Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1034

Болашаққа жол ашқан -Тәуелсіздік


 

22.11.2021 ж.

 

Покатилов селосы «Покатилов жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Сынып жетекші:       Ермуканова Асем Жумагуловна

 

3 «а»-сынып

Қатысу керек: 7

Қатыспағандар: 1 Болат Б себепті

 

«Болашаққа жол ашқан -Тәуелсіздік» тақырыбында сынып сағаты

 

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларға тәуелсіздік деген ұғымның мағынасын ұғындыру; 

Оларды елжандылыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелей отырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеп, қастерлей  білуге     шақыру.

 

 

Тілдік мақсат

 

 

Оқушылар орындай алады: мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді,шынайы өмірмен байланыстырады, топтық жұмыс жасайды.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:тәуелсіздік,тарих,ұлттық құндылықтар, стратегия


Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: ел тәуелсіздігі, қымбат боцтұмарымыз, ұлттық құндылық,ұлттың басты мерекесі т.б.


Талқылауға арналған сұрақтар:

-Неліктен  ел тәуелсіздігін ұлттық құндылыққа жатқызамыз?

- Тәуелсіздік деген ұғымның  мәнін қалай түсінесіздер?

 - Тәуелсіздік бізге не сыйлады?

-Сіз ел үшін  не істер едіңіз? -Не себепті... олай ойлайсыз?


 


Пәнаралық байланыс

«Әдебиетік оқу»,  «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек» пәндері


Құндылықтарға

баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы – «Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы» тұғыры бойынша білім алушыларды өзара  ынтымақтас-тыққа, елжандылыққа, қазақстандық патриотизмге және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.


АКТ-мен байланыс

Тақырып мазмұнын ашатын бейне-үзік( YouTube   miytvideo .nerukami. ru.   Қазақстан  тəуелсіздік жолында(Bagdal ErKiN).Ссылка: https://youtu.be/NBLOpcUToso;  интербелсенді тақта


Көрнекіліктер

Шаңырақ,уық макеті, ҚР-ның туы, елтаңбасы, «Тәуелсіздік» монументі, стикер, түрлі суреттер, жалаушалар, тәуелсіздік жемістері, Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері,түлі-түсті маркерлер,флипчарт, иллюстра-циялық суреттер, желім, топтардың аты жазылған қағаздар.


ЖОСПАР


Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Басы

5 минут

Ұйымдастыру. «Шаңырақ  шаттығы»  

Оқушылар ортаға шығып, түрлі-түсті ленталарды таңдап, жан-жаққа тарап, шаңырақ құрып тұрады.

Мұғалім: 

  -Оқушылар біз ұстаған ленталардан не пайда болды?

-Шаңырақ

-Шаңырақта астында кімдер өмір сүреді?

-Отбасы

-Ал «Қазақстан» деген шағырақ астында кімдер өмір сүреді?

-Көптеген ұлт өкілдері.

Ойын: «Сұрақ бізден-жауап сізден»

-Оқушылар, алда еліміз үшін қандай маңызды мереке келе жатыр? (16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні)

-Тәуелсіздігімізге неше жыл толғалы отыр? (30 жыл)

-Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы да ««Болашаққа жол ашқан -Тәуелсіздік»» деп аталады. 

Бүгін біз топ боп мерекеге орай топтық жұмыс жасаймыз.Алдымен сурет таңдау арқылы топқа бөлінеміз.

Сурет мазмұнына байланысты 3 жұпқа бөліну:

1-топ: Кеше (Елтаңба)

2-топ: Бүгін («Тәуелсіздік» монументі)

3-топ: Ертең (ҚР-ның туы)

-Суреттердегі ұғымдар ұлттық құндылықтарға жатады. Бұл бейнелер арқылы халқымыздың кешегі бастан өткерген тарихын, бүгінгі жетістіктері мен бейнесін және болашаққа құрған айқын мақсаттарын, жасалмақшы мақсатты  түрдегі қадамдарын анық байқай аламыз. Сондықтан «Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінгісіз болашақты елестету мүмкін емес» деген қағиданы еске ала отырып, сіздерді Қазақ елі –Кеше.Бүгін. Ертең деген жұпқа бөліп отырмын.

-Топ атауларын бір ұғымға жинақтап, жалпылама қалай атауға болады? (ұлттық құндылықтар)

-Ұлттық құндылықтарымызға басқа қандай ұғымдар кіреді? (діл,дін,мәдениет,әдебиет т.б)

- Тәуелсіздікті неліктен басты ұлттық құндылығымызға жатқызамыз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            


 

 

 

 

 


Ортасы

33 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Миға шабуыл»әдісі

Бейне-үзік  көрсету,тақырыптың мазмұнын ашуға жетелеу.

«Диалог»әдісі:

-Бейне-сюжет не туралы? 

-Тәуелсіздік  бізге оңай жолмен келді ме?

Тәуелсіздік бізге қандай жолмен келді?Тәуелсіздіктің  біз үшін маңызы қандай?

-Тәуелсіздік деген ұғымды қалай түсінеміз?

Мысалы: Тәуелсіздік  - халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі-нің тарихи нәтижесі.т.б.

 «Постер қорғау» (шығармашылық жұмыс)

1-топ: Кеше «Тәуелсіздік жолындағы күрестер жемісі»  (Видеодағы көрсетілімге сәйкес суреттер мен тақырыптан тыс суреттер осы топтың алдына таратылып, оқушылар сол суреттердің ішінен тапсырмаға сәйкес суреттерді таңдап, плакатқа жапсырып, қорғайды. Мысалы: Алматыдағы көтеріліс, желтоқсан құрбандары)

2-топ: Бүгін «Бүгінгі Тәуелсіз елдің қол жеткізген жетістіктері»иллюстрациялық суреттер құрасты-ру, оны мазмұнға сай дұрыс орналастырып қорғау.

3-топ:Ертең «Ел ертеңін қалай болжайсыңдар?» сурет салу, қорғау

Т-білдіреді теңдікті

Ә-әдептілік, әлдікті

У-уайымсыз уақытты

Е-егемендік елдікті

Л-лаулаған туымды

С-сенімділік секілді

І-ілтипат пен ізет қой

З-зиялылық тілек қой

Д-шақырады достыққа

І- ілтипат пен ізет қой

К-дейді «Күн» көктегі

«Бағдаршам» әдісімен ҚБ жүру

«Үй тапсырмасы» Тәуелсіздіктің 30 жылына арнау(қолөнер бұйымдары, өлең арнау)

       YouTube | miytvideo.nerukami.ru. Қазақстан тəуелсіздік жолында(Bagdal ErKiN)..

Ссылка: https://youtu.be/NBLOpcUToso

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

-өте жақсы

  1. жақсы
  2. орташа

 


Соңы

2 минут

Еліме тілек 

Оқушыларға ақ көгершін суреттерін үлестіріп беріледі, ал оқушылар ХХІ-ғасырға 21 тілек жазып, оқып, тақтаға іледі.

Оқушыларға сурет таратылып беріледі, сол суреттегі ұғымды пайдалана отырып, тілек тілеу.Мысалы: Елтаңбамыз еңселі, туымыз тұғырлы, Әнұранымыз асқақ болсын! т.б.

Теңге, Отан, Елбасы, ел, Тәуелсіздік, Қазақстан 2030 стратегиясы,  Рухани жаңғыру, Ту-Әнұран-Елтаңба, Ұлттық құндылықтар,Астана, қыран, Мәңгілік ел,жер,Ата заң,Ана тіліміз

Хор: «Мен қазақпын»(әні,сөзі:Қуандық Рахым)

 







 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

185 0
Асем Ермуканова, Покатилов жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі БҚО, Теректі ауданы, Покатилов ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 01444
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: