Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақтану мәдениеті Куні: Сынып: 6сынып (қыздар) Сабақ: 40 минут Мұғалімнің аты-жөні: Сутбаева Ф.М.
| |
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері. | |
Мақсаты: оқушылардың сүттің көректік құндылығы емдік қасиеттері туралы білімді меңгеруін қамтамасыз ету, оларды сүт өнімдерінің кең ассортиментімен,сүттен дайындалатын тағамдармен, сүт өндеу түрлерімен, таныстыру. Міндеттері: 1.Білімділік-сүттен және сүт өнімдерінен тағамдар дайындау білігін беру, дайындау технологиясы мен ЖЕС сақтай отырып ыстық өніммен және азық-түліктермен жұмыс дағдыларын жетілдіру. 2. Дамытушылық-жалпыеңбектіке және политехникалық: уақытты тиімді пайдалану, жұмыс істегенде тазалықты сақтау және ұқыпты болу, ыдыс-аяқтар мен құралдарды дұрыс пайдалана білу жөніндегі білімдерін жетілдіру. 3.Тәрбиелік-азық-түліктерге ұқыпты қарауды тәрбиелеу, тағамдарды безендірген кезде эстетикалық талғамдарын қалаптастыру. | |
Сабақтың түрі: | Топпен жұмыс. |
Сабақтың әдіс-тәсілі: | Мазмұндау,сұрақ -жауап, әңгімелесу. |
Сабақ көрінекіліктері: | Үлестірмелер, нұсқаулар. |
Пәнаралық байланыс: | Қазақ тілі, орыс тілі, тарих, биология. |
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу. Презентация жасау барысында АКТ құрылғыларына жүгіну және топта/жұпта бөлісу. |
Бастапқы білім
| Оқушылар жалпы асүй жабдықтарын танысып, материалдар мен құралдарды дұрыс қолданудағы қауіпсіздік техникасымен таныстып, практика кезінде қолдана алады. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті
| Нәтиже | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, құрал жабдықтарын тексеру. Топқа бөлу.Балалар 1,2,3,-ке топқа бөлу. Сиқырлы сандықшаданөз топтарына есім алады. 1-топ "Балқаймақ"тобы, 2-топ "Ірімшік" тобы,3-топ"Балмұздақ" тобы . | Топпен отыру | Ұйымшылдық | ||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы | Сабақтың тақырыбымен таныстыру,үй тапсырмасын пысықтау, оқушылардын дайындығын тексеру 1.Қандай дәндік және бұршақтұқымдас дақылдарды білесіндер? (Дәнді дақылдарға дәнділер: бидай, сұлы, арпа, күріш, тары, жүгері, қарақұмық). 2.Жармалар қандай тағамдық заттарға бай? (Жармалар: крахмал,ақуыз,В1,В2,РР тобының витаминдер бар). 3.Тамақтануда макарон өнімдерінің маңызы қандай? (Макарон өнімдері адамның тамақтануында маңызды орын алады, олар құрамында ақуыздың мөлшері көп, көмірсу , минералды заттар, бидай ұнынын шығарады). | Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыра біледі | Өткен сабақты еске түсіреді | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| Оқушыларға сүт және сүттен дайындалатың тағамдар туралы толық мағлұмат беру.Сүт –бағалы тағамдық өнім. Оның құрамында адамның ағзасы дұрыс өсіп-даму қажеттігі барлық көректік заттар бар. Сүтті қандай жануарлардан алады? Қандай сүт өнімдерін білесіндер? Сүт және сүт өнімдерінің құндылығы неде? Сүт және сүт өнімдерінен қандай тамақ әзірлеуге болады? Мұғалім көрсетеді: оқу мақсаттарына қарап, сабақ мақсаттарын анықтау. | Берілген сұрақтар бойынша жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау,ортақ ой пікірлерін сыныпта қорғайды | Әрбір оқушы өз ойларын толық жеткізе алады және топта талқылап, дұрыс шешім қабылдауға үйренеді | ||||||||||||||||||||||||
Практикалық жұмыс | Сүттен дайындалған тағамдардан, әр топ тағамдар әзірлеу. Топ басшылар,сиқырлы сандықшадан дайындайтын тағамдардын атауың алады. «Окрошка» салқын сорпа, «Қуаныш» салат, «Күзгі» жеміс-жидек салаты. «Окрошка» салқын сорпа
Icке сәт, астарыңыз дәмдi болсын! Қалыптастырушы бағалау: Оқушылар өзін-өзі немесе өзара бағалау жұмысын жүргізу.
| (Түсініктемелер беру)оқушылар өз жұмыстарымен ой бөлісіп,түсініктемелер бере алады. |
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс Ресторан әдісі Ресторан тағамының ең тәттісі (сабақтың сәттілігі) Ресторан тағамының ең ащысы(сабақтың қиындығы) Ресторанның мына тағамына дәмдеуіштер қосамын (сабақтың мына тұсы түсініксіз)
| Бағалау парақшасы
|
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта не білдің? не үйрендің? нені толық түсінбедім? сұрақтар бойынша оқушылардың ойын тыңдау | Сабақ туралы әр топ өз жұмыстарын және ойларын қорытындылайды | Оқушылардың еркін ойлау қабілеті дамиды |