Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1125

Жаңартылған бағдарлама – білім берудегі жаңа мазмұн

Еліміздің білім беру жүйесі заман талабына сай жаңаруда. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде. Педагогикалық инновация, жаңа педогогикалық технологияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес типтері, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тірек-сигналдар технологиясы, проблеманы оқыту,интерактивті оқыту, интеграция, модульдік оқыту тағы басқа қайсысын алсақ та жас жеткіншекті, жеке тұлғаны біліммен, біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдарына айналды. Бүгінгі күні ең алдымен, оқушыға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп,әр оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытып,оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды құруымыз қажет. Осыған байланысты қазіргі мұғалімдер алдында тұрған міндет оқушыға белгілі бір білім жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып,олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады. Сондықтан оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, әр сабақты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.  Осы айтылған талаптарды орындау үшін Қазақстан білім және ғылым министрлігі тарапынан Кембридждік оқу бағдарламасын білім беру саласына енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен  астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. 

Сындарлы теорияның  тиімділігін  жақтаушылардың басым  бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап,   дайын білімді беруге   негізделген  оқыту  тәсілдерінің   білімді меңгеруі былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік  қалыптастырып,  бастапқы білімді жаңа біліммен  өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра  бермейтінін тілге тиек етеді. Дайын білім беруге  негізделген «дәстүрлі» стиль  арқылы алынған білім  оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды,  сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан  алынған механикалық түрде есте  сақталған мәліметтерді  емтихан кезінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән – мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты  оқыту немесе емтихан  аяқталған соң   керексіз болып  қалады және  оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген   жағдайда тиімді  пайдалана білуін қамтамасыз ету. Кезінде ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Оқу – бұл ештеңені мандытпайды, нені оқу керек және оқығанда көңілге қалай тоқу керек – ең үлкен, ең үлкен шаруа, міне осында»,- деген еді.Олай болса, сындарлы оқыту теориясынан күтілетін нәтиже – оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушыны қалыптастыру.

Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасының құрылымы сабақ барысында  «Мәңгілік ел» құндылықтарын кірістіре отырып, спиральді оқыту яғни, қарапайым, аз білімді әрі қарай күрделендіріп оқытуға негізделеді. Бағдарлама мазмұны бойынша критериалды бағалауды яғни, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қолданысқа енгіздік. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылса, жиынтық бағалау белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгерту деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама арқылы оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін, оқуға деген мотивациясын,потенциалын көтеруге, олардың әлеуметтік салада да, қоғамда да тұлғалық, көшбасшылық қабілеттерін арттыруға болады.

Жаңартылған бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттырып, оны практикамен ұштастырып жүрген ұстаздар  теориялық білімдерін жоғарыда аталған сындарлы оқыту теориясымен және жаңартылған бағдарлама бойынша іске асырса, сабақ барысында «Күтілетін оқу нәтижелеріне» еш қиындықсыз қол жеткізері анық.

Ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз.Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген сөзі әр мұғалімге серпіліс беріп, ынталандыра түседі.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде, замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымының қолында. 

Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта өмір сүретін, еңбек ететін, ел тұтқасын ұстайтын – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларды мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақстанның деңгейі сол дәрежеде болады» дегеніндей, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаздар қауымы өз мәртебесіне лайықты болуы керек. Сонда ғана біз әлемнің өзгерісіне ілесе отырып, өзімізді толықтай өзгерте аламыз. 

 

 

                                                                                              

217 0
Нуртолкын Бекмурзаева,Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№14 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеушіМаңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Ұлы дала ұстазы № 001550
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: