Мақсаты:
а) Тәрбиеленушілерге спорттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
ә) Күш - қуат пен секіргіштікті дамыту.
б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Бүгін тәрбиеленушілер арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай командаларға сәт сапар тілейміз!
Алдымен төреші, командалар және сайыс шарттарымен таныстырып өтейік.
Әділ қазылар:
_Хафизова Б______________________
___Габдрахова Ж____________________
Төреші: __Хамитов Б________________
Командалар: ____Жалын__________________
_____Бүркіт_________________
______________________
_______________________
Ойын шарттары
1. Жүгіру
2. Отырып жүру.
3 . Допты екі аяқ ортасымен алып жүру ойыны
4. « Өрмекші» сайысы
5. Кедергілер арасынан жүру ойыны.
І. Жүгіру
Ойынның шарты.
Ойыншы эстафеталық таяқшаны қолға ұстап, тұрған кеглиді айнала жүгіріп өтіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді де, өзі саптың соңында тұрады. Эстафетаны бірінші болып бітірген команда жеңіске жетеді.
ІI. «Отырып жүру» ойыны.
Ойынның шарты.
Екі топтан екі тәрбиеленуші шығып ,отырып жүріп барып ,қайтқанда жүгіріп келеді
III. Допты екі қолын жоғары көтеріп артындағы тәрбиеленушіге беру
Ойынның шарты.
Әр командадағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау . Допты қай команда көп түсіреді сол команда жеңіске жетеді.
IV. «Допты екі аяқ ортасымен алып жүру» ойыны.
Ойынның шарты.
Ойыншы волейбол добын екі аяқтың арасына қысып алып белгілі орынға дейін секіріп, қайтарда жүгіріп қайтады. Жүгіріп келген ойыншы саптың соңында тұрады. Жаттығуды бірінші бітірген команда жеңіске жетеді.
V. « Өрмекші» сайысы
Ойынның шарты.
Ойыншылар қолымен аяғымен жантая жатып белгіленген сызыққа дейін өрмекші жүрісімен жүріп өтеді де келесі ойыншыға эстафетаны береді. Тапсырманы бірінші орындаған команда жеңіске жетеді.
VІ. «Кедергілер арасымен жүру» ойыны.
Ойынның шарты.
Ойыншылар кедергіге соқтығыспай кедергілер арасынан тездетіп өтеді.Кім тапсырманы мүлтіксіз орындайды сол ойыншы жеңімпаз болады
Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау. Осымен сайысымыз аяқталды.