Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1114

«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу ерекшеліктері мен маңыздылығы

«Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде,  адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз  процесі болып табылады. 

Назарбаева Сара Алпысқызы

 

Өзін-өзі тану пәні оқыту мектеп бағдарламасына енгізілгеніне   мен іштей қатты ризамын  және оның сағатын ұлғайтуға ұсыныс тастар едім. Өзім өзін-өзі тану пәні мұғалімі болғандықтан емес, бұл пәннің қазіргі қоғамда оқытылуы маңызы жоғары болғандықтан  айтып отырмын.

 Бүгінгі күнде өзін-өзі тану бала үшін  баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. 

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. Сонымен қатар  пәннің бала үшін рухани байлығын дамытуға үлесі мол.

Н.Ә.Назарбаев «...жаңа жағдайларға байланыс­ты бәрі­мізді алаңдататын мәселе – бі­лімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғам­дық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адам­гершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», деп атап көрсетті. Со­ған байланысты өзін өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрі­нісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғанын байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, елімізге бала жанын жүдетпеудің маңызы зор.

Бүгінгі қоғамда жеке тұлғаның рухани дағдарысы бар екеніне қоғамның өзі дәлелдеп отыр. Яғни оны: зияткерлік, тәндік, эмоционалдық дағдарыстар деп бөлінуінің өзіндік себептері бар. Соңғы жылдары қоғамдағы өзгерістер адамның ішкі және сыртқы  әлеміне де кері әсері кішкене болса да тигізіп өткені белгілі. Оның салдары жас жеткіншек балаларға да келіп отыр.Оларға ең басты себеп интернет желісіндегі дұрыс, бұрысы анықталмаған ақпараттар, әртүрлі маңызы жоқ ойындар баланың зияткерлік қабілетіне кері әсерін тигізіп, бала шешім шығаруға келгенде жаңылысуы негізінен өмір сүру мен этикалық бағдары жоғалуына әкеп отыр. Ал ол бала үшін де қоғам үшінде үлкен мәселе.  Соның салдарынан эмоционалдық және тәндік дағдарыс пайда болып отыр. Баланың бойынан өмір сүруге қызғушылығы төмендеп, көңіл күйі түсуі, балалардың тұйықталуы психологиялық әсері мен физикалық дамуға кері әсерін тигізіп отыр. Оның шешіміне баланың бойына рухани байлықтар мен құндылықтарды сіңіру маңызды және міндетті деп қараймын .

«Өзіңді өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шешуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым-қатынас жасауға, денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренді. Өзін өзі тану пәні мәні жағынан, оқушылардың қабылдау, түй­сіну, білім және біліктілік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды ер­кін қолдана алуға үйретумен ерекшеленеді. 

Өзін өзі тану нағыз адам бо­лудың сыры мен қырын үй­ре­тетін пән. «Өзін-өзі тану» пәні - жүрекке арналған пән, ол заманауи білімді ішкі рухани – адамгершілік мазмұны жағынан толықтыруға арналған. Осы пән арқылы еліміздің нағыз ұлтшыл, патриот, жанашыр кемел мінезді тұлға тәрбилеуге, дамытуға және қалыптастыруға болады деп кәміл сенемін.

Өзін өзі тану пәні - жалпы­адамзаттық құндылықтарға бас­тар жол.  

115 0
Гульзипа Қазбаева,С.Рахымов атындағы №4 жалпы ота мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 001537
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: