«Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және тәуелсіздік құндылығы
«Халқымыз «тар жол тайғақ кешу» арқылы қол жеткізген тәуелсіздігіміздің бастауында Алаш арыстары тұр. «Алаш идеясы» – еліміздің, мемлекетіміздің негізгі, ұлттық идеясы. Қазақстан – басынан қилы кезеңдерді өткізген, тарихқа бай мемлекет. Сол әр кезеңнің өз қаһармандары болған. 1905 жылдан бастау алатын 100 жылдық тарихы бар Алаш үкіметінің тарихта алатын орны ерекше. Алаш үкіметі халқымыздың мәдени даму жолын жаңа арнаға бұрды. Міне, осы тұста Алаштың ұлы тұлғасы – Әлихан Бөкейханұлының ел болашағы үшін жасаған игі істері тарих беттерінен айқын аңғаруға болады. Мемлекет және қоғам қайраткері, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05.03.1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі -27.09.1937 жыл, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамедтен тараған.Осындай текті әулеттен тараған текті ұл, текті тұлға,ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов.
Әлихан Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға..Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның еліміздің өткен тарихындағы атқарған ерлік ісі, қалдырған мұралары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен Әлихан Бөкейханның тарихтағы алар орны ерекше. Әлихан: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын», деп алаштың жоғын жоқтап, барын түгендеп, ұлтымыздың қамын жеп өткен жұрт шырақшысы. Азаттық жолындағы арпалыспен өткен күреске толы ғұмырында ол ұлтының ертеңі үшін бар күш-жігерін, білім-тәжірибесін жұмсаумен бірге, басын бәйгеге тігіп, жанын да қиды. Қазақтың өз жерін еркін жайлап, өз елінің төрінде отырып, ұл-қызын қазақша оқытып, билік пен төрелікті қазақ тілінде айтуы үшін аянып қалған жоқ. Қазақ тарихындағы ұлт басына төнген нәубет, зобалаң жылдарда жеке мүддеден ұлт мүддесін артық қойып, елінің тәуелсіздігі жолына өмірін арнаған Әлихан Бөкейханның тарихи ерлігінен бүгінгі ұрпақ үлгі алуы тиіс. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның көтерген «Алаш мұраты және тәуелсіздік құндылығы » атты кемел саясаты қазіргі таңда жүзеге асып отыр. Тәуелсіз мемлекет болуымыз, көк туымыздың желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы, өз тіліміз бен дініміздің болуы ғасырлар бойы сақталып келген қазақ салт-дәстүрлерін жалғастырып, заман талабына сай білім алып жүруіміз болып табылады .
Алаш мұраты – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан!
ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекет болуымыз, көк туымыздың желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы, өз тіліміз бен дініміздің болуы – осының бәрі сол ұлт көсемінің қажырлы еңбегінің жүзеге асқандығының айғағы.
Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Алаш қозғалысының көсемі- Әлихан Бөкейханов халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды.
1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында Бірінші жалпықазақ съезі өтті. Осы съезде Алаш партиясының бағдарламасы жарияланғаны баршамызға аян.Ал оның негізгі ұстанымдары: Біріншіден – Ресей демократиялық федеративтік республика болуы керек. Оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз түрде әрекет етеді. Екіншіден – Ресей республикасында тең құқықтық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар ерікті болады. Үшіншіден – дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең құқылы. Төртіншіден – билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажет, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі шарт, т.б. Алаш қозғалысының, Алашорда жетекшілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ жерін сақтап қалуымен байланысты. Осы күнгі Қазақстан Республикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қалуында Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың орасан зор еңбегі бар. Әлихан Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған. Мемлекеттің іргесін қалау мәселелері жазған еңбектері мен атқарған істерінен айқын аңғарылып жатты. Сол себепті Алаш көсемдерінің өмірінен өнеге, тірлігінен тағылым алып, Алаш мұратын ұлт мұраты ретінде тануымыз керек. Алаш зиялылары Құрылтай жиналысы немесе бүкіл халық сайлап қойған өкілдер жиналысы мемлекет басында тұрады деп есептеді. Бұл идеяның «негізі, халық мемлекеттегі ең жоғары күш, биліктің нағыз қайнар көзі» деген мәні бар. 1991 жылы тәуелсіздік алдық Елбасы. Қазақтың елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш көсемінің идеясы бүгінде іске асты. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. Заманында бар қазақтың қамқорына, сүйенішіне айналған «Алаш» партиясының көсемі Ә.Бөкейхановтың саяси өмір жолы мен қызметіне қарап отырып, сол дәуірдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелердің бүгінгі таңда жүзеге асқанына ел куә.. Қазақ халқының азат ел ретіндегі тағдыры, тарихы, мемлекеттік дербестігі, жері мен шекарасы, тілі мен діні туралы мәселелер арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, күн тәртібінен түскен жоқ. Алаш көсемінің өнегелі өмір жолы, күрес жолын көрсетудегі басты мақсатымыз – 30 жылда мемлекеттіліктің негізін қаладық. Ендігі мақсат – мемлекетшілдікті, азаматтық сана сезімді орнату. Осы Алаш арыстарының қызметі соған үлгі, соған негіз болады деп ойлаймыз.Ұлты үшін күрескен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты ұлы тұлғалар бастаған ізгі жолды әрі қарай жалғау –бүгінгі ұрпақ біздің қолымызда. Қорыта айтқанда, Әлихан Алаштың шын көсемі болды және болашақ ұлы көсемдеріміздің тұлғалық үлгісі һәм кісілік бейнесі келбетімен Алашпен бірге жасай бермек! Алаш мемлекеттігі гүлденген сайын Әлиханның бейнесі жарқырай бермек . «Өткен күн, кешегі – тарих, келер күн, ертеңгі – сыр, ал бүгінгі күн – үлкен сый» дейді Қорқыт ата. Кешегі күнсіз, ертеңгі күнге аяқ баса алмаймыз. Өз тарихын білмеген адам – надан адам, ал біле жүріп, құрметтемеген адам – сорлы адам. Ендеше, тарихымызды біле отырып, еліміздің өркендеуіне көп үлес қосқан қайраткерлерімізді құрметтейік, үлгі тұтайық.Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің негізгісі – Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз, ұлт көсемдерін ұлықтап, ұрпақ санасына жеткізу Алаш идеясының ұлы көсемі туған халқымен мәңгі жасайды.
Көгімізде ата – бабамыздың қанымен, ерен ерлігімен Көк туымыз мәңгі желбіреп,ел тәуелсіздігінің темірқазығы – Әлихан Бөкейхан ерлігі туған халқымен мәңгі жасай берсін. Алаш көсемі: Ә.Бөкейханов мұраты-ел мұраты,тәуелсіздік құндылығы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола беретініне сенімімім мол.
І санатты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі:
Акбулатова Гүлбаршын Ахметжановна
БҚО, Бөрлі ауданы, Пугачев мектеп-бөбекжай-балабақша кешені
Мақаланың рәсімделу үлгісі
Әлихан Бөкейханұлының өнегелі өмірі мен қоғамдық саяси қызметі. Акбулатова Гулбаршын Ахметжановна akbulatova030671@mail.ru Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [1]. .... Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [2]. ... Мақала мәтіні [3]. Мақала мәтіні. Әдебиеттер тізімі Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Атамұра-1998 ж
.................................................................................................................
|
Аңдатпа. Алаш көсемі – Әлихан Бөкейханұлының Алаш қозғалысын негізін салуға қосқан үлесі,Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы саяси қызметі , ел болашағы үшін жасаған игі істері туралы айтылады.
Аннотация.
Статья посвящается жизни и вождю казахского народа и основоположнику Алашорды Алихану Бокейханову, сыгравшего большую роль в борьбе за независимость нынешнего Казахстана