Сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбаев. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 6.1.4.1 – Автор идеясын аша отырып, кейіпкер бейнесін сипаттау; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Абай Құнанбаев шығармаларының идеясын анықтайды. Кейіпкерлер бейнесін сипаттайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, музыка,өзін-өзі тану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрнекіліктер | Интерактивті тақтамен жұмыс,аудио, слайд,бағалау парағы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | «Хронологиялық кесте» | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дерек көздер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі.
2 минут
Үй тапсырма- сын сұрау 10 минут
Жаңа сабақ 6 минут
Топтық жұмыс 5 минут
Жұптық жұмыс 5 минут
Жеке жұмыс 5 минут
| Мотивациялық – бағдарлау әдісі арқылы оқушыларға атмосфера қалыптастыру. - Мен болашақта министр болуды армандаймын! - Мен елімнің тыныштығын тілеймін! - Мен барлық балалар ата-анасын сыйласа екен деймін! - Мен бақыттымын ,өйткені айналамда қаншама жақсы адамдар бар ! - Мен саяхатқа шығуды армандаймын! - Мен ақылдымын өйткені сабаққа әрқашан үлкен дайындықпен келемін! - Мен білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыммен бақыттымын ! Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық. Мұғалім: Топқа бөлу. -Балалар Абай аталарыңның ақыны екені белгілі. Оның өлеңдері өнеге мен ұлағатты сөздерге толы. Енді осы арқылы топқа бөлінеміз.
Үй тапсырмасын сұрау. «Хронологиялық кесте»
Мұғалім «Желсіз түнде жарық-ай» өлеңін айтады.
Бейнежазба көрсету Ендеше балалар, бұл бейнежазбаны көру арқылы не түсіндік? 1. Тыңдаған үзіндіде не туралы айтылды? 2. Ақынның айтпақ болған ойы не? (Оқушылар өз ойларын айтып шығады). Мұғалімнің қосымша берген ақпараты: Бұл өлеңінде Абай оқырман-тыңдаушыларына, ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. М. Әуeзовтің айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап өлім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақынның, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп айтпай, «көңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен.
« Сөз сырын ұғыныңыз » әдісі (Әр топ өз жұмысын қорғайды). I-топ «Ақын»тобы Абайдың ақын-жазушы шәкірттеріне қандай ақыл-кеңес, насихат айтып тұрғанын, өлең жолдарынан тауып көрейік. II-топ «Өлең»тобы Көңілінің көзі ашық, көкірегі сезімді, тілі орамды, Түзу кел, қисық- қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей деген сөз тіркестерінің мағынасын ашайық. III-топ « Өнеге »тобы Әзірет Әлі, айдаһарсыз, алтын иек, сары – ала қыз, Әсіре қызыл емес, жиренбеңіз сөздерінің (Мағынасын ашу) IY-топ « Ұлағат»тобы Абайдың өлең жолдарынан қандай көңіл-күйін байқауға болады?
Жұптық жұмыс Абай атамызға арнап хат жазайық.
Жеке жұмыс :«Үш жақты күнделік» әдісі
| атмосфера қалыптастыру.
Суреттер арқылы топқа бөліну I-топ «Ақын»тобы II-топ «Өлең»тобы III-топ « Өнеге » тобы IY-топ « Ұлағат»тобы
Кесте
Интербелсенді тақта https://www.youtube.com/watch?v=FwaZBLgjEb4
Плакат. Түрлі – түсті маркерлер
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кері байланыс 5 минут
Бағалау кезеңі 5 минут | КЕРІ БАЙЛАНЫС Егер бүгінгі сабағымызда төмендегі іс-әрекеттерді толық жасаған болсақ, онда алдымыздағы білім есігінің кілтін дәл тауып, аша алдық деп ойлаңыздар. Кесте арқылы сұрақтарға жауап бердік. Өлеңнен қандай ақыл кеңес айтқандарын таптық. Сөз тіркестерінің мағынасын аштық. Абай атамызға арнап хат жаздық Өлеңнен ерекше әсер еткен жолдарға түсінік бердік. Бағалау парақшасы арқылы бағаланады |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат 2минут
| Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін өлеңін жаттап. Көркемдегіш құралдарды табу. |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||