Кез келген мемлекеттің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ екені белгілі қағида. Дамыған 50 – елдің қатарына енуге мүмкіндік беретін құдіретті күш – білім. Оқушыға білім беру – күрделі мәселе. Оқушыға саналы білім сапалы тәрбие беру үшін түрлі факторларды ескеру керек. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең біліммен іскерліктің болуын, олардың шығармашылық пен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Білім беру саласының алдына қойылған мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан – ақ математикалық білімді ғылымның жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.
Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтанда математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күретамыры ретінде қарастырылады.
Оқушылардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасымен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Өйткені оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетімен білімді пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылыққа білетін дамыту үшін сабақта әртүрлі, жан – жақты болуы керек. Оқушының математикалық ойлауы дамуы үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс.
Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ойқорытулар жасауға, дәлелдеуге тағыбасқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі. Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегінің бәрі бір – бірімен тығыз байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.
Математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байлыныстылығында дау жоқ. Ал тарихпенше? Тарих толығымен даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті немесе оқиғалардың логикалық тізбегін қадағалай білу қажет. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажеттідеректерді алуға болады.
Әдебиетпен байланысы көз алдымызда логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіреді. Егер ол шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған жылын, дүниеден өткен жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғаларды логикалық түрде ұштастыра алады.Мұндай логикалық ойлауды логикалық және математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек.
Логика дегеніміз — спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.[№2, 2005 ж, Алгорифм журналы]
Ой – әрекетті дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше қорытындыға келуге айрықша мән беріледі. Өз бетімен, кітап пен жұмыс жасау оқу материалдарының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын арттыруға мүмкіндік береді.
Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін жақсартады. Логикалық есептерді шығаруда шығармашылықпен жұмыс істеу әрбір оқушыға тиімді дер едім. Еңбастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өзісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасады.
Матемтиканы оқып – үйрену, есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білуге, өз қабілетіңді жетілдіру үшін де қажет. Сондықтан, «Мен ақша санаймын, өзкірісім мен шығысымды есептей аламын, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге болмайды. Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жайғана тіршілік болады. Біз тек солүшін жаратылған жоқпыз, бізге ақыл – ой сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді мәнді қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғаттағы барлық білімді пайдалана білуіміз керек.[№3, 2003ж, Математика және физика]
Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге, аңғарымпаздыққа, ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің орны ерекше дер едім.
Логикалық есептерді шешу.
Адамның ерекше қасиеттерінің бірі — есепті дұрыс шеше білу. Менің мақсатым — әртүрлі қиындықтағы есептердлі дұрыс шығара білуге үйрету. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мен ерекшеленеді. Сондықтан әрбір мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті – қазіргі заманғы математикалық логиканың негізін түсіне білу, логикалық есептерді шеше білу. Математикалық логиканы білмейінше, оны ойдағыдай меңгеру қиын. Өйткені бүгінгі күні ғылым мен техниканың қарыштап дамуы ол адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып табылуда.
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер дейміз. [№1, 2007 ж, математика және физика]
Әрбір есепті шығару үшін мынаны есте сақтау керек.
— Әрбір есепті шығарған кезде уақытпен санаспай оған барлық мүмкіндік пен күшін салу.
— Есептерді шығарған кезде оның шығару жолдарына жете зер салып, оларды шешудің тәсілдері мен әдістері ерекшеліктеріне, есептерді талдаудың жолдарына, дәлелдеуге тырысу.
— Есепті шығару үшін өз біліміңе, барлық күш – жігеріңе сену керек
— Шығара алмаған есепті шыдамдылық пен қажырлық көрсетіп, есепті қайта-қайта шығарудан тайынбау.
Қызықты есептерді ,логикалық есептерді шығару –
Логикалық есептердің саны да, шығару да тәсілдері де алуан түрлі. Математика ғылымында логикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді, соларға жеке – жеке тоқталайын.
Викторина-әр түрлі білім салаларынан қойылған сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беру ойыны.Түрлері: әдеби,музыкалық ,математикалық викторина т.б.
1-есеп. Тәуліктің алдағы қалған уақыты өткен уақыттан екі есе көп болса,қазір сағат қанша болды?
Шешуі: 2х+х=24
Жауабы: 8сағ
2-есеп. Оқушылардың арасынан сайланған мектеп директоры өз кабинетіне бірнеше оқушыны жиналысқа шақырды. Кабинетке кірген әрбір оқушы іштегі адамдардың бәрімен қол алысып амандасты.Егер барлық қол алысулар саны 78 болса, жиналысқа қанша оқушы қатысқан?
Шешуі. Жиналысқа қатысушылар саны n болсын.n(n-1)=78*2, осыдан =-12 есептің шартын қанағаттандырмайды: =13 қатысушы
3-есеп Әрбір алманы 3-тен артыққа бөлмей, 5 алманы 6 қызға қалай тең бөлуге болады?
Жауабы: 3-еуін 2-ге, 2-еуін 3-ке бөлу керек.
4-есеп. Жарысқа қатысқан оқушылар фотосуреттермен алмасты.Егер олар барлығы 870 фотосуретпен алмасқан болса,онда жарысқа қанша адам қатысты?
Шешуі: n(n-1)=870 осыдан =-29 есептін шартың қанағаттандырмайды: =30 оқушы
Жұмбақ есеп
Логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін есептерді жұмбақ түрінде құрастыруға болады.
1+3+5+7+9+11+13+15+17+19 қосындысы қандай санның квадратын береді?
Шешуі. Қосындыда тізбектей орналасқан тақ натурал сандардың алғашқы он мүшесінің қосындысы бар. Бұл бірінші мүшесі 1-ге,ал 10-шы мүшесі 19-ға тең арифметикалық прогрессия,ендеше,берілген сандардың қосындысы *10= — на тең.
Қорытындылай келгенде мен өз қызмет тәжірибемде осындай логикалық есептерді шығаруды қолдана отырып оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыруға,қабілеттіліктерін ашуға тырысамын.