Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1064

Оқушының шығармашылық қабілеті

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың қабілетіне қарай интеллеутуалдық дамуы –жеке  адамның дарындылығын таныту», - деп көрсеткен.

         Қазақстан Республикасының 2011-2020  жылдарда  білімі беруді   дамытудың мемлекеттік   бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның   білімділігін ынталандыру  және шығармашылық  қабілетін дамыту  мәселелері   айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған.

         Еліміздің қоғамдық – экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес  қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін  білімді де  мәдениетті, денсаулығы мықты,  парасатты   азамат  тәрбиелеу, оқушының шығармашылық қабілетін  арттыру –мектептің, ұстаздар қауымының  бүгінгі таңдағы  баға жетпес міндеті. Жас ұрпаққа білім беру, оның  жеке даралық ерекшеліктеріне мән беріп,  оқушыларды мектепке алған білімдерді  бүкіл өмірлік  азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау   мәселесі  жаңа қоғамның  білім   саласындағы негізгі мәселенің бірі   болып табылады.

       Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да,  мәнді, тиімді   болары сөзсіз. Бұл жөнінде    Қазақстан  Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты    міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық   коммуникациялық желілерге тарату» болып табылады. 

        Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі  технологиялары  сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі  зерттеліп,   мектеп өміріне  енуде. Баланың шығармашылық  қабілетін дамыту өте ертеден  зерттеліп келеді. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап,  бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері-шығармашылықтың нәтижесі.

       Шығармашылық - адамның өмір  шындығында өзін-өзі тануға  ұмтылуы, ізденуі болып табылады. Өмірде дұрыс жол  табу үшін адам ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.  «Шығармашылық»  сөзі «шығару», «ойлап табу» деген ұғымды білдіреді. Философиялық  сөздікте  «шығармашылық - қайталанбайтын тарихи - қоғамдық мәні бар, жоғары  сападағы жаңалық ашатын  іс-әрекет» - деп көрсетілген. Психолог Л.Выготскийдің пікірінше: «Шығармашылық-жаңалық ашатын әрекет». Оқу-тәрбие үдерісінде оқушының қабілетін,   шығармашылығын дамыту мәселесі  М.Құдайқұлов, Г.Нургалиева, Б.Тұрғынбаева еңбектерінде   қарастырылған.

          Ғалымдардың айтулары бойынша, жалпы адам баласы  табиғатында қабілетсіз болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары болса, екіншілерінің қабілеті орташа, төмен болады.

          Оқушының шығармашылық  белсенділігін   тиімді әдіс - тәсілдермен   дамыту  мұғалімнің  шеберлігі   мен біліктілігіне байланысты.

          Баланы жастайынан шығармашалыққа қалай баулу керек? Психологтардың зерртеулері бойынша, өскелең ұрпақты шығармашылыққа баулуға өзекті болардай   өзіндік ерекше қабілет, бейімділік қажет. Баланың шығармашылық  қабілетін дамыту  мәселесін талдау ең алдымен "қабілет" ұғымының  мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» - тұлғаның белгілі  бір әрекеті, орындауға жағдай жасайтын  жеке ерекшеліктері  дей келе, олар  қоғамдық - тарихи  іс-әрекеттердің  нәтижесінде   қалыптасып, әрі қарай дамып  отыратындығын атап көрсеткен.

        Демек, мектеп оқушыларының  тұлғалылығын   тәрбиелеу үшін, ең алдымен   олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор.   Біріншіден адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы.Сыныптағы оқушылардың қабілеттері бірдей емес, әрқайсысы әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен  дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса,   екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салады. Олардың қабілеттерінің  құрылымы, оны құрайтын компоненттер  әр түрлі болады. Ғалымдар керісінше, көзқарастардың бар   екендігіне  қарамастан, адам бойында  әрекеттің  бірнеше   түрін орындай алу   мүмкіндіктерін  бар екендігін  дәлелдейді.

        Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейін көрсетеді:

1. Репродуктивті   іс - әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі;

2. Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Балалардың  шығармашылық қабілетін дамытуда қажетті жағдайлардың  мазмұнына тоқталамыз:

  1. мұғалімнің ең алдымен шығармашылық  көңіл-күй тудыру арқылы  балалардың  назарын бір   нәрсеге бағыттауы;
  2. шығармашылық жаттығулар мен ойын,  тапсырмалардың мазмұны балалардың  жас ерекшеліктеріне, қызығушылығына үйлесуі;
  3. оқушыларды шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай туғызу;
  4.  шығармашылық бағытқа оқушыларды жүйелі, саналы түрде қалыптастыру.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше  шарт орындалу тиіс:

  1. шығармашылық қабілетін дамытуды  ерте бастан қолға алу;
  2. ойлау мүмкіндігінің  ең жоғары деңгейіне жету;
  3. оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу.

Оқушының шығармашылық белсендігін оятып, дамыту үшін  сабақтарды  мынадай әдіс-тәсілдер  арқылы өткізуге болады:

  1. сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
  2. сабақты жаңа технологиялар арқылы түрлендіру;
  3. сабақта сурет, тірек сызбаларды пайдалану;
  4. заманауи техникалық құралдарды  тиімді пайдалану;
  5. тақырыпқа қатысты бейнетаспаларды,  фильмдерді көрсету, оларға талдау  жұмыстарын жасау;

      Жалпы қорытындылай келсек, мұғалім өз  пәнін жүргізу барысында оқушылардың шығармашылық  қабілеттеріне  бас назар   аударуы қажет екені анық. Сабақ құрылымына үлкен жауапкершілікпен қарап,  үнемі жаңа технологиялармен  қолдану – заманның талабы. Оқушының шығармашылық қабілетін  дамыту жолында «Жобалау» әдісінің, «Педагогикалық шеберхана» «Сын тұрғысынан ойлау» технологияларының берері мол.

 

 

 

 

197 0
Каинжамал Шошанова, №75 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 001552
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: