ұстазы № 001556
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: