Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1095

Не дәмді? Ертегісі

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 

Тақырыбы: «Не дәмді» ертегісі 

Мақсаты: Балалар ертегі мазмұнын түсініп , ертегі желісі бойынша әңгімелей білуге дағдыландыру .Кейіпкерлерін атай білуге үйрету . Театрланған өнерді қолдану арқылы балалардың эмоциясын , қабілетін дамыту. Кейіпкерлердің эмоциялық күйін көрсете білуге үйрету. Бірігіп әрекет жасау.Ойын жаттығуларын қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, дауыс   ырғағын қалыптастыру. 

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, ойындар ұйымдастыру, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру. 

                         Балалар музыка ырғағымен ән залына кіреді . 

Ханшайым: Сәлеметсіздер ме , балалар! Менің Театр әлеміме қош келдіңіздер! 

                       Сіздерді көргеніме қуаныштымын . 

Ханшайым: Менің театрым жай театр емес мұнда сіздерге арналған сиқырлы тапсырмаларым бар. Көгілдір экраннан тапсырмаларды орындаймыз ба ? 

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешімін табыңыздар.

 Күн батса қонақтап қалғыған 

 Таң атса жерден жем аңдыған . (тауық)

     2 .   Айран берген, құрт берген ,

            Шелек-шелек сүт берген 

            Айтыңдаршы балалар , 

            Бұл қандай мал, кім білген? (сиыр) 

    3 .    Қалқиып ұзын құлағы ,

            Елеңдеп қорқып тұрады . (қоян)

   4 .    Үйіңді қорғайды ,

           Үйге бірақ қонбайды .  (ит)

 

                

                       Тіл ұстарту жаттығуларын жасау

     1 .Ық –ық –ық , 

         Жем шоқыды тауық

Ік- ік –ік , 

Әдемі  күшік 

Ие –ие – ие

Маңман басқан түйе  

     4 .Ой – ой – ой ,

         Қорада тұр қой.

     5  Иыр – иыр – иыр ,

         Сүт береді сиыр.

     6. Кі -кі –кі

         Сақалды ешкі .

Ханшайым: Жарайсыңдар,енді бір сөзбен айтқанда не деп атаймыз?

Балалар :  Үй жануарлары

 

                       

                                      Ертегі оқылады: «Не дәмді» 

 

      Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты. Сонда Тауық:

-  Ең дәмді тамақ-тары, -депті қыт-қыттап.

-  Тапқан екенсің, дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін! - дейді Ит абалап.

- Бәрің де білмейсің.   Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ, -дейді Қоян, екі құлағын тікірейтіп.

-  Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді!-деп, Ешкі маңырапты.

-   Шіркін, қою сүтті айтсаңдаршы! - деп мысық тамсанды.

 

     Сөйтіп, әркім өзі сүйетін тағамды мақтап, қызыл кеңірдек болысып, бір шешімге келе алмай, тартысыпты . сол кезде іннен тышқан шығып достар барлығымыздың өзіміздің сүйіп жейтін асымыз бар . Сендер олай таласпаңдар кәне барлығымыз дос болып үйлерімізге тарасайық депті . Сонымен барлық жан жануарлар аңдардың өздерінің сүйіп жейтін астары болған екен .

 

Ханшайым:  Жарайсыңдар, балалар! Ендеше бойымызды бір сергітіп алайық                             

                          

  Сергіту сәті : «Төлдер  әні » 

Қошақаны қойдың 

Қайда қалып қойдың 

Бұлтиып тұр бүйрегің 

Қай өрісте тойдың?

 

Секең-секең и лақ 

Жүрмін саған кейіп -ақ

Тыным тапсан болмайды ма?

Секірмей-ақ кеу –ақ.

 

Ботақаны нардың 

Жарға неге бардың?

Тілерсегін дірілдеп

Секіре алмай қалдың?

                         Үй жануарлардың дыбысы  шығады.

Ойын : «Қай жануардың дыбысы?» 

Балалар бұл ненің дыбысы?

Сиыр, қой , жылқы, түйе, мысық, ит

Жарайсыңдар,енді бір сөзбен айтқанда не деп атаймыз?

                           Ойын :  «Төлін тап!»

Білімділігі:балаға үй жануарларын  айыра білуге үйрету. Олардың төлдерін танып, аттарын атауға үйрету. Баланың көру арқылы қабылдау түйсігін дамыту. Сөйлеу қабілетін қалыптастыру . 

               Ертегі желісі бойынша сұрақ- жауап:

Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

Балалар ертегі не туралы екен?

Ертегіде қандай кейіпкерлер бар екен?

Үй жануарлары не үшін айтысты?

Балалар , әр жануарлардың сүйікті асы бар екен. Ал , сендердің сүйікті астарың қандай?

Көрдіңдер ме? Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар. Қандай да тамақ болсын, жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де, тәтті. 

Балалар, бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса, не істейміз?

   «Нан қиқымын, шашпаңдар,

  Жерде жатса баспаңдар» - деген өлең бар, еш уақытта асты басып кетуге болмайды. Нанды да, асты да қадірлеуіміз керек .

194 0
Сәдуова Айгүл,№41 «Назерке» балабақша МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе қаласы Ұлы дала ұстазы № 001524
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: