Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Малыбай және өзеңдері


Жоспар

1 Малыбай және оның   өзендері

2  Бұл аумақтың тарихий орындарына және су , жер атуларына тарихий материалдарды  топтау.

3 Малыбайға қоныс аударылып  келген ұйғырлардың  Борсун және Қаш ауылдарынан  келген шаруалардың өзен және арық шауып ауылды абаттандыруы.

4 Малыбайлық   ата-бабаларымыздың  келешек ұрпаққа қалдырған   және  жан тамыры болған өзендердің   тарихын білу және анықтау.

 

Кіріспе

ХІХ ғасырда және одан кейін  Малыбайға   Құлжадан  қоныс аударып келген ұйғырлардың  турақтанып қалуындағы себеп  біріншіден бұл жерде шаруашылық  және егіншілік  үшін   барлық табиғи жағдайдың болғаны. Екіншіден  ауылдан алыс болмаған Шелек базарының болғаны ұлкен роль ойнады. Көшпенділердің негізгі бөлімі 1882 жылы көктемде келген, одан кейінде 25,50,60 түтіндік  жеке топтардың 1815 жылға дейін келгендігі анық. Бүгінгі күнде Малыбайлықтардың өздерін 25,50, және 60 түтүн деп аталуы содан қалған болуы керек. Малыбайға Құлжа төңрегіндегі бір-біріне жақын көрші орналасқан ауылдарыдан шыққан. Малыбайға қоныс ауыдарлып келген  Борсун, Қашлиқлар  бір- біріне  көрші және   ауыл-ауыл болып орналасқан.   Борсун  - далалық деген мағананы білдіреді.

                                               Негізгі  бөлім.

Малыбай- Шелек өңіріндегі ежелгі ауылдардың бірі. ХІХ ғасырдың соңында   үш үлкен өзен шауып  4000 гектардан артық жерді игерген  астығы шайқалып тұрган егіндіктерді қалпына келтірген. Ондаған шақырым қатынас жолдарымен және көпірлерді салған; оны  Шелек, Жаркент өңірлеріндегі ең көркем әдемі ауылдарына айландырған. 22 мешіт, 15 су дірмен, 2 темірші устахнасы және 4 жугазхан ( май шығару) салған.  Шаруашылықта 68 күздек, 91 үй, 52 малқора болған.

 Ата бабаларымыздың айтуынша  Малыбайдың орны жусан басып жатқан дала болған екен. Оның ортасында Сөгеті тауының бұлақтарынан ағып шыққан су болған.  Тау етектерінде малшылардың кійіз үйлері болған. Малыбай ауылының табиғаты керемет ,ауасы таза тіршілікке қолайлы жерге орналасқан.

 Ол батыс жағынан Шелек өзені, оң түстік  және шығысында Сөгеті тауы және оның етегіндегі құм дөңдерімен қоршалған. Бұл құм- тау тастардың ыстық, суық жамбыр т.б   әсерінен бөлініп майдаланған заттарды сулар ағызып ,жел үшырып  топталуыдың, жиналуыдың әсерінен пайда болған. Күз, қыс және көктем айларында күн шығыстан тез тез соғып туратын шелек желі таудың құысында болғандықтан Малыбайға   толық  тиймейді. Сол себептен Малыбай  егіншілік жерлерінде қар қалын топталып  көктемде  егіншілерге жерді жырту қыйынға түспейді. Тау етегінен солтүстікке қарап жайылып жатқан кең дала егіншілікке қолайлы. ХІХ ғасырда және одан кейін де Малыбайға Құлжа өңірінен көшіп келген  ұйғырлардың көп бөлігінің орналасып қалуының негізгі себебі  біріншіден—бул жерде егіншілік және шаруашылық үшін барлық   табиғаты керемет ,ауасы таза тіршілікке қолайлы жерге орналасқан.  Екіншіден   ауылдан алыс болмаған Шелек базарының болғаны үлкен роль ойнады.Көшпендердің негізгі бөлігі 1882 жылы көктемде келген, одан кейінде 25,50,60 түтіндік  жеке топтардың 1815 жылға дейін келгендігі анық. Малыбайға Құлжа төңрегіндегі бір- біріне жақын көрші орналасқан ауылдардан шыққан. Малыбайға қоныс ауыдарлынып келген  Борсун, Қашлиқлар  бір- біріне   көрші және  ауыл-ауыл болып орналасқан.   Малыбайда  Шамшидин Сисаров     басқарған 20 түтүн  ауылдан 5 шақырым төмен орналасқан казіргі Бижанов ауылы. Малыбайға қоныстанғаннан кейін алғаш өзен және арық қазу жұмыстарын бастаған. Міне сондай өзендердың бірі Малыбай өзені ол 1882 жылдан бастап шабылған. Демек әулетіміздің мырасы болған бұл өзен 137- жылдан бері Малыбай ауылының негізгі тамыры болып бугінгі күнге дейін қызмет атқарып келмекте. Өзенің әр бір тоспасында жапакеш ата-бабаларымыздың кетпендерінің ізі бар. Астына  сол ауыр жылдардың сыры көмілген әр бір кетпен топрағы  әулетіміздің ашты маңдай терлерімен  ийленген . Ешқандай өлшеу, есептеу, техникасыз  өте жоғары ұсталықпен шабылған  өзен. Ата -бабамыздың даналығына қайыл болып бүгінгі  ұрпақтарадың   ризашылығы шексіз.Малыбайлықтардың екінші өзені  Мәхпир өзені ол 1900 жылы ауылдан 3-4 шақырым жоғарыда шабылған. Бұл өзенді 60 түтін депте атайды оның суымен  Вахап 60 түтіннің жерлері суарылған.Осы өзен шабылғанан кейін Малыбай ауылы  үлкен өзеннен  жоғарыға қарап кеңейген казір сол ежелгі шекарадан  бір  аз төменерек сақталып қалған бір түп ағаш (седә) бар. 

Мәхпир өзенінен жоғары   Сөгеті тауыны бойлап ағып өтетін арық бар Малыбайлықтар оны қазақ өзені деп  бүгінгі кұнге деин атайды.  Себебі 1900 жылы  шапқан Тосқанбай  бұл өзенді ( Тосқанбай өзені депте атайды)  оның суымен  тау етегіндегі боз жерлер суарылған.1901-жылы  Шәмшидин Сисиров бұл жерлердің бір азын 31-ж ылға жалға  сатып алып егіншілікпен айналасқан екен. Негізі аулдың күн батысынан басталып  ағып өтетін өзенді  Малыбайлықтар   көтерме өзен деп атайды, себебі   дирмендердің  дөңгелегіне соғылатын су  ағымыны күшейту үшін жердің қийғаштығына қарай көтеріліп шығарған өзен. Бұл өзенде сондаяқ 4-5 көтерме болып, су диермендері  болған екен. Бүгінгі күнде ол дермендердің  орнығана қалған. Көтерме өзен жылдар өткен сайын кішірейіп кішкентай арыққа айналып қалға. Малыбайдың барлық шаруашылығына су  емін –еркін жеткен. Кезінде  ауыл шаруашылық жұмыстары нағыз қайнап тұрғанда ауыл ішіндегі арықтарда су мол  ағып турған екен. Шаруашылықты, егіншілікті   суару мезгілінде  суға кезек күту болмаған , себебі өзен арықтарда  су мол аққан. Малыбай ауылында  кезінде он бес су тигірмені болған. Бұл байлықтың нышаны еді, бау-бақша көп болған. Шелек және Жаркент өңірлеріндегі ең көркем және әдемі ауыл болғандығы тарихтан  мәлім. Шаруашылықтың 82 пайызы  бау-бақша болған. Малыбайлықтар арық және өзендерге аса көңіл бөлген жыл-сайын көктемде   тазалық жұмыстарын жүргізген.Өзен-арықтарды тазалауға әр- бір отбасынан бір адамнан қатысқан. Қандайда бір себептер мен жұмысқа шығалмай қалса орнына   басқа отбасынан бір  адамды шығарған. Өзен-арықты шабу және тазалау жұмыстарына қатыспаған отбасына су берілмеген. Ауылдың негізгі өзені- Малыбай өзені баржоғы 7-8 күнде тазаланып болған, енді ауыл ішіндегі арықтар 1-2 күнде шабылып, тазаланып ретке келтірілген екен. Бұл жұмыстардың қарапайым кетпен, курекпен жүргізілгенін есепке алсақ,   ата-бабаларымыздың  бірлігін, еңбек сүйгіштігін, қайраттылығын  көруге болады. Кейінгі жылдарда да және бүгінгі күнге деин  бұл дәстүр жалғасуда.  Көктем кезінде арық-өзендерді тазалауда барлығы бір кісідей атсалысады. Қолайлы жерде техниканың көмегіне жүгінеді.

Малыбай иелігіне , шаруашылығына  байланысты   барлық арықтар тазаланып болады. Малыбайдың негізгі өзеніне су бастағанда ауылдың сыртында суды күтіп алады ауыл халқының қуанышын  да шек болмаған  себебі су мен бірге ауылымызға  шынаий береке, байлық ,пәктік кіріп кележатқандай көрініс берген. Кең   және таза арық өзенде  лық толы ағып жатқан суды көрген әр-бір  ауыл тұрғынының қуанышында шек болмаған дана халқымыз айтқандай « су бар жерде –өмір бар». 

Ауылымыздың ортасын қақ жарып өтетін  бұл өзеннің кеңдңгң және суның көптігі  сонша оған жас балалар емес,  ер жеткендер суға түсуден  қорқатын. Оның қайнамдарында ауыл турғындары атпен жүзіп өткен. 

Колхоз шаруашылығы кезінде бұл өзен арқылы талай құрылыс материаллдарын тасыған екен. Өзеннің ауыл ішінен өткендігі біріншіден ауылға  әдемілік беріп, жандандырып турса, екіншіден жаздың  ыстығында  ауа климатын салқындатып  ауыл турғындарына  бақыт, береке, шаттық сийлайды.Үшіншіден оның екі жағындағы қою өскен ағаш  талдардың көлеңкесінде ауыл халқы және  келген қонақтар бугінгі күндеде  сүйүп, сүйсініп дем алатын орны. Малыбайлықтар   70-80 жыл осы негізгі өзеннің сүйін ішіп өмір сүрген. Сол себептен олар яғни ауыл тұрғындары өзенің тазалығына қатаң көңіл бөлген. Бұ өзенің суынан бір адамзат немесе жан –жануар  ұланып немесе ауыруға   шалдығыпты   деген сөз еш  қашан болған емес.  1970 жылдардың басында  ауыл шаруашылық жұмысын жандандыру  негізінде өзенің  жанынан бетонмен қапталған канал өткізілді. 

Сөйтіп ата—бабаларымыз  келесі   ұрпақ   үшүн  қалдырып кеткен өзендерге  болған құрмет пен қарау ,біздің яғни келешек   ұрпақтың міндеті деп ойлаймын. Казіргі таңда бұл өзен №1Малыбай өзені    №2 Малыбай өзені  деп аталады. Осы негізгі №1Малыбай өзені   №2 Малыбай өзені  арқылы көршілес Сөгіті, Бижанов, Байсеит ауылдарын  сумен қамтамасыз етеді.

Еңбекшіқазақ ауыданының Малыбай ауылының құрметті  азаматыбүгінде ауылымыздың ақсақалы, кезінде «Маяк» темекісовхозыны 30 жылдай басқарып, директоры болған  Заиров Амет Махаметұлымен жәнеде ауылымыздың ақсақалы кезінде Малыбай ауылы үшін өзінің көптеген  еңбегңн сіңірген  Хелилов Аркенжан атамызбен кездесіп, пікірлесіп көп мағлумат алдым.

Қорытынды.

Менің осы алған   ғылымий   жұмысымда ата-бабаларымыз осы өзендердің суыны ішіп өмір сүргендігі яғни бүгінгі жас ұрпақтың өзен тазалығына  ерекше көңіл бөліуы мені қуантады. « су бар жерде—өмір бар»  дегендей әр бір ауылдың берекесі, байлығы  мақтанышы ,   даналарымыздың , ата- бабамыздың қол таңбасы, ауылымыздің көркі Малыбай өзендері.

186 0
Махирям Хелилова, «Малыбай орта мектебі» КММ тарих пән мұғалімі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Малыбай ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000402
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: