Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI110

ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНА САЯХАТ

    Сабақтың мақсаты:

   Білімділік: Хайуанаттар бағындағы жануарлармен таныстыру, олар туралы түсінік беру, қарапайым

жануарларды көрсетіп атай білуге үйрету.

   Дамытушылық: Баланың зейінін, көріп, естіп есте сақтау қабілеттерін да-мыту, артикуляциялық

моторикасын, дұрыс тыныс алу қабілеттерін дамыту, сөйлеу белсенділігін ширату. Фонематикалық

қабылдауын дамыту.

   Тəрбиелік: Жануарларға деген сүйіспеншілік сезімге жəне қамқорлықпен қарауға тəрбиелеу.

   Көрнекіліктер: Жануарлардың суреттері, муляждары, ертегі, айна, ыдыс-тағы су, жұмбақ.

   I. Ұйымдастыру кезеңі.

   1. Сəлемдесу.

   2. Баланың көңіл-күйін сұрау. Баланы айнаның алдына отырғызу.

   II. Артикуляциялық жаттығу.

   Диана, бізге бүгін қонақтарымыз келіпті. Біз қонақтарымызға тіл туралы ер-тегіні айтып берейік. Ерте,

ерте, ертеде, бір ауылдың шетінде көңілді тіл өмір сүріпті. Бұл үйде тіл тұрады екен. Бұл үйдің екі есігі

бар. Бірінші есік ерін, екінші есік тіс. Біз үндемей отырғанда, бұл есіктер жабық, тіл көрінбейді.

Тіл қараңғы үйде отырғаннан жалығып кетіп, серуенге шыққысы келеді. Алдымен ұшын ғана шығарып,

даладағы ауа райды біледі. Екеумізде тілімізді шығарайық. Көңілді тілмен бірге айнаға қарап

жаттығуларды жасайық. Ауа райы жақсы, күн шығып тұр екен. Далаға шығуға болады. Тіл далаға

шығып, арқасын күнге күйдірді. Қараңдар, қандай жалпақ тіл! Кенеттен қатты жел соқты. Тоңғаннан

кейін мүлдем үйіне тығылып, ұйықтап қалды.

    Ұйқысын қандырып тұрған соң тіл жаттығулар жасауға кірісті. Жоғары көтеріліп, төмен түсті

«Əткеншек» (тілдің ұшын жоғарғы, астыңғы тістердің ар-тына қарай көтеріліп түсіріледі). Жаттығып

болғаннан кейін тіл далаға тағы-да шыққысы келді. Сыртқа шығып, баспалдақта демалып отыр (жалпақ

тілді төменгі ерінге қою керек). Жалғыз өзі жалығып кетті. Бірге ойнайтын балалар іздейді. Оңға

қарады, солға қарады. «Сағат» ешкімді таппады. Тіл балаларды іздеп айнала жүгірді «Тəтті тосап»

(тілмен жоғарғы жəне төменгі ерін-дерді айнала жалау). Басқа балаларды кездестіргеніне қуанып

секірді. «Ат шауып келеді» (тіл ұшымен таңдайды қағады). Жарайсың, көңілді тілдің жаттығуларын

тамаша орындадың.

    III. Тыныс алу жаттығуы.

   «Қайық». Ыдыстағы суға қағаздан жасалған қайықты жіберіп, оған баланы ұзақ əрі толқынды үрлету

    керек.

    IV. Өткен сабақты пысықтау.

   «Үй жануарлары»

  -Қандай үй жануарларын білесіңдер?

  -Иə дұрыс: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

  -Оларды неге үй жануарлары деп атайды?

  -Себебі олар үйде адамның көмегімен өсіріледі.

  -Үй жануарлары адамға қандай пайдасы бар?

  -Олардың етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінен жылы киімдер жасаймыз.

  -Үй жануарлардың төлдерін ата:

  Қой – қозы

  Ешкі – лақ

 Сиыр – бұзау

 Түйе – бота

 Жылқы – құлын

  V. Жаңа сабақ.

- Диана, бүгін екеуміз саяхат жасаймыз.

1. Хайуанаттар бағы

2. Дыбыстар елі

3. Жұмбақтар елі

4. Ертегілер елі

5. Ойындар елі

1. Хайуанаттар бағы.

Тақтадан жабайы жануарлардың суреттері көрсетіледі. Бала «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді.

«Жабайы аңдардың тіршілігі» туралы əңгімелесу.

Жабайы аңдардың аю, түлкі, қоян, қасқыр, тиін, т. б суреттерін көрсете отырып. Олардың тіршілігі,

мекендейтін орны туралы əңгімелесу.

-Қандай жабайы аңдарды білесің?

-Неліктен жабайы аңдар дейміз?

-Олар қайда өмір сүреді?

-Себебі олар, елсіз далада өз бетімен өмір сүреді. Өз азығын өзі тауып жейді. Олар күннің суығында да,

жылысында да далада жүріп өмір сүреді.

Жабайы жануарлар қалай дыбыстайды, қане естіп тауып көрейік?

Бұл ненің даусы?

Аю – ақырады

Қасқыр – ұлиды

Арыстан – ырылдайды

2. Дыбыстар елі.

1). Дыбыстық жаттығу жасау:

Ю-ю-ю – маймақ аю

Ыс-ыс-ыс – жолақ жолбарыс

Тан-тан-тан – аң патшасы арыстан

Ыр-ыр-ыр – сұр қасқыр

Кі-кі-кі – қу түлкі

2). Дыбысты ұста:

([Р] дыбысын естіген кезде шапалақ ұр)

а) дыбыстардың қатарымен: Р Н Р Г О Р Ж З Д Р Р М К Р Р Р

ə) буын қатарымен: РА-ЛО-ПО-РУ-МЫ-ОР-ВА-РА-РО-ҚО-РУ-АР

б) сөз қатарымен: жолбарыс, маймыл, керік, арыстан, тиін, түлкі, қасқыр.

VI. Сергіту сəті!

Қане, қане тұрайық,

Кел, билейік, ойнайық,

Қоян болып секіріп,

Аю болып қорбандап,

Қу түлкідей қимылдап,

Бойды жазып, шынығып

Орнымызды табайық.

3. Жұмбақтар елі.

1) Қыс бойына жатады,

Тəтті ұйқыға батады. (аю)

2) Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай шу. (түлкі)

3) Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы-. .. (арыстан)

4) Далада жүр шапқылап, керемет тым саққұлақ,

Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)

4. Ертегілер елі.

«Ормандағы үйшік» ертегісіне кезек беру. Бала ертегіні айтып береді.

5. Ойындар елі.

   Дидактикалық ойын: «Ненің құйрығы?»

   Ойынның мақсаты: құйрық бөлінділеріне қарап, қай құйрық қай жануарға жататынын табу керек.

   Баланың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабыл-дау процесстерін дамыту.

   Көрнекілік: əр түрлі жабайы аңдардың сурет бөлінділері.

   Ойынның барысы: баланың алдындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды.

566 0
ЖАНСАЯ ТӨЛЕПБЕРГЕН, Жалағаш аудандық білім бөлімінің «Жалағаш ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің» логопед-мұғалімі Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Ұлы дала ұстазы № 000059
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: