Сабақтың əдіс-тəсілдері: Слайд, кеспе қағаздар, ватман, түрлі түсті салфеткалар, фломастерлер.
Сабақтың мақсаты: Эстетикалық тəрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мəдениетін дамыту.
Эстетикалық тəрбие болмыстағы жəне өнердегі сұлулық пен өсімдікті дұрыс қабылдауды жəне
эстетикалық сезім мен талғам тəрбиелейді. Өнер жəне өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін,
қажетсінуін қалыптастыру. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады.
Сабақтың барысы:
Сабақ ұйымдастыру:
- Студенттермен амандасу;
- Сабақ қатыстарын тексеру;
- Студенттерді топқа бөлу;
Ендеше, бүгінгі сабақты бастамас бұрын, менің алдымда қоржын тұр, сол қоржынның ішінде түрлі түсті
салфеткадан жасаған гүлдер бар, сол гүлдерден таңдап аламыз.
І-топ: «Эстетикалық қабылдау»
ІІ-топ: «Эстетикалық сезім»
ІІІ-топ: «Эстетикалық талғам»
«Үй тапсырмасын» пысықтау: «Ыстық орындық» əдісі
Сұрақтар:
1. Коммуникативті қабілет дегеніміз не?
2. Ақпараттық қабілет дегеніміз не?
3. Дидактикалық қабілет дегеніміз не?
4. Сөйлеу қабілеті дегеніміз не?
5. Тəрбие дегеніміз не?
6. Саналы тəртіпке тəрбиелеудің əдістері?
Жаңа сабақты ашу: «Арт-терапия» əдісі.
3- топқа ақ парақ қағаз таратылып, студенттер «Арт-терапия» əдіс арқылы үндемей алдарыңызда
жатқан ақ парақ қағазға бірден сурет салу қажет, бірақта бұл əдістің ерекшелігі бір-бірімізбен мүлде
сөйлеспеуі керек.
Жаңа сабақ: «Эстетикалық тəрбие»
Эстетикалық тəрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мəдениетін дамыту.
Оның негізгі компонентері:
• Эстетикалық қабылдау.
• Эстетикалық сезім.
• Эстетикалық талғам.
Эстетикалық қабылдау деп - əсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нəтижесі эстетикалық
əсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани
дүниесі, тұрмыс-салты, əрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаулық
объектісі бола алады.
Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары да əр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани
жағынан бай болып, өсімдікті көре біліп, одан лəззат ала білуге тиісті.
Эстетикалық талғам - əсемдікті дұрыс бағалай білуге тəрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік
талғам əрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз – адамдардың көксеп жүрген əсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-
ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нəрсесі.
Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тəрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге,
дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.
Эстетикалық тəрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мəдениетті қалыптастыру,
оны жоспарлы жəне мақсатты түрде сіңіру болып табылады
Дəптермен жұмыс: «Өрмекші əдісі» арқылы тапсырманы орындау.
1- топ: Оқу тəрбие процесіндегі эстетикалық тəрбие.
Эстетикалық білімнің негізі - оқу пəндері. Мектеп оқушылары əр түрлі пəндерді оқулық
нəтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын жəне адам іс-əрекетінің əдемілігін бағалай білуді
түсінеді:
Ана тілі - мəдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.
Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.
География - оқушылардың эстетикалық дүниетанымын дамытады.
Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, əсемдікті жасау қабілетін дамытады.
Əдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.
Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.
2- топ: Эстетикалық тəрбиеде сыныптан тыс жұмысты қалай ұйымдастыруға болады.
Əдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т. б шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру.
Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде
оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы
лирикалық, эстрадалық əндер, əңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді,
келешекке үмітін тұтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме жəне əдебиет кештері өткізіледі. Онда
оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары жəне əндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстар
айтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы
баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып,
ұсыныстар беріледі. Мектеп жəне сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сəйкес өткізіледі.
Саяхаттың негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер
болып табылады. Көркем өнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге əуестігін, қызығушылығын,
талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркем өнерпаздар үйірмесі сынып, сынып аралық жəне
мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тəрбие жұмысына көмектесуде, мектеп
кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы əдебиет тізімдерін даярлайды, əңгімелер өткізеді,
мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық
жасайды. Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық,
бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.
3- топ: Күнделікті өмірде адамның жеке басының эстетикасы жайында
Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен
қарым-қатынас жасауы эстетикалық тəрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті
өмірінде, іс-əрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі əсер етеді. Үй-жағдай эстетикасы.
Əрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние-мүліктеріңіз орнында əдемі, ыңғайлы
тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нəрселерін ретке келтіріп ұстауға,
күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бəріне балаларды қатыстыру - əке-
шешенің басты міндеті. Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның
эстетикалық мəніне байланысты. Киім эстетикасы, қазіргі өмір талабына сəйкес болуын талап етеді:
Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) -
бұл əрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі жəне дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның
сыртқы мəдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар
мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мəдениетін, білімін көтерудегі ең
басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тəрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын жəне
əдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады. Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге
адамдармен қарым-қатынасы жəне өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-əрекет қылығын айтамыз. Мінез-
құлықты дербес ғылым — этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетикада қарастырады. Сыпайылық -
ішкі мəдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан,
өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді. Əдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай
білетініңді дəлелдейтін, шартты түрде қабылдаған мінез-құлық қағидалары. Байыптылық -
байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге
негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.
Қортынды: «Бес саусақ» əдісі.
Үйге тапсырма:
1-топ «Эстетикалық тəрбие» тақырыбына мақал жазу.
2- топ «Эстетикалық тəрбие» тақырыбына сурет салу.
3-топ «Эстетикалық тəрбие» тақырыбына ребус шешу.