«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың хас жауы,
ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
Әл-Фараби
Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті дегеніміз не?
Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті – олардың педагогикалық мақсаттардың және бағыттардың деңгейі.
- Ата-ана – тәрбиеші ретінде педагогикалық дәрежеге жету;
- Педагогикалық және психологиялық деңгейде теориялық білімнің дамуы;
- Ата-ананың практикалық білім, білік түрлері және сапалы және саналы тәрбиеде қалыптасу.
Педагогикалық мәдениеті
(сауалнама)
Ия-1 ұпай Жоқ-0 ұпай
1.Сізге өз балаңыз ұнай ма?
2.Сіз балаңыздың не айтып тұрғаның тыңдайсыз ба?
3.Балаңыз сөйлеп тұрғанда оған қарап тұрасыз ба?
4.Сіз балаңызға айтып тұрған нәрсесінің маңызды екенін түсінуге мүмкіндік жасай аласыз ба?
5.Сіз балаңыздың айтып тұрған сөзін түзетесіз бе?
6.Балаңызға қателік жіберуге мүмкіндік бересіз бе?
7.Балаңызды мақтайсыз ба, құшақтайсыз ба?
8.Балаңызбен бірге күлесіз бе?
9.Күнделікті балаңызбен әңгімелесуге уақыт бөлесіз бе?
10.Қандай білім негізінде балаңызды тәрбиелейсіз?
а) педагогтар нұсқамаларының негізінде; (4 ұпай)
ә)ата-аналарға араналған дәрістерге барамын ;(3ұпай)
б) тәрбие туралы радио мен теледидардан хабарларды тыңдаймын; (2 ұпай)
в) өмірлік тәжірибемді пайдаланамын (1ұпай)
11.Сіз тәрбиеде қандай әдістерді барынша тиімді деп санайсыз?
а) мадақтау; (4ұпай) б) үйрету; (2 ұпай)
ә) талап қою; (3 ұпай) в) жазалау (1 ұпай)
12.Мадақтаудың қандай түрін және қаншалықты жиі пайдаланасыз?
а) сөзбен мақтау; (4ұпай) в) аймалау; (3ұпай)
б) сыйлықтар беру; (1 ұпай) г) баламен бірге уақыт өткізу. ( 2 ұпай)
13.Сіздің ойыңызша, тәрбиелеуде жазалаудың қандай түрі тәрбиеге жақсы ықпалын тигізеді?
а) денелік жазалау; (1ұпай) в) ойын-сауықтан айыру; ( 4ұпай)
б) сөзбен қорқыту; (2ұпай) г) өзіңіз реніш білдіру.(3ұпай)
Қорытынды
4-8 ұпай. Сізге өзіңіздің педагогикалық мәдениеті деңгейіңізге мұқият назар аударыңызға қажет, себебі қазіргі уақытты ол сізде төменгі деңгейде тұр. Алдыңызда тәрбие үрдісіне деген көзқарасты өзгерту бойынша маңызды мәселелер бар, сонымен қатар қажетті білім және дағдылармен қарулануыңыз қажет.
8-15 ұпай. Сіздің педагогикалық мәдениетіңіздің деңгейін орташа деп айтуға болады; сіз үшін ең бастысы – жеткен жетістіктерге тоқталып қалмай, өзіңізді жетілдіру жолында алдығы қарай жылжу.
16-25 ұпай. Сіз педагогикалық мәдениетің жоғары деңгейіне иесіз; оны балаңыздың есеюіне қарай жоғалтып алмауға тырысыңыз.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің жоғарғы деңгейі
Ата-ананың тәрбие тәсілі:
- дербестігін , жас ерекшеліктерін ескереді
- ынталандырады, жауапкершілікте болады
- ашық қарым-қатынасқа дайын
- тәртіп ережелерін талқыға салады
- өздерінің талаптарын өзгертуге жол береді
- көмектеседі, сұраныстарына көңіл бөледі
- балалардың ескертулерін ескеріп, тез түзелуге тырысады.
Жеке тұлғаның нәтижесі:
- өзін бағалайды, еріктік қасиеттері ерте пайда болады
- өмірге бейімделген, сенімді, жауапкершіл
- мәселені талқылауға қосылады, шешім қабылдауға ұсыныстар білдіреді
- ата-аналарының пікірі мен кеңестерін тыңдайды , талқылайды
- әрекеттерді ойлап істейді және басқадан да талап етеді
- дұрыс әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастырады.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің орташа деңгейі
Ата-ананың тәрбие тәсілі:
- бақылау деңгейі орташа
- бірақ қарым-қатынастары жылы
- басқарушылық рөлі мағынасы орташа
- баланың тұлғасын жоғары бағалайды
- кішігірім қателіктерін кешіреді
- онымен сөйлеседі, сенеді, шектеулер мен тыйымдар қоймайды.
Жеке тұлғаның нәтижесі:
- қоғамда өзін ұстай алу және жауапкершілі орташа
- есейе келе, әлсіздерге әлімжеттік көрсету
- еріншек пен немқұрайлық басым болады
- өздеріне деген сенімділігі төмен болады.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің төменгі деңгейі
Ата-ананың тәрбие тәсілі:
- ешқандай шектеулер қоймайды
- өзінің жеке бас мәселелерімен айналысып жүреді
- қарым-қатынасқа жабық болады
- баланың ішкі жан дүниесі қатты толғандырмайды
- баланың талаптары мен сұраныстарына немқұрайлы қарайды
- баларға көңіл аудармайды
- жазалау мен ынталандыру әдеттерін ретсіз пайдаланады
Жеке тұлғаның нәтижесі:
- бала бойында жағыну, жалпақтау сияқты қасиеттері пайда болады
- өз ойы болмайды
- шынайы көңілмен жаны ашып, аяушылық білдірмейді
- проблемалық мінез-құлыққа жақын болады.
Жақсы ата-ана болудың негізгі принциптары:
1) Баланың өсуі мен дамуы үшін лайықты атмосфералық жағдай жасау. Жақсылық, махаббат, бақыт, т.б.;
2) Ата-ана баласын қалай бар солай қабылдау керек, түсіну және дамыту керек;
3) Ата-ана баланың жас ерекшелігін ескере отырып тәрбиелеу, ар-намысын бағалауға өзіндік «мен» құндылығына тәрбиелеу;
4) Отбасылық тәрбиеде негізгі құндылық баланы жеке тұлға болып қалыптасуына жетелеу;
5) Тәрбиелік әдіс ата-ана да нақты келесім және бір- біріне қарсы шықпау;
6) Ата-ана жеке тұлға ретінде балаға үлгі көрсету;
7) Тәрбие бала бойындағы жақсы қасиеттерден тұрады;
8) Отбасындағы барлық мақсат міндеттер және қағидалар ойын түрінде болу керек;
9) Эмоционалдық қарым-қатынас отбасында оптимизм болуы тиіс.
“Ұяда не көрсе, ұшқанда соңы ілесін!”
Баланы үнемі сынай берсе?- ол жек көруді үйренеді.
Баланы мұқата берсе?- ол тұйық болуды үйренеді.
Баланы мақтаса?-ол игілікті болып үйренеді.
Баланы қолдаса?-ол өзін бағалауды үйренеді.
Баланы жазғыра берсе?-ол кінәлі болып өмір сүруге үйренеді .
Бала шыдамдылықта өссе?-басқаларды түсінуге тырысып үйренеді.
Бала адалдықта өссе?-әділетті болуға үйренеді.
Бала қауіпсіздікте өссе?-адамдарға сенуді үйренеді.
Бала қастастықта өссе?- басқыншыл болып үйренеді.
Бала түсіністік пен жылы шырайлы ахуалда өссе?-ол осы өмірде махаббатты табуға үйренеді.
Тәрбиелеу – бұл тек балаға жақсы сөздер айту, оған жол салу ғана емес, ең алдымен бала үшін ең жақсы үлгі болу. Ата – аналық парызын жасырын атқарып, балалардың есінде өз бейнеңді қалдырғың келсе, сен әң бірінші кезекте өз басыңды тәрбиелеу керексің.