«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан».
Нұрсұлтан Назарбаев
Тәуелсіздік... Бұл сөздің астарында қаншама ұғым жатыр.Еліміз тәуелсіздік бесігінде тербелгелі 30 жыл! Осы уақыт ішінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіне түгелдей танылды. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жыл кеңес одағының шырмауында болды. Бұл күн ащы термен келген ата-бабамыздың тәтті жемісі. Еліміз осы ширек ғасырдан сəл асатын қысқа мерзімде Ұлы даланың зеңгір көгіндей көк Туымызды көкке көтеріп, елдіктің көшін түзеп, жүзжылдықтардың еншісіндегі тарихи үдерістерді абыроймен өткерді. Тəуелсіздіктің əрбір таңын қуана қарсы алып, əр күнін қажырлы еңбекпен, еңселі ерлікпен өрнектеген Қазақстан жаһан жұртшылығына алуан ұлысты бір шаңырақта ұйытқан жерұйық мекен ретінде танылды. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді.
Біз –бақытты ұрпақпыз... Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған босқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай боздақтың жанын, жақынын алған сұм соғысты мына біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз. Егер тәуелсіздігіміздің тұғырын шайқалтпай, бірлікті ту етіп, елімнің дамуына қолымыздан келгенше үлес қосатын болсақ, әлі де алар асуымыз алда, бағындырар белесіміз биік болатынына сене аламын.Осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз, ұрпақ алдындағы ауқымы зор үлкен міндет.Мемлекетіміз мəңгілік жасай берсін! Жаңа жылда – Тəуелсіздіктің 30 жылдығында алар асуларымыз көп болғай!
Педагог: Андасова Индира Сырлыбайқызы
«Жас -өлкетанушы» үйірмесі | Мұғалім : Андасова Индира Сырлыбайқызы. | |||||||||||||||||||||||||
Қатысқандар саны: | 10 оқушы
| |||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Туған өлкемнің ерекше керемет жерлері. |
| ||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | Қазақ халқының мәдениетін паш етер ерекше табиғи нысандар мен сәулет өнерлері арқылы таныту |
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Туған өлкеміздің тарихи-мәдени ескерткіштерін танытып, керемет жерлері туралы түсіндіру;
|
| ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат: | Барлығы: Түркістан облысын танытар 7 кереметін біледі Көпшілігі: Тарихи-мәдени ескерткіштердің таралуын түсінеді Кейбіреуі: Өз өлкесінің ерекше кереметтерімен таныту жолдарын айта айлады |
| ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға Баулу.
| Қазақ өркениеттің тамаша туындыларын танып-білу, еліміздің мәдени құндылықтарын әлемге таныту жолын таныстыру. Өлкеміздің байлығын, табиғатын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға баулу
|
| ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География пәні арқылы туған өлкеміздің көрікті жерлеріне шолу жасау арқылы оларды таныту. Өлкетану үйірмесі арқылы адами құндылықтарға тәрбиелеп баулу. |
| ||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | Туған өлкеміздің керемет жерлері туралы ақпарат біледі |
| ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қажетті ақпараттарды таңдау мен презентация дайындау. |
| ||||||||||||||||||||||||
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ |
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс әрекет | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу • Оқу құралын тексеріп түгендеу
Шаттық шеңберін құрып бір біріне сәттілік тілейді.
әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ
Сабақтың соңы
| Видеоролик: «Түркістан өңірінің керемет жерлері» Ендеше оқушылар, осы бейне баян арқылы, сіздердің пайымдауыңызша бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай екен, ойланайықшы...? Дұрыс айтасыз, бүгінгі сабақтың тақырыбы Туған өлкемнің ерекше керемет жерлері. 1. Сабақ түсіндіру: «Түркістан облысының ерекше кереметтері»Біздің өлкеміздің әртүрлі ерекше табиғи нысандары мен сәулет өнерлері көптеп кездеседі Ал, әр елдің, әр жердің өз киесі мен қадірі болады десек, Түркістан облысында да ғажайып орындар бар. Оның дәлелі ретінде осы аймақта орналасқан, тарихқа аты алтын әріппен жазылған қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Үкаша ата, Домалақ ана кесенелері және т.б. киелі орындарды атап айтсақ болады. Мысалы, Арыстан баб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар болса, түркі халықтары Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды. Ал Түркістан қаласындағы Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи-мәдени мұра ретіндегі алар орны ерекше. Сонымен қатар, күнгей өңірдің әр ауданында аңыз болып тараған әулие-әмбиелер жатқан жерлер мен ескерткіш, кесенелер де жетерлік. Біз осындай ерекше туындыларымызды, тарихи мұраларымыз бен тарихи ескерткіштерімізді дәріптей отырып әлем халқына қазақ мәдениетін, жерін, қазақ тарихын таныта аламыз. 1. "Бабтардың бабы" Арыстан баб кесенесі – көне Отырар жеріндегі сәулет өнерінің тамаша ескерткіші. 2. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі— Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған сәулеттік ғимарат. 3. Үңгірдегі мешіт «Ақ мешіт әулие» үңгірі – Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктерінде, 250 м биіктікте орналасқан. 4. Домалақ Ана Қасиетті Домалақ Ана Кесенесі – Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. 5. Түркістанға ат басын бұрған туристердің жиі келетін киелі мекеннің бірі – Үкаша ата кесенесі 6. Жеті қабат дуалмен қоршалған қала Сауран қаласы – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. 7. . Жылаған ата Жылаған ата үңгірі, Жылаған ата бұлағы – Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласынан 80 км-дей жерде, Қаратау жотасының Жылаған ата шатқалында, Абай елді мекенінен солтүстікке қарай Жылаған ата өзені бойында орналасқан үңгір.
2. «Туған өлкеміздің жеті кереметі » кестесін толықтыр
3. Сөзжұмбақ шешу Түркістан сөзжұмбағы.
Сабақты бекіту. «ПОПС» әдісі. I - Өз позицияңды ұстау: «Түркістан өңірінің табиғи орындары мен сәулет өнер туындылары болашақта дүниежүзілік кереметтерге қосылуы мүмкін бе?» П – позиция (көзқарасы) – менің ойымша… О – өз көзқарасыңды негіздеу - (себебі)… П – дәлел (факты) - мысалы… С –Шешім (қорытынды) – сол себепті…
Үй тапсырмасы: §41 Өлкеміздің жеті кереметтерін біліп, «Өз өлкемнің таңғажайып сырлары» тақырыпқа эссе жазып келу
Рефлексия «Көңілді күн» әдісі. Оқушыларға күн суреті беріледі. Күнге сабақтағы көңіл-күйін бейнелейді.
|
1-қосымша
2. «Туған өлкеміздің жеті кереметі » кестесін толықтыр
Керемет | Орналасқан жері | Суреті |
Арыстан баб кесенесі | Отырар |
|
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі |
|
|
| – Бәйдібек ауданы |
|
|
|
|
Үкаша ата кесенесі | Көшпенді қазақ баспанасы
|
|
| Түркістан қаласының солтүстік батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан. |
|
Жылаған ата үңгірі |
|
|
2-қосымша
«Түркістан» сөзжұмбағы
1. Қ.А. Яссауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? (Темір)
2.Ислам дінін алғаш рет елімізге әкелген сахаба ? (Укаша ата)
3. Жеті дуалмен қоршалған қала?(Сауран)
4. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Орталық Азиядағы ерекше сәулет өнері ретінде қандай ұйым тізіміне енді? (ЮНЕСКО)
5. Ақмешіт әуле қайда орналасқан? (Бәйдібек)
6. Екінші Мекке аттанған сәулет ескерткіш? (Яссауи)
7. Отырар өлкесіндегі сәулет ескерткіш?(Арыстанбаб)
8. Абай елді мекенінд солтүстікке қарай қандай үңгір орналасқан? (Жылаған ата)
9. Домалақ ана парсы тілінде қандай мағына береді? (Әулие ана )
| Т
|
|
|
|
|
| |||||||||||||||||||
| Ү
|
|
|
|
|
|
|
| |||||||||||||||||
|
|
|
| Р
|
|
|
| ||||||||||||||||||
|
|
|
|
| К
|
|
| ||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
І |
|
|
|
| ||||||||||||||||
|
|
|
С
|
|
|
|
| ||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
Т |
|
|
|
|
|
| ||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
А
|
|
|
|
|
| ||||||||||||||
|
|
|
|
|
| Н |
|
| |||||||||||||||||