XX басында Қазақ зиялылары қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру үшін, өз халқының отаршылдық езгіден азатық алу жолындағы күресін басқаруға ұмтылды.
Алаш ардақтыларының бірі-Әлихан Бөкейханов.1866-1937 ж Семей облысы,Қарқаралы уезі Тоқырауын болысында туған.Арғы тегі-Шыңғыс ханның улкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы.
Ол Ресейдің астанасы Санк-Петербургке барып Орман шаруашылығы институтына оқуға түседі. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандырды.
Ол қазақ ұлты үшін жанаямай күрескен тұлға.Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады,елдің тұрмысын,мәдениетін,білімін көтеруді алдына мақсат етіп қояды.
Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
XX басында қазақ даласында қалыптасқан екі ағымның болғаны белгілі.1-ші панисламшыл ағым,2-сі Батыс өркениетін үлгі тұтқан,жаңашыл, пантүркішіл ағым.Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім –тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттыққа, еркін ел болуына арнаған аяулы азамат.
Алаш қозғалысының жетекшілері ұлттық және мемлекеттік құрылыстың негізгі тұжырымдамаларын әзірледі.Алаш партиясы бағдарламасының жобасын Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері дайындады.
Бағдарлама жобасы 10 тараудан тұрады.Мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, білік сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім үйрету,жер мәселесі.Алаш қайраткерлері әзірлеген партия бағдарламасы мемлекеттің құқықтық негізгі құжаты ретінде халықтың қолдауына ие болды.
Алаш идеяларының маңыздылығы мен өміршеңділігін 1995 ж Тәуелсіз Қазақстан Республикасы растады.
Алаш орда жетекшісі құқықтық мемлекет теориясын,адам бостандығы мен құқығын қорғау, заңның үстемдігі, билікті бөлу идеясын қолдады.
Жеке тұлғаның бостандығы мен құқығы туралы сұрақтар ұлы ойшылдың еңбегіндегі негізгі мәселе болды. Жеке тұлғаның бостандығы мен құқығының батысеуропалық тұжырымдамасын және Ұлы Француз революциясы жариялаған идеялары- адамгершілік пен теңдікті, бостандық пен әділдікті қолдады.[1]
Ол жекелеген адамдардың ғана емес,бүкіл қазақ халқының бостандығы мен құқығын өорғадығ жерді жеке адамдардың иемденуіне ұзілді-кесілді қарсы болды.
Әлихан Бекейханов алғашқылардың бірі болып қазақтар мен ұқсастығы туралы айтты. Ұлы ойшылды қазақ халқының азаматтық құқығының,жер құқығының,отбасылық-неке құқығының негізін қалаушы деп атауға да болады.
Әлихан Бөкейхан мен оның серіктестері Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін көздеді.
Алаш азаматы ұлттық мемлекеттікті құру болашақта жүзеге асатындығына нық сенім білдірді.Тірі болсақ, алдымызда үлкен той.Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекети болар,деген сөзінен түпкі мақсаты: ең алдымен ұлттық автономияға қол жеткізу,одан кейін-толық тәуелсіз мемлекет құру еді.Қазақстан 1920 ж –автономиялық республика,1936 ж –одақтас республика,1991 жю тәуелсіз мемлекетке айналды.
Қазақ ұлттық интелегенциясы 1917 ж желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Екінші жалпы қазақ сьезінде қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қарастырды.Күн тәртібірдегі өзекті мәселе-Ресей құрамында ұлттық автономия, ұлттық үкімет құру міндеті тұрды.1913 жылы Қазақ газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
Кеңес билігі тұсында ол туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес.
Өкінішке орай, Сталин басқарған жоғарғы билік революцияға дейінгі қазақ зиялыларына, оның ішінде Әлихан Бөкейханға сенімсіздік танытты,қоғамдық қызметін теріс бағалап,шеттетіп отырды.
1937 жылы шілдеде тұтқындалып,27 қыркүйекте ешқандай негізсіз ату жазасына кесілді.Соңғы тергеуде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әректтеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алған Әлихан Бөкейхан ақтық сөзінде:Кеңестік билікті сүйген емеспін,бірақ мойындауға мәжбүрмін.- деп мәлімдеген болатын.1989 жылы 14 мамырда КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп толық ақталды. [2]
Әлиханның мұраты –іргелі ел болу еді.
Міне, ол мұратқа да қол жеткіздік.Әлиханның идеясы-еркіндік пен бейбітшіліктің симболы екенін ұмытпауымыз керек.Әлиханның тағылымы-ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар мәңгілік мұра.Оны бүкіл әлем мойындады.
Басқаларға мжамандық тілеу-яғни өзіне тілеу, себебі біз басқалармен адамгершілікті құраймыз.Жоғарғы инабаттыққа ғана қолжетімді,жан-жақты білімге ғана тән жан тыныштығына,ақыл мен байлықпен жету мүмкін емес екендігін ,біз ешкімге зұлымдық тілемеген жағдайда ғана түсінеміз.
Алаш орда басшысы Әлихан Бөкейханов былай жазған Мен өз Отанымның ішкі істерімен өмір сүремін, мен үшін оның тағдыры бәрінен де артық...Егер ол қандай жағдайда екенін білмесем екенін білмесем, ұйықтай алмаймын.
Алаш қайраткерлері халықтың ұлттық сана-сезімін мемлекеттік деңгейге көтерді.
Алаш партиясы сол кездегі қоғамның мәселесін шешу үшін шаралар кешенін жасаған қазақтардың алғашқы саяси ұйымы болып қалыптасты. Алашордалықтардың негізгі идеясы- халықтың бірлігі болды,осы ұран бүгінгі күні де өзекті.Мемлекеттік өзін-өзі басқару жүйесі, ұлттардың өзін-өзі басқаруына халық құқығын қорғау, озық әлемнің тәжірибесін қолданумен қазақ қоғамын жетілдіру жүйесін құруы Алаш қозғалысының негізгі мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының тұғғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Тарих толқыны атты кітабында Алашорда қайраткерлерінің қызметін былай сипаттайды:
ХХ ғ басында ұлттық нығаю идеясын ұсынған рухани-зияткерлік таңдаулы тобы қазақ ұлттық идеясын жасау міндетін өзіне алды.[3]
Қорытынды:Бабаларымыздың арманы орындалды.Елбасы Мәңгілік Ел деген идеяны ұсынды.Тарихи Мәңгілік Ел ұғымы Қазақстанның тәуелсіздік рухымен үндес. Тәуелсіздігімізді Көзіміздің қарашығындай сақтайық.
Бұл ұлттық идея қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталып,ұлтпен бірге өмір сүреді.
Мәңгілік Ел- біздің өз қолымызда.Ол үшін өзімізді үнеміі қамшылап, тек алға ұмтылуымыз керек.
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын.
Әдебиеттер тізімі.
1.Қазақстан тарихы.Очерктер.-Алматы,1993. 25-бет.
2.Ұлттық энцеклопедия-1 том.-Алматы,1998 35-37 бет
3.Аманжолова Д.Алмағайып заман.Алаш Қазақстан этносаяси тарихында.-Алматы.2009. 55-бет.
Аңдатпа.Мен өз баяндамамда елі үшін,тәуелсіздік жолында күрескен алаш азаматтырының бірі – Ә. Бөкейханов туралы баяндаймын.Оның қоғамдық-саяси көзқарасы азаттыққа жетуге ұтылады.Өмірінің соңына дейін қазақ халқына адал қызмет етіп келді.Бүгінгі күні бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Тәуелсіздік мәңгілік болсын.
Аннотация.В своем докладе я расказываю об одном из граждан Алаша А.Букейханове,который боролся за свою страну,за назависимость.Его общественно-политические взгляды направлены на достижение свободы.До конца жизни верой и правдой служил казахскому народу.Сегодня мы добились независимости,о которой мечтали наши предки.Пус