Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1103

Из автобиографии

Жұмәділ Мұхтар Аққошқарұлы 23 наурыз 1958 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Жәмші (Қызылтас-Бірлестік) ауылында дүниеге келген.

1975 жылы Нұра ауданы Киев кентіндегі орта мектепті бітіріп, Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы музыка училищесіне домбыра-прима мамандығы бойынша оқуға түседі. 1976-1978 жылдары Забайкалье әскери округінде Совет Армиясы қатарында борышын атқарады.

1979-1982 жылдары хор бөлімінде атақты хормейстер В.Ф.Пилипенконың хор класынд иллюстратор болып оқу бітіргенге дейін қызмет етеді.

1981 жылдары Республикалық конкурстарға қатысады,   соның ішінде хор коллективтері арасында өткен Алматыдағы конкурста 1-орын иеленген Тәттімбет музучилищесінің хор ұжымында Мұхтар Жұмәділде лауреат атағына ие болады.

Өнердегі ұстазы, осы училищенің директоры, облысқа еңбегі сіңген  ерекше де ардақты тұлға-Мұрат Қасымович Хайруллин. 

Мұхтар Жұмәділ- домбыра-прима класынан ең алғаш оқып бітірген, әрі орыс халық аспаптары оркестрінде концерттік шығарма орындаған бірден-бір қазақ баласы.

 1982-1991 жылдары Ағадыр ауданы, Ақшатау поселкесіндегі балалар музыка мектебінде директор болып қызмет атқарады. 1982 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясына домбыра-прима, домбыра-тенор кластарынан сырттай оқуға түсіп, 1988 жылы тәмәмдайды.

1982 жылдан – 1991 жылдар аралығында қызмет істей жүріп поселіктегі және аудан, облыс көлемінде өтіп жататын конкурстар мен фестивальдарға жастарды, өнерлі балаларды дайындай отырып, өмірге қанат қақтырады, үлкен еңбек сіңіреді.

1985 жылдары Қазақ концерттің көркемдік жетекшісі, елге есімі танымал В.В.Питерцев, Кахарман Байғабатов, Б. Нұрпейісов, атақты хореограф Заур Райбаев сияқты өнер майталмандары мен бірлесе отырып «Ағадыр әуендері» атты фольклорлық ансамблдің дүниеге келуіне, және ансамбльдің өркендеп өсуіне өнердегі әріптестері Қуанышбек Бектұрсынов, Хамит Көрікбаев, Назима Хасенова, қобызшы Роза апай, әнші-бишілермен тер төгіп, еңбегін сіңдірді.

1991-1999 жылдары Қарқаралы ауданы, Қарағайлы тау-кен байыту комбинатына қарасты «Кенші» Мәдениет Үйінің директоры, балалар оркестрінің және «Кент маржандары» фольклорлық оркестрінің музыкалық жетекшісі, «Салтанат» (Қарқаралыдағы) ән-би ансамблінде оркестр орындаушысы болды.

Осы жылдардағы «Кент маржандары» фольклорлық ансамблінің өсіп, шығармашылық биіктермен жетістіктерге жетуіне, өнердегі  үзеңгілес достары Қазақстан Респуликасының мәдениет өнеріне елеулі еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Владимир Веньяминович Питерцев, Қахарман Байғабатов, Роза, Заур Райбаев, Ақбергенова Бибізада, Серік Сейітқазин, Баян Әукешова, Сәрсен Әбішев, Болат Кенжебаев, Бағдат Омарбаев т.б. болды.

«Кент маржандары» фольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламаларын халық аса құрметпен тыңдап, қошаметке бөленді. Шығармашылық есептік концерттерін Теміртау, Қарағанды, Қарқаралы, ауылдар және Алматыдағы өнер сүйер қауым, шетел қонақтары орталық концерт залында тыңдап, олардың ризашылығын алды. Телевидениеде таспаларға жазылды. Алматыдағы «Наурыз-1987» тойының құрметті қонағы болып, стадиондар мен парктерде, үлкен сахналарда концерт берді. Әсіресе, стадионда өткен «Наурыз-1987» концертінде болашақ Ел Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы естен кетпейтін тарихи оқиға болып қалды.

1989 жылдары осы ансамбльдің бишілер тобы «Тамаша» ойын-сауық отауының шақыруымен телевидениеде таспаға жазылып,атақты өнер майталманы әнші Мадина Ералиеваның әніне би қойлымын көрсетіп, керемет әсер қалдырды.

1996-1999 жылдары комбинат жабылған соң, Қарқаралы ауданы мәдениет орталығына қарасты «Кенші» Мәдениет Үйінің директоры болып қызметін жалғастырды.

1999-2000 жылдары Нұра ауданы, Киевка кентіндегі Мәдениет Үйінің директоры, 2000-2006 жылдары аралығында қазақ, орыс мектептерінде музыка пәнінің мұғалімі, оркестр, хор жетекшісі болып аудан, облыс көлемінде өтіп жатқан мәдени-іс шараларды басқарып дайындаған ұжымдардың сахна биігінен көрінуіне еңбегін сіңірді.

2006 жылдан бүгінгі күнге дейін Бұқар жырау ауданы Доскей ауылының «Мирас» балалар өнер мектебінің директоры болып, зейнетке шықты және ұстаздық қызметін жалғастыруда. 

Қарағанды облысының шалғай Ағадыр, Қарқаралы, Нұра және Бұқар жырау аудандарында қызмет жасай жүріп, ауыл мәдениетімен дарынды өнерпаздарды дайындауда, жоғары оқу орындарына түсуіне, өнер жолындағы таңдауларына тікелей ықпал ете отырып, қамқор болған Ұстаз-Азамат, өнер жанашыры. «Ағадыр әуендері», «Ақша отау» (Ағадыр ауданы, Ақшатау кенті), Қарқаралы ауданы, Қарағайлы поселкесіндегі «Кент маржандары» фольклорлық ансамблі, «Салтанат» ән-би ансамблінің оркестр орындаушысы, Нұра және Бұқар жырау ауданындағы «халықтық» атағы бар ұлт аспаптар оркестрінің қалыптасып дамуына, жаңа қырынан көруіне қажырлы еңбегімен аянбай тер төккен                                                                                                                                                                                                                                                                 ұстаз, білікті кәсіби маман, тамаша тәлімгер биыл 2021 жылы зейнеткерлік жасқа келсе де, шығармашлық ізденісін жоғалтпай жалғастыруда. Тамаша өнер иесі Қарағанды қаласы Мәдениет Үйіне қарасты творчестволық клуб «Балауса» әуесқой композиторлар одағының мүшесі (2015ж). Бұл ұжым кейіннен халық композиторлар клубы деп аталды.

Мұхтар Жұмәділдің туған жерге, балаларға т.б. тақырыптарға жазған әндері мен музыкалық композициялары өнер сахнасында өнерпаздар конкурстар мен фестивальдерде орындап жүр. Өнер жолында ұлағатты Ұстаздары М.Қ.Хайруллин, В.Ф.Пилипенко, А.С.Зацепилов, Тәттімбет академиялық оркестрдің бас дирижері профессор Дүйсен Үкібай, Ерсайын Басығараев, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткерлері В.В.Питерцев, Байғабатов Қахарман, Заур Райбаев, Мерсалимов Қанат, Оспанов Қанат, Тәттімбет өнер колледжінің директоры, халқымыздың сүйіп тыңдар әншісі, ерекше өнер иесі марқұм Мейірхан Адамбеков, әріптестері Әбілтай Шоқанбаев (Тәттімбет академиялық оркестрінің дирижері, еңбек сіңген өнер майталманы), Сапар Боранбеков, Балғабек Смагулов, Мажитов Марат т.т. есімдерін мақтан тұтады, баулыған өнерпаздарына үлгі-өнеге ғып айтып отырады. 

2017 жылы Тәттімбет өнер колледжінің теория бөлімін сырттай оқып бітірген. 

«Мұхтар Жұмәділдің әндері» деген атпен 2014 жылы авторлық құқығы бар дәлелдеуші сертификат алған.

Ағадыр, Қарқаралы, Нұра және Бұқар Жырау аудандарының әкімдерінің, Қарағанды облыстық білім басқармасының, Астана регионалдық әскери басшылығының Құрмет Грамоталарымен, дипломдарымен марапатталған. Пайғамбар жасына келген Мұхтар Жұмәділдің алар творчестволық биіктері әлі де алда. Еліне адал қызмет еткен еңбегін марапаттауға толық тұратын Азамат, тәлімгер, Ұстаз десек, қателеспейміз. Осы берілген өмірдеректерін алға тарта отырып, еңбегін бағалату-біздің парызымыз. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет майталманы деген атаққа лайық деп қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

 

Ақын, жазушы Назипа Асқарова

Майда Жумашева

Аманжол Қоянбай

Өнердегі әріптестері: В.В.Питерцев

Д.Үкібай

Ә.Шоқанбаев

С.Боранбаев

Б.Смагулов

195 0
Жұмәділ Мұхтар Аққошқарұлы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Ұлы дала ұстазы № 001526
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: