Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1092

«Қазақта қара сөзге дес бермедім» сыныптан тыс іс-шара сайысы

Мақсаты: Дана Абайдың қара сөздерін оқушылардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой толғамдарын кеңінен дәріптеу. Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру. 

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды, —

 деген өлең жолдары арқылы сайысымызды одан әрі  жалғастырғым келіп отыр.

 Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі- деп бабаларымыз бекер айтпаған. Біздің ата- бабаларымыз сөздің  майын тамызған  шешендер болған. Мектеп табалдырығын тоздырып , кітап бетін ақтармаса да білімге жетік болған. Бабалар жазған қара сөздің сиясы бүгінде әлі кеппеген. Атап айтар болсақ, қазақ елі ғана емес әлем жұрты танитын ұлы ақын- Абай Құнанбайұлы. Абайдың қара сөзін білмейтін қазақ жұртында адам кемде кем шығар. Сондықтан бүгін сайысымызды   Абайдың қара сөздеріне арнауымыз да тегін емес.

 Енді сайысымыздың шартымен таныс болыңыздар.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді.Сайыс 3 бөлімнен тұрады. 1-тапсырма әр сыныптың есігінде ілулі тұрады. Әрбір келесі тапсырманы орындау үшін берілген әр тапсырманы  мұқият орындау керек.Егер тапсырманы дұрыс орындасаңыздар, келесі тапсырма қайда жасырулы тұрғанын тез таба аласыздар.Әрбір дұрыс жауапқа 1 жетон беріледі. 3 тапсырманы да дұрыс орындасаңыздар,3 жетон аласыздар. 

 Құрметті оқушылар! Орындаған тапсырмаларың уақытқа да байланысты,сондықтан дұрыс әрі тез жауап беруге тырысамыз.Сәттілік тілеймін!   8 «Б» сынып

1-тапсырма.  Осы жұмбақты шешіңіздер.

Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн (кітап)  

Осы заттар жиналған бөлмеге барыңыз. Келесі тапсырма сол бөлмеде, есікте жапсырулы тұр.

2-тапсырма.  Абайдың алғаш жазылған өлеңі?

А) «Ғылым таппай мақтанба»        

В) «Күз»                                         

С) «Қалың елім қазағым»

D) «Жаз»

Е) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Жауапты шешіп,3 қабаттағы  қазақ тілі кабинетіне әділқазылар алқасына  алып бар.Әділқазылар келесі тапсырманы береді.

3-тапсырма: Абайдың  қай   қара сөзінде адамдардың бір-біріне деген іштарлығы,көреалмаушылығы туралы айтылған?  (3)

8 «А» сынып  

1-тапсырма. Жұмбақты шешіңіздер. 

Адамдардың киімін,
Ұстап тұрар иығым (киім ілгіш)

Сіздер іздеген келесі тапсырма сол жерде айнада   ілулі  тұр.

2-тапсырма: Абай орыс ақындарының ішінде кімнің өлеңдерін көп аударған?

Жауапты шешіп,3 қабаттағы  қазақ тілі кабинетіне мұғалімге бересіздер. Мұғалім сіздерге 3-тапсырманы береді.

3-тапсырма: Ақын қазақтың «Өнер алды-бірлік,ырыс алды-тірлік» деген мақалы төңірегінде қай қара сөзінде философиялық ой өрбітеді? (6)

 7 «А» сынып 

1-тапсырма.Жұмбақты шешіңіздер.

Алға жайып тұз - дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды (дастархан)

Жұмбақты дұрыс шешсеңіздер,келесі тапсырма осы затты қолданатын бөлмеде   пердеде ілулі тұр.

2-тапсырма. Абай Құнанбайұлы «Бес нәрсеге асық бол және бес нәрседен қашық бол» деп нені айтқан?

Жауапты шешіп,3 қабаттағы  қазақ тілі кабинетіне әділқазылар алқасына алып бар.Келесі тапсырманы береді.

 3-тапсырма: Адамдарға тән «Жалығу» сияқты мінездің пайда болуы жайлы қайсы қара сөзінде қозғайды? (20)

  7 «Б» сынып

1-тапсырма: Бұл құралға қазіргі заманда  тек қана оқушы ғана емес, үлкендер де тәуелді болып кеткен. Не керектің  бәрін осы құрал арқылы табуға болады.Бұл құрал орналасқан кабинет біздің оқушыларымыздың ең сүйікті орны деп те айтуға болады. (ЛКМ)

2-тапсырма: Абай «Бородино» өлеңін кімнен аударды?

А) А.С. Пушкин

В) И.А.Крылов

С) М.Ю.Лермонтов

D) С.А.Есенин

Е) Ф.И.Тютчев

Жауапты шешіп,3 қабаттағы  қазақ тілі кабинетіне әділқазылар алқасына  алып бар.Келесі тапсырманы алыңыздар.

3-тапсырма: Адам бойындағы мақтаншақтық мінез туралы айтқан қара сөзі қайсы? (21)

 

 

6 «А» сынып 

1-тапсырма :

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Көңілге түрлі ой салар   (Акт залы)

Осы жерде мектебіміздің барлық іс-шаралары өтеді.Сол бөлмеге барсаңыз,шымылдықта келесі тапсырма жапсырулы тұр.

2-тапсырма: Абай кімнің  хаттарын  аударды?

А) Онегин мен Татьяна     

В) Крыловтың

С) Пушкиннің                    

D) Онегиннің

В)Татьянаның

Жауапты шешіп,3 қабаттағы  қазақ тілі кабинетіне әділқазылар алқасына  алып бар.3-тапсырманы алыңыздар.

3-тапсырма: Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш,бір жұбаныш туралы қайсы қара сөзінде айтылған? (23)

6 «Б»-сынып

1-тапсырма: Жұмбақты шешіңіздер

Бала бiткен соғады,

Жеңiл шарды домалақ.

Ұрсаң

Ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап (доп)

 

Жұмбақты дұрыс шешсеңіздер, келесі тапсырма  осы зат тұратын бөлмеде қабырғада ілулі тұр.

2-тапсырма:Абайдың неше поэмасы бар?

А) 2                                    

В) 6

С) 4                                    

D) 3

Е) 5

Абай Құнанбайұлы «Бес нәрсеге асық бол және бес нәрседен қашық бол» деп нені айтқан?

3-тапсырма: «Қалауын тапса қар жанады», «Сұрауын тапса,адам баласының бермейтіні жоқ», «Атың шықпаса жер өрте» деген мақал-мәтелдерге қарсы  ой-пікір айтылған қара сөзін табыңыз. (29)

Сайысымыз өз мәресіне де жетті. Осындай бабаларымыздың жолын қуатын жас ұрпақтар көп болса ел үшін де, ұлт үшін де бір ғанибет.Абай салған ұлы жолмен , Абай айтқан ұлы сөздің киесімен жүрген мына біздердің мақсатымыз айқын, қадамымыз нық. Бүгінгі сайысқа қатысқан барлық сыныптарға алғысымды білдіремін.

236 0
Мақпал Акбергенова, ЖОББМ Приречное КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 001522
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: