Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1052

Пойыз қозғалысы графигі және теміржолдың өткізу қабілеті

Пойыз қозғалысының графигі теміржол көлігінің барлық тасымал жұмыстарын ұйымдастырудың негізі болып табылады. Ол теміржолдың барлық бөлімшелеріне міндеттеледі: стансаларға, локомотив деполарына, жол дистанцияларына, сигнализацияларға және байланыстарға және т. б. График барлық бөлімшелердің жұмысын біртұтас етіп ұйымдастырады. Оның негізімен теміржолдың қабілеттілігі кәсіпорындармен – жүк қабылдаушы және жүк жөнелтушімен келісіледі, вагондар мен локомотивтердің қолданылу көрсеткіштері анықталады, жолаушыларды өз уақытымен және қауіпсіз тасымалдау жүзеге асырылады. Пойыз қозғалысы графигін сақтау және оның бұзылуын ескерту – қозғалысты ұйымдастыруға қатысатын барлық жұмысшылардың басты міндеті.

Пойыз қозғалысының графигіне келесі талаптар қойылады:

  1. әр учаскеге белгілі мөлшерде жүк және жолаушы пойыздарын жіберу арқылы жүк және жолаушы тасымалы жоспарының орындалуын қамтамасыз ету.
  2. теміржол аралығындағы пойыздардың жүрісін, стансалық және пойыздық интервалды, техникалық және коммерциялық операциялар үшін пойыздардың аялдау нормасы, пойыздарды қабылдап-жөнелтуге және маневр жұмыстарын жүргізуге бекіткен талаптарды бақылау арқылы пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  3. транзиттік және құрама пойыздарды дұрыс кезекпен стансаға апару арқылы графикте пойыздарды ретімен қоюдың арқасында қол жеткізілетін учаскелердің өткізу мен тасымалдау қабілетін тиімді пайдалану;
  4. шектесетін учаскелердегі, жоларалық және шекаралық тораптардағы пойыздар қозғалысының графикке дәл сәйкес келуі және пайдаланудың озық әдістерін қолдану көмегімен жылжымалы құрамды жоғары өнімділікпен қолдану;
  5. бағыттардағы бригаданың ауысу пунктерін ұйымдастыру арқылы локомотив және пойыздық бригадалардың жұмыстарының бекітілген ұзақтығын бақылау.
  6. Графике ұзақтығы 60-120 мин-қа тең терезелерді бөлу арқылы жолдардың, жабдықтардың, электрмен жабдықтау, СОБ және байланыс құралдарының ағымдық мазмұны бойынша жұмыстардың орындалуына жағдай жасау.

Пойыздар қозғалысының графигі бір жылға құрылып, барлық теміржол жүйесіне бір уақыт-та енгізіледі және қыс мезгіліндегі жағдайлар да қарастырылады. График негізімен пойыздардың келу уақыты мен стансадан жөнелтілу уақыты көрсетілген пойыздар қозғалысының кестесі құрылады.

 

 

5.1.2. Пойыз қозғалысының графиктік суреті.

Графиктің түрлері мен мазмұны.

 

Пойыз қозғалысының графигі уақыт пен арақашықтық масштабы көрсетілген стандартты торда құрылады. Көлденең сызықтар жеке пунктердің осьтерін білдіреді, олардың арақашықтығы жеке пунктердің осьтерінің арасындағы арақашықтыққа сәйкес. Масштап әдетте 2 мм ~ 1 км болып қолданылады. 

Тор тігінен жуан сызықтармен 24 сағ-қа бөлінген. Әр сағат жіңішке сызықтармен 6 жолақтарға теңдей бөлінген, бұлар 10 минутты интервалға сәйкес келеді. Жарты сағатты сызық

оқуға ыңғайлы болуы үшін үзік сызықтармен сызылады.

Қозғалыс көлеміне байланысты тәулік тордың 4 форматы бекітілген:

  1. А-0 форматты бір парақтағы ДГ-1 формасы;
  2. әр қайсысы 12 сағатқа есептелген А-0 форматты екі парақтан тұратын ДГ-2 формасы;
  3. әр қайсысы 8 сағатқа есептелген А-0 форматты үш парақтан тұратын ДГ-3 формасы;
  4. әр қайсысы 6 сағатқа есептелген А-0 форматты төрт парақтан тұратын ДГ-4 формасы.

Әдетте уақыт масштабы 5 мм ~ 1мин, ал қозғалыс көлемі тәулігіне 100 жұп және одан да көп пойызға есепетелген учаскелерде 10 мм ~ 10 мин болады.

Тордың оң және сол жағында қозғалыс графигіне қажетті барлық көрсеткіштер көрсетілген кестелер орналасады.

Сол жағында – локомотивтерді ауыстыру ЛА, локомотив бригадаларын ауыстыру БА, құ-рамның техникалық жағдайларын тексеру ТТ, құрамды сумен жабдықтау СЖ  операцияларын орындайтын техникалық пунктермен аялдама уақыттары көрсетіледі. Дәл осы бағанада аялдайтын пойыздардың жүрісіндегі басып озу және баяулату уақыттары көрсетілген жұп және тақ бағыттағы теміржол аралығындағы жолаушы және жүк пойыздарының жүріс уақыты жазылады. Осы жердегі тор көзге жылдамдықты тежеуге берілген ескерту уақыты көрсетіледі. Жұп және тақ бағыттағы басып озудың саны – жүк пойызы үшін сол жаққа, ал жолаушы пойыздары үшін – оң жаққа жазылады.

Содан соң жеке пунктердің атаулары, пойыз қозғалысының байланыс құралдары және учаскелік пен аралық стансадағы жолдардың саны белгіленеді. Жолаушы ғимараттары басты жолдарға қатысты төртбұрыш түрінде көрсетіледі (5.1 кесте). 

Сонымен қатар:

  1. төртбұрыштың ішкі ауданы боялмаған – бағыттама бұрмасы қолмен басқарылады;
  2. ішкі ауданы штрихталған – бағыттамалар мен сигналдардың құрылғылары механи-каландырылған;
  3. ішкі ауданы толығымен боялған – электрлік орталықтандыру.

Оң жақ бағанада екі еселік тартқыш және итергіш кезіндегі локомотив сериялары, жеке пунктердің атаулары, олардың арасындағы километрлік арақашықтығы, бастапқы стансадан өсу реті бойынша жеке пунктерге дейінгі арақашықтық, графиктегі жүк және жолаушы пойыздарының саны, қозғалыстың техникалық және учаскелік жылдамдықтары жазылады (кесте 5.2).

Графиктің жоғары бөлігінде учаскелердің көрсеткіштері жазылады: пойыздық локомотив-тердің сериялары, вагондардың түрлеріне байланысты пойыздардың массасы мен ұзындықтары, графиктің жұмыс жасау уақыты жазылады.

Графиктің астында шартты белгілер мен графиктің құрастырған және тексерген тұлғалар-дың, сондай-ақ жол басшысының қолдары болады.

Күнделікті жағдайда пойыздар теміржол аралықтарында айнымалы жылдамдықпен жүреді. Пойыз орнынан қозғалған соң жылдамдығын жоғарлата бастайды (екпін алу), содан кейін тұрақты жылдамдықпен жүреді, аялдау алдында тежелуді бастайды (баяулату), бұл кезде жылдамдық нөлге дейін түседі.

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 5. 1

Қозғалыс графигі торларының сол жақ тік бағанасы

 

Техникалық пунктердің орналасуы және аялдама уақыттары

Жүк және жолаушы пойыздарының жүріс уақыты, мин

Жеке пунктердің атауы

Сигнализация және байланыс құрылғылары

Учаскелік және аралық стансалардағы жолаушылар саны

жолаушы пойыздары, мин

жүк пойыздары, мин

тақ

жұп

тақ

жұп

тақ

жұп

 

 

СЛ

10

 

 

 

10

 

 

СЛ

10

 

 

 

10

 

2               1

10

12

1               1

 

1              1

10+2

12+1

2               1

 

 

ст. А

 

 

ст. Б

 

 

 

 

 

ст. В

 

 

 

 

 

ст. Г

 

 

 

 

 

ст. Д

 

 

А

В

Т

О

Б

Л

О

К

И

Р

О

В

К

А

 

 

 

 

 

          2          

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

2               1

10

12

1               1

 

 

2               1

10

12

1               1

 

 

 

 

             2       

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

2               1

10

12

1               1

 

 

2               1

10

12

1               1

 

 

 

 

             2       

 

 

 

 

 

 

2

 

 

ТО

20

 

 

 

20

 

 

ТО

20

 

 

 

20

 

2               1

10

12

1               1

 

 

1              1

10+2

12+1

2               1

 

 

 

 

 

             3       

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кесте 5. 2

Қозғалыс графигінің бірінші тік бағанасы

 

Екі еселенген тартқыш және итергіш ке-зіндегі ло-комотив сериялары

Жеке пунк-тердің атаулары

Арақашықтық, км

Пойыз саны

 

Жүк пойыздарының жылдамдығы, км/сағ


өсу реті бойын-ша

жеке пунктердің аралықтары бойынша

жолаушы пойызы-ның жұптары

жүк пойызның жұптары

 

техникалық

 

учаскелік


тақ

жұп


ТЭ-3

А ст.

 

Б ст.

107,5

 

91,6

 

15,9

 

 

 

 

 

5+6

3+1

 

 

 

 

 

15+3

2+2

 

 

 

 

 

15+3

2+2

 

 

 

 

 

50,1

 

 

 

 

 

49,8


 

 

В ст.

 

81,1

 

10,5


 

 

Г ст.

 

71,8

 

9,3

құрама


48,1

30,3


ТЭ-3

 

Д ст.

 

62,8

 

9,0


 

 

            Пойыздар қозғңалысының графигін мынадай түрде көрсетуге болады (сурет 5.1):

 

                                        


 

5.1 сурет. Пойыздар қозғалысының графикалық суреті:

а – Б стансасынан аялдаусыз өткізілген кезде;    б – Б стансасына аялдаған кезде

 

5.2 сурет. Қозғалыс графигіндегі пойыздардың жүру сызықтары


 

 

А стансасынан 2001 пойызы 0 сағ 09 мин-та жөнелтіліп, Б стансасынан аялдаусыз 0 сағ 28 мин-та өтеді, В стансасына 1 сағ 48 мин. болғанда келеді.

            А стансасынан 2003 пойызы 1 сағ 01 мин-та жөнелтіліп, Б стансасына 1 сағ 21 мин-та келеді, 5 минут аялдап,  1 сағ 26 мин-та жөнелтіледі, В стансасына 1 сағ 48 мин болғанда келеді.

Бірақ пойыздар қозғалысының сызықтарын графикке қисық еңіс түрінде салу ыңғайсыз, Сондықтан жүру сызықтарын тік еңістік түрінде көрсету шартты болып қабылданған (5.2 сурет).

Пойыздардың учаске бойынша жүру жағдайларына байланысты екпін алу және баяулату уақыттары таза жүріс уақытына қосылады. Жүріс сызықтарының үстіңгі жағына пойыздардың номерлері жазылады. Пойыздардың жөнелтілу, жол жүру және келу уақыттары жеке пунктердің осьтерімен және жүрістің еңіс сызықтарымен салынған тұйық бұрыштарда жазылады. Егер пойыз Б стансасын 0 сағ 28 мин-та жүріп өтетін болса, графикке тек 8 цифрын жазу керек.

Тақ пойыздар графикке жоғарыдан төмен қарай, жұп пойыздар төменнен жоғары қарай салынады.

Пойыз жұптарындағы жолаушы қозғалысының көлемі бөлшек түрінде жазылады, мұндағы:

  1. алымында  - тұрақты, жаз мезгіліндегі және бір рет қатынасқа шығатын пойыз жұптарының саны;
  2. бөлімінде – қаламаңдық және демалыс пен бір рет қатынасқа шығатын қаламаңдық пойыз жұптарының саны.

Жүк пойызы қозғалысының көлемі жұпталмайтын болса, олар жұп және тақ бағыттар үшін бөлек-бөлек жазылады. Алымында – тұрақты қатынастағы және жедел жоспардағы үзік жолаушы сызықтарымен және технологиялық «терезелермен» белгіленген пойыздар саны. Бөлімінде – құрама пойыздар және тасымалдаушы және беріліс пойыздар саны.

Пойыздар графигінде мыналар салынады:

  1. тұрақты және жаз мезгіліндегі жолаушы пойыздары (№1-ден №399-ға дейін) – бір түсті график кезінде тұтас қызыл сызықпен немесе жуан қара не көк түсті сызықпен сызылады.
  2. жүк пойыздары – тұтас жіңішке сызықпен сызылады.
  3. үлкен салмақты және ұзын жүк және жолаушы пойыздары – екі еселенген бірдей тұтас сызықпен сызылады.
  4. құрама пойыздар – штрих үзік сызықтармен;
  5. диспетчерлік және жалғыз локомотивтер – үзік сызықтармен сызылады.

 

 

5.1.3.   Пойыз қозғалысы графигінің классификациясы

 

            Пойыз қозғалысы графигін құру жөніндегі Көлік және коммуникация министрлігінің Нұс-қауына сәйкес Қазақстан теміржолы жүйесіндегі пайдаланудың түрлі жағдайларына байланысты пойыз қозғалысының графигіндегі сызықтар келесі белгілер бойынша классификацияланады:

            1. Учаскедегі басты жолдардың саны бойынша - бір жолды (екі жақты), екі жолды (бір жақты) және аралас.

            Біржолды желілерде пойыздардың айқасуы және басып озуы тек жеке пунктерде орындала-ды (5.3, 5.5, 5.6, 5.8 суреттер).

            Екі жолды желілерде пойыздардың кездесуі жеке пунктерде де және теміржол аралықта-рында да жүргізіледі (5.4, 5.7 суреттер), ал басып озулар – тек жеке пунктерде орындалады.

Желілерде бір жолды және екі жолды теміржол аралықтары немесе қосымша жолдары бар графиктер бір жолды-екі жолды (аралас) деп аталады. Екі жолды желілерде басты жолдар бағыттары бойынша (жұп және тақ) мамандандырылады. Үш жолды желілердің екі жолы бағыттары бойынша мамандандырылады, ал бір жолы екі жақты қозғалыстарға арналған.

Төрт жолды желілерде екі жол жұптары бағыттары бойынша мамандандырылады. Ереже бойынша жолдардың бір жұбы жолаушы қозғалысына, ал екіншісі – жүк қозғалысына арналған.

2. Қозғалыс жылдамдығының қатынасы бойынша – параллельді және параллельді емес.

Параллель графикте барлық бір бағыттағы пойыздардың жылдамдығы бірдей болады (5.3, 5.4, 5.8 суреттерді қараңыз). Бұл графикте желілердің максимальды өткізу қабілеті жүзеге асырылады және ол барлық график түрінің қасиеттері мен заңдылықтарын оқуға негіз болады. Бөлек учаскелерде параллель график тәжірибе жүзінде қолданылады.

Параллель емес графикте әр түрлі категориядағы пойыздардың өз жүріс жылдамдықтары болады. Пойыздардың жүріс сызықтары өзара параллель болмайды (5.5, 5.7 суреттер). Жолаушы 


5.3. сурет. Бір жолды параллельді график

 


5.4. сурет. Екі жолды параллельді график


 

5.5. сурет. Біржолды параллельді емес график


5.6. сурет. Бір жолды қорапты график

 


5.6. сурет. Екі жолды параллельді емес график


5.7. сурет. Бір жолды параллельді пакетті жұпталған график

пойыздарының жүк пойыздарын өткізуге кері әсерін азайту мақсатында жолаушы пойыздарының тобы қорапты түрде жіберіледі. Бұндай графиктер учаскедегі дара жүк қозғалысы кезінде қолданылады.

3. Тәуліктегі пойыздар санының қатынасы бойынша  жұп және тақ бағыттарда жұпталған және дара болып бөлінеді.

Жұпталған графикте тәуліктегі жұп пойыздардың саны тақ пойыздардың санына тең болады.

Дара графикте пойыздардың саны жұп және тақ бағыттар бойынша әр түрлі болады. Бұл жағдайда бағыттар бойынша пойыздардың саны аз болатын локомотивтердің резервті жүрісі қажет болады.

Графиктің даралық деңгейі даралық коэфициентімен сипатталады.

 

,

 

мұндағы, Nmin  –  қозғалыс мөлшері аз бағыттардағы пойыздардың саны; Nmax – қозғалыс мөлшері көп бағыттағы пойыздардың саны.

 

4. Бір бағыттағы пойыздардың жүру тәртібіне байланысты қорапты, пакетті және жартылай пакетті графиктер болып бөлінеді.

Қорапты графикте бірінен соң бірі жүретін пойыздар бір жолды желілерде де, екі жолды желілерде де өзара бір-бірімен стансааралық теміржол аралықтарымен шектеседі (5.7 суретті қараңыз).

№2005 пойызы №2003 пойызы келген соң және станса пойыз қозғалысына қатысты операцияларды орындағаннан кейін  ғана жөнелтіледі. Бұндай графиктер теміржол аралықтарында блок-посттар болмаған кезде блокировкамен және жартылай блокировкамен жабдықталмаған учаскелерде қолданылады.

Пакетті графиктерде бір бағыттағы пойыздар автоблокиравкамен жабдықталғанда өзара блок-учаскелермен  (5.8 суретті қараңыз) немесе жартылай автоблокировкамен жабдықталғанда блок-посттары болған жағдайда постаралық теміржол аралықтарымен шектеледі.

Егер пойыздардың жарты бөлігі бөлшектеліп, ал қалған бөлігі пакеттермен жіберілсе, бұндай график жартылай пакетті деп аталады және ол пакеттілік коэффициентімен сипатталады

 

                                                     ,

 

мұндағы, Nпак  - пакетпен жіберілген пойыздар саны; N    - тәулікте жіберілген жалпы пойыздар саны.

 

5. Өткізу қабілетін толтыру деңгейіне байланысты графиктер шектесетін теміржол аралықтарының өткізу қабілетін толық толтыратын болып бөлінеді. Олар максимальды график деп аталады. Бір жолды желілерде пойыздар әр жеке пунктерде айқасатын болса, график қаныққан график деп аталады.

Бұндай графиктер ерекше жағдайларда қолданылады.

Учаскелердің қалыпты жұмысы жағдайында қозғалыс графигіндегі өткізу қабілеті              15 ... 25 %   құрайтын резервтер болуы қажет.

 

 

 

569 0
Жарқынай Тәуіршиева Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі Арнайы пән Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастырушы мамандығының оқытушысы Атырау қаласы Ұлы дала ұстазы № 001542
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: