Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1099

Шырша

Білім беру саласы: Шығармашылық,Таным

Бөлімі: Мүсіндеу

Мақсаты: Балалардың мүсіндеуге деген іскерлігін арттыру, ермексазды алақанға салып айналдырып,әртүрлі көлемдегі домалақтар жасау және оларды өзара біріктіруді үйрету; шырша жасауда әртүрлі әдісті материялдарды қолдана білуге баулу; Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру .Балалардың тілін дамыту және сөздік қорын  молайту. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын дамыту;      

Табиғатқа  деген қызығушылықтарын арттыру, табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдіс- тәсілдері:Түсіндіру,ғажайып сәт, әңгімелеу, сұрақ-жауап, тапсырмалар, ТРИЗ Қажетті құрал жабдықтар және көрнекіліктер: қыс көрінісі,үлестірмелі материялдар тұзды қамыр, кескіш, қайшы, тақтайша, сүлгі,  жәй тақта, үшбұрышты пішіндер.

Сөздік жұмыс: Шырша.

Билингвальды компонент: Шырша - елка, spruce, жасыл - зеленая, green 

 

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң, достарым,

Қайырлы таң, келген қонақтарым.

 

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Неше айдан тұрады?

- Ай аттарын атайық?

- Қыс мезгілінің ерекшелігі неде?

 

Балалар қайталайды

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы

 

Ұйымдастыру-

шылық ізденіс кезеңі

- Қыс мезгілінде болатын қандай мерекені білесіңдер?

 

- Осы кезде әуен ойнатылады.

- Есік соғылып, орман поштасы кіреді.

- Балалар, сәлеметсіздер ме?

- Қош келдіңіз!

Төрлетіңіз!

Сіз кім боласыз?

- Мен Орман пошташысымын.

- Қандай бұйымтайыңыз бар?

Орман пошташысы: -Мені Орман патшасы жіберді. Қолымдағы конверттің ішінде сіздерге арналған тапсырмалар бар.

Тәрбиеші: конвертті алып, оқи бастайды.

- Сәлеметсіздер ме балалар?

Мен, Орман патшасымын

Сендерге үш тапсырмам бар. Соны орындауға дайынсыңдар ма?

- Қане, балалар дайынбыз ба?

Олай болса мен тапсырмаларды оқиын

.

1 тапсырма:

Жұмбақтың жауабын тап?

1. Көкке қарап наздана

Қолын созар күнімен.

Күз, Қыс, Көктем, Жаз да

Өзгермес бір түрінен

2. Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріндемін үйіңнің.

3. Жасыл тонның бояуы,

Жыл он екі ай тозбайды.

Дің бүршіктер, сояуы,

Қысқы аязға тоңбайды.

- Балалар, біз шыршаны жақсы білеміз, Жаңа жыл мерекесінде үйде, балабақшады шыршаны ойыншықтар іліп, әдемілеп безендіріп қоямыз.

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Әдемі шырша болайық,

Балдырғандар билесе,

Шыр көбелек айналып.

Бой сергітіп алайық.

 

2-тапсырма

Алдарыңызда ыдыстың ішінде геометриялық фигуралар бар, сол геометриялық пішіндердең не құрастыруға болады?

балалар жұмыстанады.

 

3-тапсырма

Орманның ең сұлу ағашының бейнесін бейнелеп беріңіздер.

- Ол қандай сұлу ағаш екен балалар?

- Дұрыс жарайсыңдар.

-Балалар қазір екі топқа бөлініп отырамыз, бір топ қайшымен жұмыстанады, екінші топ ермексаз кескішпен жұмыстанады.

 

-Балалар, қайшы мен кескішпен жұмыс жасаған кезде, өте мұқият боламыз.

 

- Ендеше алдарыңызда тұзды қамырмен тақтайшаның үстіне қойып, әдемі шыршамыздың бейнесін мүсіндейміз.

  Осы қатырма арқылы, қамырды созу арқылы кигіземіз, сол кезде бізде шыршаның бейнесі шығады.

 

Билингвальды компонент:

Шырша - елка, spruce, жасыл - зеленая, green

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақты тыңдайды, 

ойланып, шешуін табады

 

Жауабы. Шырша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтінің қимылын жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар шыршаның бейнесін құрастырады.

 

 

 

 

 

Балалар ойланады.

 

 

 

 

-Шырша ағашы

 

 

 

 

 

Балалар жұмысқа кіріседі.

Жұмыстың орындалуы кезеңімен танысады және педагогтің көрсетуін шыршаны жасауға кіріседі. 

 

 

 Рефлексиялық түзетушілік

Орман поштасы балалардың жасаған жұмыстарын қарап, еңбектенгендері үшін балаларға рахмет айтады.

Орман пошташысы: - Балалар,сендерге үлкен рахмет! Сау болыңыздар!

 

- Енді біздің орманымыз әдемі шыршаға толы болатын болдығо, айнала әдемі шырша, көп рахмет сіздерге балалар, қандай шеберсіздер, қандай әдемі шыршалар.

Балалармен қоштасады.

- Міне балалар, бүгін Сіздерге Орман поштасы риза болып кетті, қандай  әдемі шырша жасадыңдар, жарайсындар балалар!

Көрме ұйымдастыру.

Қуаныштарын білдіреді.

 

 

Орман поштасымен қоштасады.

 

 

 

 

 

 

Балалар өздерінің жасаған шыршаларына қуанады.

 

 

 

 

441 2
АЙНА ИЗТЕЛЕУОВА, "Бөбек" бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шағатай ауылы № 001700
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Роза Мусагалиева
Роза Мусагалиева
14 января 2022 22:25
Айнв тамаша енбек..👍👍👍ьалалардын ой орисин кенейту, ойындар аркылы керемет тасилдер колданылган ..керемет адистемелик курал
Гулбану
14 января 2022 22:27
Керемет жарайсын