Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты –жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім -дағдыларға үйрету. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана - сезімін, ой -өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік
қарым - қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс - әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады.Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде, ойын, еңбек үрдістерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады.Ал ойын - дегеніміз не? Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке,сауаттылыққа баулитын құралдарының Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі ойын Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко - ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады деген екен. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады.
Балалар үшін айналаны танып,білу Ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігі мен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап – ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында құралы, күш қуаты тілді біртін деп 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі ерте балалық шақ бала өмірінің ерекше кезеңі. Бұл уақытта бала ағзасы тез қарқынмен өсіп, үлкендердің балаға әсер етуі неғұрлым тікелей және ұзақ мерзімде болады. Бір жастағы бала сенсорлық, сөйлеу, манипуляциялық қимыл дағдыларын меңгеруден сензитивті кезеңге өтеді. Сөйлеу белсенділігі қалыптасады. Бала жеке сөздерді анық айта бастайды.Үлкендердің көңілін аудару үшін кейбір жеке сөздерді айта алады.Тапсырмаларды орындайды, өзінің әрекетін сөздер мен тіркестер арқылы толықтырады. Бөлмедегі заттар, жануарлар, өсімдіктер мен адамдардың белгілерін білдіретін сөздерді түсінеді. Ана тілінде қарым-қатынаста шамамен
200-300 сөз қолданады. Сөзді қимылмен, ыммен, көздің қиығымен түсіндіреді. Екі-үш ауыз сөзбен көргендерін айтып береді. Балаларға арналған өлеңдерді дауыс екпінін келтіріп жатқа айтады. Суретті кітаптарға қызығушылықпен қарайды. Осы жас аралығындағы баланың тіл дамуының критерийлері:үлкендер дің талаптарын түсінеді, тыңдау, басқа балалардың қызығушылығымен есепте су іскерлігі пайда болады. Эстетикалық қабылдауын, әдемі, ашық заттар мен киімдерін байқайды. Үлкендердің сөздерін, жеке фразаларын, ұйқасын, сөйлеу қарқыны мен дауыс күшін өзгертіп қайталайды. Ертегі кейіпкерлерінің рөлін орындап, заттардың қасиеттерін атай Ерте жаста бала ойын іс-әрекетіне деген ықыласын таныта бастайды. Осыған орай, пәндік-дамытушы ойын ортасын жасау керек. Ойын барысында мәселелі жағдайларды пайдалана отырып, балалардың ересектің көмегінсіз тығырық жағдайлардан шығу жолдарын таба білуге түрткі болу. Балаларды ойын
барысында бір-біріне бөгет жасамай ойнауға үйрету, ойындық байланысқа түсуге жетелеу. Ұлы педагог В. И. Сухомлинский өз сөзінде ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды деп түйін қорытқан. Демек, ойын арқылы баланың ақыл -ойы, сөздік қоры толыға түседі. Ойынның тілді дамытуда орны ерекше. Балабақшадағы тәрбиелеу – оқыту жұмысында ерте жастағы балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану әрі оны күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі ерте жастағы балалармен ойын ойнау тілін дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен ойын ойнай отырып оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсі және пішінін ажырата білуге өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі ерте жастағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі ойын іс әрекетін жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп,таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде
қалыптасады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануғабағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,
ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Қорытынды
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ерте жастағы балалармен ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда олардың тілдік құзыреттіліктері артады. Ендеше ерте жастағы балалардың тілінің дамуына қазір жағдай жасайық!.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» ҚР МЖМБС 1.2001-2009ж;
2 Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. - Астана, 2010ж;
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы
«Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы;