Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1058

Қазақ тілі сабағында топпен жұмыс жасау

Қазіргі заман мұғалімінің оқыту қызыметі тәлімгерліктен, дұрыс білім алуға үйретуден гөрі,   түсінуші және ортақтасушылық пен педагогикалық көмек ретіне ауысып отыр. Мұғалім жұмысына  қойылатын  талаптарға жаңа өзгерістер енгізілуде: бағдарламалық көлемді жоспарлап, жеткізуден, көпқырлы сана қалыптастыруға шығармашылық қабілеттілік дамытуға дейін. Тәлімгер  мектепте  білім   алып, біліктілік және дағды қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар (тұлғалық ерекшеліктеріне сай) жан-жақты білім жиынтығын алып шығуға міндетті. Дегенмен де қандай инновциялық әдістер енгізілгенімен , тек қана сабақта, жүздеген және мыңдаған жылдар  бойы келе жатқандай оқу үдерісінің  қатысушылары болады: мұғалім және оқушы. Бұл кездесудің қалай болуынан  көп нәрсе байланысты. Қазіргі заманның мектептерінің мақсаты – тұлғаның  өзінің   білімділігі, қызығушылығы   мен  мүмкіндіктеріне сай, зерделік шығармашылық еңбекке дайын , өз ісін жүзеге асыруға жағдай жасайтын,  білім қажеттілігін қамтамасыз ететін білім жүйесін жасау. Жаңа уақыт талабы бойынша, қарама-қарсы қатынас жасай алатын, бірлесе отырып  істер атқаратын,  басқаға қол ұшын бере алатын адамдар қажет. Яғыни қоғамның әлеуметтік сұранысы және білім жүйесінің қажеттілігі тұлғалақ-бағыттық білім жағдайында қазақ тілі сабақтарында оқу қызыметін топтық формада өткізуді  көкейкесті жағдайлардың қатарына қояды. Бұл материал  қазіргі уақытта  кеңінен таралып келе жатқан  тұлғалық-бағыттық оқытуды  көрсететін топтық оқытуды ұйымдастыру  бойынша  менің іс-тәжірибемнен  алынып отыр. Сабақтағы топтық жұмыс келесі себептерге негізделген. Оқушылардың құрылымы біркелкі болмауы орта мектептердің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Ал бағыттық-тұлғалық оқыту, оқушыларды  оқыту олардың  жеке тұлғалық қабілеттіліктеріне сәйкес құрылады, оқу материалын қабылдау деңгейі – тереңнен ең төменгіге дейін  әртүрлі оқушылар үшін қалыпты жағдай. Педагогика мен психологияның айтуынша өздерінің табиғи қабілеттері, қабылдау деңгейі, жұмыс жылдамдығы, ойлау қабілеттіліктері бойынша оқушылар бір-бірінен өте айрықша болады. Бір сыныпта дамуы бір-біріне қарама-қайшы деңгейлі оқушыларды жиі бақылауға болады.(ең жоғарғыдан ең төменгіге дейін). Мұндай жағдайда мұғалім орташа оқушыдан нәтиже шығаратын әдіс-тәсілдер мен сабақтың түрін таңдауы қажет. Бірақ жұмысты бұлай ұйымдастыру барысында, төмен оқитын оқушыларға көңіл аз бөлінеді, ал үздік оқушылар мен дарынды балалар мүлдем өз беттерімен қалып қояды. Бұл кезде үздік оқушылар оқуға деген қызығушылықтарын жоғалтады, олардың сабақта іштері пысады, соның нәтижесінде, дарынды балалар оқудың аяғында орташа оқушыларға айналады. Ал төмен оқитын оқушыларға келетін болсақ, оларға орташа деңгейдегі тапсырмалар шамалары келмейтін болып көрінеді. Өздеріне сенімсіз болады, жауап берген кезде ойларын ашық айтуға қорқады. Осының салдарынан осындай оқушылар ақырында мүлдем ойлаудан қалып, өздеріне ыңғайлы жеңіл жолдарды іздей бастайды. Ол - механикалық түрде жаттау, біреудің сыбырлап айтқанын тыңдау немесе жай ғана көшіріп алу. Мұның аяғы төмен оқитын оқушыларды оқуды жек көруге әкеледі. Осындай   жағымсыз құбылыстар бұрыннан белгілі. Топтық оқыту формасын тиімді ұйымдастыру мақсатында, мен осы құбылыстарды сынып ішінде саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы жеңуге тырысудамын. Оқушылармен  топтық жұмыстарды сабақтың түрлі кезеңдерінде, түрлі тақырыптардың немесе бөлімдердің  әртүрлі сатыларында қолдануға болады. Топтық жұмыс әдісі мұғалімнің тарапынан мұқият дайындықты талап етеді. Мұндай сабақтың жоспары барлық екжей-тегжейіне дейін қаралуы керек. Мұғалім топтарға арналған негізгі және қосымша тапсырмаларды анық тұжырымдап, жұмысты қалай ұйымдастыру керектігін  мұқият ойластыруы (топтың сыныптағы, тапсырманы орындау барысындағы құрылымы, жедел бақылау түрлерін және т. б.), кедергілерді ескеруі керек. Мен топтарды әртүрлі деңгейдегі оқушылардан құрамын. Бастапқы кезде топтпарға біріңғай жақсы оқитын немесе біріңғай нашар оқитын оқушылар  түсуінің нәтижесінде жұмыстың өнімі мен ойлағандай мақсатқа жеткізбеді. Бірақ келе-келе бұл олқылықтарды ескере отырып топтарды біркелкі жұмыс нәтижесін беретіндей  етіп бөлуді үйрендім. Топтық жұмыс барысында  Лев Выгодскийдің ЖАДА-сы  жақсы көрініс табады. Басқаларға көмек бере алатын оқушыларды сарапшы ретінде алып отырамын. Оларды анық тану үшін сынып жетекшілерімен және мектеп психологымен үнемі байланыста боламын.  Бұл жоғары зерделік қабілетті, сабақта белсенді, өзінің жолдастары мен мұғалімді тыңдай білетін тіл үйренуді ұнататын, оқу үдерісін ұнататын, оқушы болуы мүмкін.   Сонымен қатар жоғары деңгейдегі даму қабілетімен тіл үйренуге құштарлығы бар, есте сақтау қабілеті де жоғары болады. Оған оқу үдерісі ұнайды. Ол - материалдың ең негізгісін анықтай алатын, талдап қорыта алатын, бұрын алған білімін сараптап басқаларымен қарым-қатынасқа  жеңіл түсе алатын оқушы. Белгілі бір нәтижелерге жеткен кезде оқушылардың өз еріктерімен де топтар құрып, жұмыстың бұдан да нәтижелі болуын қамтамасыз етуге болады. Топтық жұмыс, оқытуда да, балаларды тәрбиелеуде де өзінің оң нәтижесін береді. Мұндай оқу барысында сыныптың оқушылық ұжымы  қалыптасып, дамиды. Барлық оқушылар оқыту барысында іскерлік дағды қалыптастыратын жұмыстың топтық түріне қызығушылық танытады. Барлық дәстүрлі сабақтарда орнынан көмек ретінде айтылған сөздерге мұғалім тарапынан міндетті түрде тыйым салынады, ал топтық жұмыстың бір мақсатының өзі осындай көмек және бірлескен жұмыс. Жұмыс оқушы өзін топта жайлы сезініп мақсатына жете  алатындай етіп ұйымдстырылуы жөн. Мұғалімнің алдына қойған мақсаты мен оқушының мақсаты бірдей болуы қажет. Әр топтық сабақтар (оқытудың топтық тәсілі) бір-бірінен мақсаттарымен ерекшеленеді, бірақ формасы бұрынғыдай болып қала береді. Жаңа сабақты меңгеруі оқушылардың өз бетімен жүруі керек. Мұндай сабақтың мақсаты: әр оқушыны жаңа анықтамаға, түсінікке үйрету және т. б. Топтық жұмыс әсіресе бақылау жұмысы болардың алдында немесе бір бөлімді өткеннен кейін жүргізілсе өте тиімді болады.  Бұл жерде оқушылар ұжымды түрде сұрақтарға жауап іздеп, оның шешімін шығарғанда, өз істерін немесе бір-бірінің жұмысын бағалағанда топтық жұмыс құнды болады. Өйткені қорытынды топтық жұмыстар барысындағы мақсат:  әр оқушы өзінің түсінбеген жерлерін басқаларының көмегі және мұғалімнің көмегі арқылы толықтыра алады. Ал бақылау жұмыстарын талдап, сараптаған кезде үлгерімі төмен балалар көрінеді. Осы арада олардың үлгермеген тақырыптары анықталып, оларға көмек көрсететін мүмкіндік туады. Бақылау жұмысын үздік орындап шыққан оқушыларға қосымша күрделіленген тапсырмалар беруге болады. Ал тапсырмаларды орташа орындаған оқушыларды тағы да қателерінің көлеміне қарап топқа бөліп, басқалардың және мұғалімнің көмегі арқылы ілгері басуына ықпал етіледі.Топта әлеуметтік және іскерлік қарым-қатынастық дағды қалыптасады. Топтық жұмысты қолдану мұғалімге оқушының танымдық ынтасын дамытудан, олардың танымдық белсенділігін дамытуға әкеледі. Топтық жұмыс барысында оқушылар арасында оқу топтық қарым-қатынас кезінде жүзеге асырылады, үздік оқушы үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі. Жұмыс топ ішінде әр оқушы өзінің шама-шарқына сай жұмыс атқаратындай етіп, өздерінің жолдастарының көмегімен қиын тапсырмаларды орындап үйренетіндей етіп және өзінің кішкентай болса да еңбегін көре алатындай етіп, топтың және өзінің табысына қуанатындай етіп ұйымдастырылады. 

    Педагогикадағы, оқушыға деген жеке қатынас, оқушының ынтасын арттыру, олардың бойында күнделікті жаттанды білімнене гөрі эвристикалық білімді арттыру, топ ішінде әлеуметтік-педагогикалық қайшылықтар жою сияқты келесі мәселелерді шешу орын табады. Оқу үдерісінің мазымұны мұғалімнің хабарламалық-әдістемелік ақпаратымен емес, оқушылардың зерделік ресурстарына байланысты дамиды, талданып отырған материалдың тереңдігі де сыныптың әдеттік енжарлығы мен  уақытқа бағынышты емес, ал оқушылардың қаншалықты түсініп дәлелдеуіне байланысты. Дәстүрлі сабақ барысында ақпаратты алу, түсіну, оны тасымалдау үштік бірліктік үдеріс бұзылады. Бұл жерде оқушылар материалды тасымалдауға қатыспайды. Ал керісінше ақпаратты белсенді түрде қабылдап, оны бсқаларына тасымалдату топтық жұмыс барысында мүмкін болып отыр. Сонда бұл оқу қалай жүреді? Топта жұмыс жасап отырған оқушы мұғалімнен және өінің сыныптастарынан көмек ала алтынын біледі. Осы үлкен топтың ішінде жұптар пайда болады. Жұптағы екі оқушы бір-біріне жаңа алынған ақпаратты түсіндіре алады және бір-бірін жаттықтырады. Әр оқушыда өзінің үйренгенін басқаға түсіндіру мүмкіндігі туады. Осы топтағы бір бала басқаларын үйрете алады, ал керісінше басқалары оны да үйрете алады.Осындай жұмыстан кейін сынып оқушыларының арасында жаңа қарым-қатынас пайда болады. «Жаңа тақырыпты өту» әдісі. Ол үшін оқушылар өздері аша алатын жеңіл тақырып алынады. Содан соң ол әр топқа әртүрлі тапсырма ретінде бөлінеді. Әр топ өздерінің тапсырмаларын орындайды. Тапсырманы орындау барысында мұғалімнен немесе топбасшысынан көмек сұрай алады. Сабақтың практикалық бөліміне барлық топтар тапсырмаларын орындап болғаннан кейін кіріседі. Әр топ өздерінің  орындаған тапсырмаларын басқаларына түсіндіріп, дәлелдейді. Басқалары қосымша сұрақтар қою арқылы толықтырады.Егер оқушылар тақырыпты алып шыға алмаса, немесе толық түсінбеген жағдайда мұғалім тарапынан көмек болады. Топтық жұмыс барысында мұғалім тек бақылаушы ретінде болады. 

 

Қолданылған әдебиеттер: «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» Қазақстан Республикасының педагог қызыметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.

           

262 0
Гүлмайрам Жанделдінова, ШЖҚ МКК "№75 мектеп-гимназиясының" қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 001548
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: