Бүгінгі күнгі еліміздегі білім беру саласында үлкен өзгерістер енгізіліп, бәсекеге қабілетті білім беру жан-жақты қолға алынуда. Бәсекеге қабілетті тұлға – бойында сапалы білім, саналы тәрбие тұнған, ойлы, алынған білімді өмірде қолдана білетін, өзінің болашағын мектеп табалдырығынан ойлап, өмірдегі өз орнын нақты таба білетін жан-жақты жетілген, құзыретті тұлға. Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық-педогогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог-ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, философиялық материализмнен руханилық, гуманистік ұстанымдарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Отандық педагогика адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатына сүйене отырып, негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға бағытталғаны аса қажет. Сондықтан білім берудің
жаңа ізгіліктік бағыттары, мазмұны мен міндеттері, әдіс- тәсілдері іздестіріліп, оқушының дүниені тұтастыққа қабылдауы арқылы өзіндік дамыту жолдарын зерделеу басты мәселелердің бірі.
Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының демократиялығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – он екі жылдық оқытудың методологиялық негізі ретінде қызмет ете алады. Оқытудың оқушыға бағытталған мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық тұғырнамасын, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасауға болатыны сөзсіз. Онсыз мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдамалық тұтастықты қамтамасыз ету мүмкін емес.
Мектеп мұғалімінің кәсіби қызметі соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Осыған байланысты біз өз тәжірибемізде беретін география пәні – өте қызықты, ерекше жан-жақты пән. Бұл пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Осыған байланысты бүгінгі таңда барлық әлемде педагогикалық қоғамның назары неге оқу процесін ұйымдастырудың жаңа түрі ретінде электрондық оқытуға ауғаны түсінікті болады. Электрондық оқулық деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Осыған орай,құзырлы адам жөнінде Әл-Фараби бабамыздың сөздері еске оралады. Ол былай деген: «беделді адам дегеніміз, егер адам бір мәселе хақында пікір айтса, оның пікірі даусыз қабылданады және тексеруді қажет етпейді. Тіпті ешқандай фактімен негізделмесе де оның айтқаны қабылданады. Адам бұл қасиетке ұлғая келе ие болады, өйткені ол «жанның» бұл бөлшегі ұзақ тәжірибені керек етеді».
Әл-Фарабидің «беделді адам» жөнінде айтылған ойлары «құзырлылық» ұғымына қатысты ойлар мен энциклопедиялық сөздіктерде берілген түсініктемелердің астарын, дәл мағынасында ашады деп түсінеміз.
Сонымен қатар Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен келісілген, оның ішінде:
- мектептердің жаңартылған білім беру үлгісіне көшуі;
- шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру тенденциялары;
- еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы;
- білім берудің келесі деңгейлерімен сабақтастығын жүзеге асыру қажеттілігі.
Ендеше жаңартылған білім беруге көшу - бүгінгі заман талабы. Осы жаңартылған білім беру мазмұнымен оқытатын жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттары:
- проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент);
- ақпараттық құзыреттілік;
- коммуникативтік құзыреттілік.
Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент):
- әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
- өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға (яғни, барабар міндеттерге технологиялар әзірлеу);
- өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға;
- өзі үшін барабар жағдайлар, іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдауға;
- барабар қойылған міндеттерге технологиялар таңдауға, технологияларды нақты қадағалауға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық құзыреттілік:
- сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға;
- өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауды оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеме, ұқсастығы бойынша дәлелдеме, моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
- қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзыреттілік:
- нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
- стиль мен жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін таңдауға және қолдануға;
- әдеп нормасына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Ал, бүгінгі казіргі білім беру стандарттарын екі бағыт бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда іске асыруда.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Қазіргі білім беру жүйесінің көптеген мәселелері бүгінде ақпараттық және коммуникативті технологиялармен ығыз байланысты болып отыр. Алайда, бұл мектепті заманауи АКТ құралдарымен жабдықтау бірден педагог шеберлігінің артуына және білім сапасының артуына алып келеді дегенді білдірмейді.
Заманауи ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға беімдеуге оқушыбойында жоғарыда айтылған құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттілігі туындаған. Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
Біз өз сабағымызда осы құзыреттіліктерді баланың бойында қалыптастыруға өзіндік үлесімізді қосып келеміз. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Ақпаратты құзыреттілікті заманау ақпараттық құрылғылар мен құралдар арқылы дидактикалық цикл процесін біріңғай компьютердің көмегімен ұйымдастыру оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдейді. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. География пәнінен электронды оқулықты пайдалану өте тиімді. Әсіресе жоғарғы сыныптарда оқушыларды ҰБТ дайындау кезінде мұғалімге таптырмас құрал. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуіне айтарлықтай септігін тигізеді.
Мұғалім үшін – өз шәкірті қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сай келетін оқулықты пайдаланғандығы, берілген ақпаратты талдай алу мүмкіндігінің жоғарылағанды қуаныштыжағдай.Себебі әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірбиесін өзіне қажетті ақпарат ала отырып жаңа материалдарды толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.
Қазіргі таңда әлемдегі дамыған елдің қатарына қосылу үшін біздің жастарымыз әр жақты білімдіжәне құзырлы болуы керек. Себебі қазіргі кезде ақпараттық, ғылыми технологиялардың даму кезеңі. Ал осы құзыреттіліктерді бала бойына дарыту маңызы осыған байланысты артуда.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шәкілікова С.Е., Кәрібаев Ш.Ш., Білім берудегі компоненттік тәсіл//Қазақстан мектебі, №4, 2004.
2. Аманжолов С. Құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздері // Өскемен: 2007. – Б.135-140.
3. Базарғалиева Б. Құзыреттілік. //»Қазақстан мектебі», №4, 2009.
4. Қазақбаева Д., Ш.Кәрібаева. «Компенеттік тәсіл білім сапасын қамтамасыз етудің басты шарты». Физика және астрономия, №2-3 2004 ж.
5.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Астана, 2011.