Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1049

Жетім балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың тенденциялары

Соңғы жылдары түрлі әлеуметтік және экономикалық себептерге байланысты жетім және әлеуметтік жетім балалардың саны күн санап артуда. Осыған орай жетім балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесі   тек  арнайы педагогикада ғана емес, жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика сынды ғылымдардың күн тәртібіндегі көкейкесті мәселесі болып отыр. Жетімдік бала псхикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Ата-анасынан айрылып интернат қарамағына түскен балаларда психикалық ауытқулар байқалып, көңіл-күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігі өмірге деген құштарлығын жоғалтып, өзіне деген сенімсіздіктері күшейеді. Жетімідікті екі категорияға бөліп қарастырамыз:Тұл жетім және әлеуметтік жетім. 

Әлеуметтік жетім дегеніміз өз келісімдерімен баласынан бас тартқан, сонымен қатар белгілі бір себептермен ата-ана құқығанан айрылған азаматтардың перзенті. Тұл жетім-ата-анасының екеуі де немесе екеуінің біреуі дүниеден өткен бала. Әлеуметтік жетімдіктің бірнеше себептері бар:

-Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар санының артуы;

-Тілексіз дүниеге келген балалар;

-Халықтың материалдық жағдайының төмен болуы;

Жетім балалардың өміріне дақ түсіріп, көңілінде сызат қалдырмай аялаудың түрі-қамқорлыққа алу. Қамқорлыққа алу негіздері төмендегідей:

1.Ата-анасының қайтыс болуы.

2.Ата-ана құқығынан айрылуы.

3.Ата-ана құқығының шектелуі.

4.Ата-анасының еңбекке жарамсыздығы.

5.Баласынан өз еркімен бас тартуы.

Қамқорлыққа алу-баланың денсауығы, тәрбиесі-жалпы өмірін өз жауапкершілігіне алу. Қамқорлыққа алынған баланың құқығы мен қамқорлыққа алушыға қойылатын талаптар мен міндеттер ҚР Конституциясында көрсетілген. 

Белгілі ағылшын психологы Дж. Боулби ширек ғасырдан астам жетім балаларды зерттеу мәселесімен айналысқан болатын. Психологтың пікірінше, баланың жастайынан дұрыс дамуы үшін тек биологиялқ анасымен байланыс қажет. Алайда, қазіргі қоғамымызда мұндай жағдай бола бермейтіні айдан анық. Қазіргі таңда қоғамның ең өзекті мәселелеріннің бірі-жетім балаларды әлеуметтендіру. Елімізде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды кәмелет жасқа толғанша мемлекет тікелей өз қамқорлығына алады, сонымен бірге кәмелетке толғаннан кейін де олардың жоғары оқу орнына түсуіне, жұмысқа орналасуларына,баспанамен қамтамасыз етілуіне заңда көрсетілген негіздер бойынша түрлі жеңілдіктер қарастырылған. 

Жетім балаларға ерте шақта эмоционалды қатынас пен мейірім жеткіліксіз болады, соның салдарынан оларда эмоционалдық стимуляция байқалады. Балалар үйіндегі кең көлемдегі қарым-қатынас аздық етіп,отбасы жылуы, отбасы мейірімі сынды дүниелерді қамтамасыз ете алмайды. Баланы қорғаудың ең маңызды объектісі асырап алу болып табылады. Асырап алмас бұрын жергілікті ұйымдар мен сот шешімі тарапынан асырап алушыға баланы отбасы мүшесі ретінде тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Асырап алушы азамат   баланың  бұдан кейінгі тағдырына жауапты болып, барлық міндетті өз мойнына алады. 

Мемлекеттік бақылау-баланың қалыптасып, дамуын қамтамасыз ететін арнайы балалар үйіне, арнайы бағып-күтетін орындар мен мектеп-интернаттарға тексеріс жұмыстарын жүргізу. Аталған мекемелердің әрқайсысында міндетті түрде әлеуметтік-педагог жұмыс жүргізуі тиіс. Олар белгілі бір уақыт аралығына дейін балаларға жауапты болып, өсіру, қатарға қосу сияқты қызметтерді қадағалайды, мектеп-интернаттардағы оқыту, тәрбиелеу міндеттерін қамтамасыз етеді. Бүгінде елімізде балалар үйінің жаңа үлгідегі формасы болып есептелінетін «отбасылық балалар үйі» кең көлемде таралуда. Бұл ұйымның басты мақсаты-ондағы әр баланың бойындағы қабілетін ашуға мүмкіндік беру, білім алуына жағдай жасау. Мұндай ұйымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, көмек беріледі. Мұнда қызмет атқаратын тәрбиешілер мен педагогтар ата-ана міндетін атқарып, отбасы үлгісін жасауға ұмтылады. Отбасылық балалар үйінің өзіне тән ерекшеліктері бар.Олар:

-Баланың дамуына жағдай жасау;

-Баланың денсаулығын қадағалау;

-Материалдық тұрғыдан қарайлау;

-Баланың құқығы мен мүддесін қорғау;

-Білім алуына жағдай жасау;

-Баланы өзі-өзі дамытуға үйрету.

-Әр баланың қабілеті мен мүмкіндігіне қарай кәсіп таңдауына ықпал жасау.

Ертеден «жетім көрсең жебей жүр» деп келе жатқан халқымыз бүгінде осы сөздің парқына жете алмай келеді. Ата-анасынан айрылған немесе қараусыз қалған балалар саны өте көп, алайда олардың ешқайсысы да өзін жетім деп санамауы керек. Олардың әрбірінің тек алға ұмтылуына, өмірден өз орындарын табуына қоғам болып, ел болып, бәріміз жұмыла жүріп өз үлесімізді қосуға тиіспіз.

 

 

264 0
Ардақ Матенова "Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен" КММ-нің әлеуметтік педагогі Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгір ауылы Ұлы дала ұстазы № 001540
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: