Оқу мақсаты: 11.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну | ||||||||||||||
Оқушылардың барлығы: тақырып бойынша әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді, термин сөздердің мағынасын түсінеді, сөйлемдер құрайды, мәтіннің мазмұнын айтады. | ||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Кезекшімен сұхбат. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Жағымсыз эмоциядан арылу» тренингін жүргізу. Мұғалім оқушылардың барлығына түрлі түсті шарлар таратып береді. Оқушылар өзінің бойындағы жағымсыз эмоциясын, жаман мінез-құлықтарын үрлеп, шардың ішіне салады. Сабақ соңында шарды қоқысқа лақтырады. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Мина» ойынын өткізуге болады. Мұғалім оқушыларға қағаздан жасалған «миналар» дайындайды, минаның ішінде өткен тақырып бойынша сұрақтар жазылады. Сыныптың ортасына еденге әр жерге сұрақтар жазылған қағаздар ретсіз шашылады. Бір оқушының көзін байлап, ортаға шығарады. Көзі байланған оқушының аяғы қай қағазға тисе, сол қағазды алып, ішіндегі сұраққа жауап береді. Жаңа сабаққа кіріспе. Ойтүрткі. Мұғалім оқушыларға интерактивті тақтадан Мұхтар Әуезовтің суреттерін, кітаптарын көрсетеді. Оқушыларға сұрақтар қояды. 1. Мұхтар Әуезов есімі әлемге танымал деп айтуға бола ма? 2. Мұхтар Әуезовтің әйел теңдігі тақырыбын көтерген қандай шығармаларын білесіңдер? Оқушылар оқулықта берілген Мұхтар Әуезов туралы мәліметтерді оқып танысады, білімдерін толықтырады. |
Оқушылар шарларды үрлеп,жағымсыз эмоциясын шардың ішіне салады.
Қағазда жазылған сұрақтарға жауап береді
Сұрақтарға жауап береді
Мәліметтер мен танысады |
Мұғалім оқушылардың жауабына қарай бағалайды.
«Бас бармақ» әдісімен бағаланады |
Қима қағаздар
Слайд Суреттер
| ||||||||||
Сабақтың ортасы | Сөздік жұмысы. Мұғалім оқушыларды жаңа сөздермен таныстырады. Жаңа сөздердің беретін мағыналарын мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді. Ауызша сөз тіркестерін, сөйлемдер құратады. Сөздердің арасында қандай мағыналық байланыс бар? Оқылым. Оқушылар оқулықта берілген «Абай жолы» романынан берілген үзіндіні оқиды, тақырып қояды, мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді. «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы оқушылар жылдам сұрақтарға жауап береді. 1. Бұл оқиға қай уақытта болды? 2. Бұл оқиға кімдер арасында дамыды? 3. Оқиғаны дамытқан басты қайшылық бар ма? 4. Салиқа қыз дауы сол уақыттағы қандай шындықты бейнеледі? Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын меңгереді, өз ойларын айту арқылы айтылым дағдылары қалыптасады. Мұғалім: Қай үзінді сол кездегі халықтың әлеуметтік жағдайын сипаттайды? Оқушыларға үзіндіде берілген ақпаратты тарихи шындықпен байланыстыруға тапсырма беріледі. 4-тапсырма жазбаша орындалады. Үзіндіде берілген ақпаратты тарихи шындықпен байланыстырады. 5-тапсырмада оқушылар мәтін мазмұны бойынша берілген кестеге ақпараттарды толықтырып жазады.
Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. |
Жаңа сөздер Сөз Сөз тіркесі Сөйлем
Оқулықтан үзіндіні оқиды
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын меңгереді, өз ойларын айту арқылы айтылым дағдылары қалыптасады.
Тапсырма ларды орындайды | Оқушылар сыныптастарының жауабын тыңдай отырып бірін-бір бағалайды.
Мұғалімнің бағалауы.
«Ауызша бағалау» әдісі
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
|
| ||||||||||
Сабақтың соңы |
Мұғалім оқушылардың сабақтың соңындағы көңіл күйлерін анықтау мақсатында «Ай» әдісі арқылы (жаңа ай, жарты ай, толық ай) кері байланыс жасайды. Толық ай – сабақты толық түсіндім. Жарты ай – мен жартылай түсіндім. Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау болды. Үй тапсырмасы. «Абай жолы » романын оқу | Оқушылар кері байланыс береді |
| слайд |