Білім алу — батылдық,
оны толықтыру – даналық,
ал шебер қолдана білу – өнер!
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр. Заман талабына сай білім оқу орындарында білім мазмұнын,оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.
«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Сонымен,функционалдық сауаттылық адамның мамандығына,жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыру. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық салалар: белсенділік,шығармашылық тұрғыда ойлау,шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. яғни жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын өалыптасытру.
Осыған орай, өзім білім беретін мектепте де,әдістемелік бірлестік отырысында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін күнделікті сабақта,сабақтан тыс түрлі іс-шараларда,аталған бағытты қамтитын тапсырмалар жинағын дайындалып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Серіктестік принциптеріне негізделген қолайлы білім беру ортасын құрып,балаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ата-аналады да араластырып,белсенділіктерін арттыру бағытында іс-шаралар ұйымдастырылуда.Ағартушы,Ж.Аймауытовтың «Балаға ең қымбат,ең жылы жақын нәрсе-туған жері,туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық.» деген ойын басшылыққа алып, жергілікті табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен табиғатты қорғау мәселесі де қолға алынған. Оқушылардың білімге ынтасының болуы,олардың сабақтағы белсенділігінің артуына, білім сапасының жоғарлауына,білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына күнделікті сабақтың белсенді, мазмұнды өтуі маңызды.Сондықтан әр сабақта белсенді әдіс тәсілдерді қолданып, өзімізге кері байланыс жасап,күнделікті жұмысымыздың тиімді,тиімсіз,әлсіз жақтарын анықтап отыруды әдетке айналдырдық.Кейбір белсенді әдістерді атап өтсем:
- «БББ» кестесі - «не білемін?», «не білгім келеді?» деген сауалға оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын жауап берсе, «жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай?» деген сауалға жауапты сабақ соңында толтырады.
- «Борт журналы» стратегиясы- мұғалім 5-10 минут оқушыларға ақпарат береді. Білім алушылар осы уақыт аралығында «борт журналдарын» толтырады.Негізгі ойды,түйінді сөз,сурет,схема,т.б. арқылы журналдарына жазып алады.Кейін жұппен,топпен өз журналадрының мазмұнын талқылайды,бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.Түсінбеген жағдайда мұғалімнен кеңес алады.
- «Ойлан,жұптас,бөліс»- оқушы берілген тапсырма бойынша ойланып,дәптерге пікірін жазады, Кейін оқушы берген тапсырманы жұппен талдайды,сосын толық сыныпқа өз пікірін білдіреді.
- «Фрейер моделі» - әсіресе мәтінді таладғанда өте тиімді. Мәтін ішіндегі түйінді сөздерді алып,оларға анықтама береді, оның антонимдерін,синонимдерін,сөйлемде қалай орналасқанын анықтайды.
- «ҒІLA» әдісі-оқушылар топтарға бөлінеді.Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады.Кесте 4 бағаннан тұрады.
1.Мәтіннің ішінен түйінді сөздерді теріп жазу.
2.Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.
3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
4.Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.
«Кластерлер», «Еркін жазу», «Оңай және қиын сұрақтар кестесі» сияқты әдістерді сабақты жиі қолдану- сабақтың мақсатына қол жеткізіп,толық сыныпты жұмыс жасатуға көп көмегін тигізеді.
Сонымен функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім,білік,дағдылардың жиынтығынан құралады.Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады, сондықтан теория мен тәжірибенің байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша бәрілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың,заңдылықтар мен ережелердің бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей,бала оны қолдана алатындай тәжірибелік мәні,маңызы ескерілуі тиіс.Оқушылар оқу материалын жаттап алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады.Сондықтан бірге көтерген жүк жеңіл демекші,барлық пән мұғалімдері бір бағытта,бірлесе жұмыс жасасақ,бұл мәселе де оң шешімін табары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.К.Өстеміров,А.Айтбаев «Қазіргі білім беру технологиялары» -А., 2006ж
2. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері// NIS- PEARSON.
3.PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Оқу сауаттылығы.Мұғалімнің жұмыс дәптері.// NIS- PEARSON.