Мақсаты: Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Халқымыздың әлемге танытып алаш баласының абыройын асқақтатып, елбасының кісілік келбетін меңгеру.
Міндеті: Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан тәрбие алуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Елбасы суреттері, жүрек шар астана суреттері, видеослайд.
Түрі: тәрбие сағаты.
Барысы
Әнұран.
Мұғалімнің сөзі: Балалар 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
Бірінші желтоқсан Президент күні болып қабылданды.
Ендеше, балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ойлаған, ынтымақтықты тұтастықты, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналылығына мән берген ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.
1.Слайд
Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Жасынан зерек алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан иРеспубликасының Президенті болып сайланды Содан бері 30 жыл өтті.
Балалар дайындаған тақпақтарымызды айтайық:
1.
Болашағым Қазақстанның алдағы
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Халқымыздың сеніп алған таңдауы Ләйлә
2.
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жасасын тәуелсіздік алауы
Еңбек достық бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы Айша
3.
Мін еосындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін туған жерін сүйетін
Бі зқазақтың ұланымыз еріміз Кәусар
4.
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасын қолдайық
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Нұр ағам! Руслан
5.
Биіктей бер Нұр аға
Қыран канат талмасын
Қадірлемей тұра ма?
Халық сіздей тұлғасын. Жанна
6.
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман - сау жүрші, Атамыз! Нұрасыл
7.
Мұғалім:
- Біз шын мәнінде Президент Назарбаевтың біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.
Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.
Кәнеки балалар елбасымыздың нақыл сөздерін білеміз бе?
1.Жақсыдан бақ қалады.
2. Тәрбие ошағы мектеп.
3. Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында.
4. Қазақ қазақпен қазақша сөйлесейік.
5. Отанды сүю өркениетіліктің бірінші белгісі.
6. Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
7. Отаны – бірдің – тілегі бір жүрегі бір.
8. Көп ұлтты ел боламыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Мұғалімнің сөзі:
Қазіргі таңда Президент туралы көптеген іс шаралар атқарылып жатыр. Соның бірі «Елбасы жолы» туралы фильмі. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға шықты. Оны бәріміз тамашаладық. Сонымен қатар біздің елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. Олар Бәйтерек тобы орындайтын «Сары арқа әні» Музарт тобы орындайтын «Үш қоңыр» әні, Әнұранымыз «Менің Қазақстаным»
«Үш қоңыр» әнін тыңдау.
Тақпақтар
1.
Серпігенде бодандықтың тұманын
Жеті әлемге ұраным мен жыр әнім
Өзің болдың көш басшысы елімнің
Өзің болдың ұшқан қыр әнім. Айзере
2.
Гүлдене бер отаным
Көтерген туың Нұр ағам
Көбейткен достың қатарын
Нұр аға біздің ұлы адам Еркебұлан
3.
Отаным дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау жасыл жол жас қаланы
Отанның шеті де жоқ шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады. Ақниет
4.
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтанның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын Азиза
5.
Естімейік енді елдің жылағанын
Қайта құлап бостандық сұрағанын
Абылайдың жолы мен алға басқан
Құтты болсын нұрлы жолы Нұр ағаның. Санжар
Нұрсұлтан Назарбаев кім ?
Мұғалімнің сөзі
Мен сендерге жұмбақ жасырам кім жауабын айтады екен а?
1. Келген емес жайдан жайдан - жай,
Жеңдік барлық езгіні
Тәуелсіздік алғаны ай,
Жылдың қай мезгілі
(қыс желтоқсан)
2. Тәуелсіздік жолында
Тапқан жолдың шешімін
Президенті қазақтың
Айтшы кәне есімін.
(Н. Назарбаев)
3. Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күн астында қандай күн
Қанат қаққан бар елге.
(қыран)
4. Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал!
(Қазақстан)
Мүғалімнің қортынды сөзі:
Бейнебаян
Қорытынды.
Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Ән: «Жаса Қазақстан».
Сөзімді жас ұрпаққа, яғни сендерге арнасам деймін, сендер егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатырсыздар. Сондықтан да сендердің алдарыңда болашақты өздерің өз қолдарыңмен орнатудың мүмкіншіліктері бар.
Бүгінгі “Елін сүйген Елбасы !” атты тәрбие сағатымыз аяқталды.