Ел тағдырының мәні азаттыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп «Қазақ жері» деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен еңбектер атқарылды. 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаухатта «Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік Ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылды» делінген. Себебі, Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік Ел» идеясының тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады.Олардың әрекеттерінің негізінде де осы мәнгілік ел болуға ұмтылған,мәнгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты.Осы құштарлық әдебиет сабағында жеке тұлғаның ,адамның рухани әлемін,оның адамгершілігін,ойлауын,көңіл-күй сезімін,тілін,щығармашылық әрекет бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды,өнер туындысындағы,табиғаттағы,адамдар қарым-қатынастағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге,дұрыс бағалауға,әсерленуге ,терең пайымдауға үйретеді,сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті,ынта-ықыласты оята отырып,оөырман мәдениетін қалыптастырады.Шығармашылық әлеует мәдениетке,ғылымға апарар тетік болып отыр . «ең алдымен,білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс.Біздің міндетіміз –білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.Оқыту бағдармаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген.Оқыту бағдармаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген 2017жылы Елбасы Жолдауы білім беру саласына сабақ моделін қоса өзгертуді міндеттеп отыр. Әр пәннің құндылығын бір-бірімен астастыру арқылы өміршең,проблемалы негізде оқыту ғылыми негізге апарады.Мәселен,барлық пәнге ортақ,алып тақырыптар болады,Оған «суды» жатқызып көрейік.Ы.Алтынсариннің «өзен» өлеңін өткенде,туған жердің өзен-көлің және оның мәселесінде сөз етеміз,өлең арнап,шығарма жазамыз.Өзеннің атауы ,орны,пайдалануын тарих сабағында жалғастырады.Физика-Химия пәндерінен судың қасиеттерін өткенде,өзіміз тұтынып отырған ауыз судың құрамы,суды тұтынудың мөлшерін тәжірибемен байланыстырады.Ал сол ауыз судың қайдан тартылып жатқанын және оны ысырап етпеуді география пәні үйретеді.Соған сәйкес туындаған проблемалық сауалдарға жол табу үшін,оқушының сыни ой дағдысы қалыптасып,туған жерге деген қамқорлық,қайырымдылық сипаты байқалады. Сөйте келе ғылыми бағыт ұштасады.
- Сөз мәдениеті арқылы коммуникативті талаптарды қалыптастыру;
- Шығарманы дұрыс талдау арқылы пәнаралық байланыс орнату;
- Проблеманы шешу жолдары арқылы ғылыми негізге баулу;
- Дәйек-дәлелдемелер келтіру арқылы пәнаралық байланыс орнату.
Ойы , дүниетанымы сенімді жаста профессионалдық көзқарас пайда болады және өз бейінін айқындауда тыңдауы нақты болады. Бұл дағдылар оқушы санасына бірден қалыптасып кетпейді, озық елдердің жаңа форматтағы стандарттары мен тәжірибелерінен алынған әдіс-тәсілдер арқылы бірте-бірте тиімді ұштастырылудың нәтижесінде келеді. Атап айтсақ, «Блум таксономиясы», «алты телпек» әдістері ; диалог немесе пікірталас түрлері; картамен жұмыс; аудио және видеоматериалдар; суретпен жұмыс; т.б.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда әдебиет пәнін оқытудың мазмұнын жаңарту – заман талабы. Оның ішінде ақын-жыраулар шығармашылығын оқыту-осы идеяны жүзеге асырудағы басты тақырып болып саналады. Әдебиеттің төрінен төмен сатылағанда , ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы, қазақ жазба әдебиетінің өкілдері ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерекшеленді. Еліміздің әр түрпіріндегі әдеби және мәдени ошақтар, ескерткіштер қазақ хандығы тарихынан сыр түзеді. Осылардың баршасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен салтанат құрған Астанадағы асқақ рухымызбен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасына сыйып тұрғандай. Алаштың ардақты ұлы Әлихан Бөкейхановтың «ұлтыны, жұртыны қызмет ету біліммен емес, мінезден» деген дана сөзі жас ұрпақты тәрбиелей оқытудың маңызын еске түсіреді. Әр сабақтың тәрбиелік сыны оқушыны тәрбиеленушінің өз көзқарасы мен ұстанымын ескеріле түйінделуі тиіс.
Ұлы түркі ойшылдарының бар мұрасы «Мәңгілі Ел» құндылығын насихат етеді. Қайсысын алып қарасақ та, азаматтық- теңдік аңсаудағы кемел мемлекеттің болмысын, қажеттігін өлшеп кеткендей. Білім, ақиқат, ізгілік ел басқару, қайырымдылық, пайым мүсіндерін қалап кеткен текше шығармалары бүгінгі қоғамның ырыздығы екенін жас сана дұрыс түсініп, ізбасар, қолдаушы, орындаушы болуы керек. «Мәңгілі Елдің» құндылығын танытатын қолданбалы білімнің маңызы әріден қозғамаса да түсінікті. Соған орай, пәндермен кіріктіру арқылы қоғамдық өзектілікті түсінуге тәрбие бағыттары қоса атқарылады.
«Мәңгілі Ел» ұлттық идеясының негізгі мәні мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Сондықтан, ғылыми білім беруде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде ойға ой қосу арқылы өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұраттарымызға жетеміз. Қазақстан тағдыры ұшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік Ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етейік және жастарыд дара жолға тәрбиелей білейік!