Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына
сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық
пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уəлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін
жастарымызды білімді, мəдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - əрбір ұстаз
міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де
елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің əрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі
кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тəуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының
мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген
қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Қазіргі кезде, қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық əдістерді
қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру жəне
танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқушының жеке басының интеллектісін, оқу əрекетін,
өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пəн арқылы берілгендіктен, əр пəнді заман талабына
сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мəселе болып келгені даусыз. Əрине терең
білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нəтижесіз болды
деп айта алмаймын. Технология мен əдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мəселелерін қарастырады”.
‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж. Аймауытов айтқандай
бүгінгі оқыту жүйесінде əртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тəжірибеге еніп, нəтижелер беруде.
Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тəрбиелеумен қатар оқушының танымдық
күшін қалыптастыру жəне білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең басты мəселе – оқыту əдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар
оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық
жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға,
пəндердің мəнін тереңдетуге, оқытушының кəсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды
енгізуге, пайдалануға жəне шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай
технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға
көмектеседі, оқушының пəнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның
тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан əдістемесіне оқытудың
жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.
Инновация – жаңалыққа талпыну – бұл сəн немесе еліктеушілік емес, қатал шындық - өмір
қажеттілігі. Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін
тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту əдістерін əзірлеу қазіргі кезеңде ең өзекті
мəселелердің бірі. Үйретілетін тілдік материалдарға, жалпы оқу бағдарламасына өзгерістер еніп,
бұрынғыға қарағанда күрделеніп, тілді үйретудің əдіс-тəсілдерінің де жетілдіріліп жатқаны да белгілі.
/1/. Қазір əдістеме ғылымында оқытудың жаңа технологиясы деген ұғым кеңінен қолданылуда. Оқыту
технологиясы мен əдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланыста. Екеуінің де мақсаты бір, яғни
оқытудың тиімді жолдары.
Инновация - дегеніміз білім, тəрбие жұмысына жаңалық енгізу, яғни, жаңа əдістемелік, амал-
тəсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған. Бүгінгі
таңда біздің міндетіміз – оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту үшін, жұмысымызды жаңашаландыру –
жаңа технологияны енгізу. Бұл ұғым біздің өмірімізге берік еніп келеді, дегенмен оның мəн-мағынасы
туралы пікірлер сан алуан. Бүгінде білім беруді ақпараттандыру процессінсіз ешбір оқу орнын көзге
елестете алмайсыз. Соңғы жылдары қоғам өміріндегі дербес компьютерлер мен ақпараттық
технологиялардың рөлі мен орны түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бұл өте жақсы, өйткені ақпаратпен
жұмыс жасауда жаңа технологияларды біліктілікпен тиімді пайдалана білетін адамның ойлау стилі
басқаша болады, пайда болған проблеманы шешуге, өз əрекетін ұйымдастыруға басқа тұрғыдан келеді.
Қазақ мəдениетінде қазақ тілі қашанда ерекше орын алады. Қоғамдағы адамгершілік бағдарларының
ауысуы жас ұрпақтың сана-сезімін өзгертті. Қазіргі заманғы білім берудің басты проблемасы -
оқушылардың қазақ тілін зерттеуге, жалпы сөзге, жазушы көзқарасын ғана емес, жалпы оқуға деген
көзқарасына өзгеріс енгізу. Білім беру саласына түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен
қажеттісін таңдап, сабақтың əр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Мəселе технологияларды
кеңінен пайдалану емес, мəселе тұлғаны нəтижеге бағыттай білімдендіруде. /2/
Көрнекілік əдісі мен техникалық құралдарды қолдану əдісін – Ақпараттық – коммуникациялық
технологияның бір өзі атқара алады. АКТ білім беруді сапалырақ етеді. Бұл процесте оқушыларды
оқыту мүмкіншілігін, олардың интерактивтілігін арттыруға көмектесетін мультимедиалық
технологиялардың ролі ерекше. Мультимедиалық түрде түсіндіру материалды жақсы жағынан ашып,
дұрыс түсінуге көмектеседі. Сабақта электрондық оқулықтарды пайдалану оқушыларда техникалық
дағдыларды қалыптастыруға қажетті мерзімді қысқартуға, жаттығу тапсырмаларының санын
арттыруға мүмкіндік береді, бұл кезде білім беруді жіктеу оңайға түседі де, бала оқыту субъектісіне
айналады, өйткені ол баладан белсенді басқаруды талап етеді. Дəстүрлі сабақтарға қарағанда, интернет-
ресурстарды пайдаланатын сабақтың артықшылығы - мұнда əнгімелесу, қосымша ақпаратпен өз
бетімен жұмыс жасау формасын пайдалануға болады. Бұл кезде əрбір оқушы дербес режимде жұмыс
жасауына болады. Компьютер жақсы оқыту программасымен үйлескенде, аса зор қуатқа ие болып,
төмендегідей мүмкіндіктер береді:
-бейнелеу мүмкіндіктері (анимация, бейнефрагмент) мен дыбысты пайдалану, бұл оқу
материалының мазмұнын барынша көрнекі, түсінікті, қызықты ете түседі;
-оқушылар білімін жылдам жəне тиімді тестілеуді өткізу;
-балалардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру, нұсқама, анықтама жəне басқаларды ұйымдастыру
(осындай жағдайдың баспасөз нұсқасында қажетті ақпаратты іздеу, көптеген əдебиетті ақтару немесе
қажетті əдебиетті алу үшін кітапханаға бару, т.т. қажет болар еді).
Мектепте қойылатын міндеттердің шешімін жүзеге асыруға бірыңғай тұрғыдан келу үшін, пəн
мұғалімі мыналарды білуі тиіс:
-олармен сабақта жұмыс жасауға қажетті дидактикалық материалдарды даярлау үшін мəтіндік,
жазба жəне дыбыстық ақпаратты өңдеу (тапсырмалар нұсқалары, кестелер, суреттер);
-MS Power Point презентация редакторын пайдалана отырып, осы оқу материалы бойынша
слайдтар жасап, презентацияны сабақта көрсету. /3/
Басты қадам АКТ-ны қолдану үшін неғұрлым жүлделі тақырыптарды анықтау мақсатында қазақ
тілі бойынша программаларды қарап шығу. Инновациялық білім беру жабдық құралдарына: аудио-
визуалды құралдар, компьютерлер, интер белсенді тақта, ғаламтор, компьютер – мультимедиялық
құралдар, электрондық оқулықтар мен инновациялық сайттар, Smart техникасы, смартфондары жəне
тағы басқалары жатады.
Жана ақпараттық технологияларды пайдалану: ғылымилық, көрнекілік, қолжетімділік жəне
дербестік дидактикалық принциптерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл принциптер сөз, көрнекі
жəне практикалық оқыту əдістері арқылы жүзеге асырылады. АКТ қазақ тілі сабағында эмоциялық
көңіл- күй үшін маңызы жоғары айқын көріністерді пайдалануға мүмкіндік береді. /4/. Бұл əр
оқушының дербес компьютердің жəне мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі
сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-əрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді
жəне оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары
түрлеріне көтереді. Бүгінгі күні оқушыларымызды алға жетелейтін, жастарымызды дұрыс жолға
бағыттайтын инновациялық білім керек. Оқытушы сабақ беруде өз шеберліктерін шыңдап, дамыту
үшін жаңа оқу технологиясының алуан түрлерін меңгеріп, оны өзінің күнделікті сабағында қолданып
отыруы керек.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» №9 (57) 2013 ж, №7 (19) 2010 ж.
2. Г. Абдурахманова коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері.
«Қазақстан мектебі». А. , 2006, №3
3. Ф. Р. Канназарова «Ақпараттық технологияны сабақта қолдану». Ғаламтор желісі