Сабақтың мақсаты :
Білімділігі: қазақ халқының, әр түрлі тәттілерді жасалу әдіс-тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық және практикада алған білімдерін күнделікті тіршілікте пайдалана білуге, адам ағзасы үшін пайдасын тани білуінен мәлімет беру, тәтті тағамдарын дайындай білуге үйрету, біліктіліктерін іс жүзінде дамыту;
Тәрбиелік: тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалыққа, ұқыптылық пен үнемділікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс: көрнекілікпен түсіндіру, сарамандық жұмыста алған білімдерін бекіту.
Сабақтың барысы:
1. Сәлемдесу.
2. Өткен сабақты қайталау.
3. Жаңа сабақ .
4. Үйге тапсырма.
1. Тамақтану мәдениеті?
2. Дұрыс тамақтану тәртібі?
3. Тамақтануда санитариялық гигена?
4. Тамақ әзірлеуде техникалық қауыпсіздік?
Бүгінгі дастарқанымыздың басты мәзірі қазақтың тәттілері болмақ. Осы уақытқа дейін назарыңызға ет және сүт тағамдарын ұсынсақ, бұл жолы «десерт» дейтін тіскебасар туралы айтпақпыз. Қазақтың өз десерті де, тосабы да, шоколады да бар. Ендеше, таныса отырыңыз.
Құрт-май тосабы
Қай қазақтың үйі болмасын келген қонағының алдына алдымен бауырсақ, құрт-ірімшік, сары май, қаймақ, жент-талқан, өрік-мейіз, жеміс-жидек қойып, қою сүт қатқан шай ұсынады. Соңынан қуырдақ, асықпаса молынан ет асады, қона жатса қой сояды. Осы пейілімен дастарқанын майлы, қонағының көңілін жайлы етеді-ақ. Мұны қазақ кәдесінде «дастарқан дәмі» дейді екен. «Дастарқан дәмінің» ажырамас бөлігі әрине тәттілер. Бүгінгінің жеміс тосабы қалай тіл үйірсе, қазақтың тосаптары да сондай дәмді. Мәселен, құрт-май. Бұл тәтті тағам – тосаптың бір түрі. Дайындалу әдісі де аса қиын емес. Кәдімгі ашып кеткен сүтті ысырап етпей, одан құрт қайнатамыз. Құрттың мөлшеріне тең етіп қант қосасыз, бұл қоспаға майлылығына әрі қалауыңызға қарай сары май қосып, тағы бір қайнатасыз. Дайын болған құрт-май шай ішуге ұсынылады. Қазақта тосап тек қана жеміс-жидектен ғана емес ағарғаннан да жасалған. Құрт-майдың дәмі балдай. Аса майлы тағамнан кейін шай ішуге ұсынылатын жеңсік ас. Майлы тағамның дәмі қыжыл туғызып, көп кекірткенде осы тәттіні жесеңіз майлы тағамның дәмін сезбейсіз. Тамсанып отырып, шайыңызды рахаттана сораптай беріңіз. Бірақ тосапқа май қосылғандықтан, аса құнарлы. Тез салмақ қосып алуыңыз мүмкін.
Біздің шоколад
Ұлттық тағамымыздың бірі – жент. Бұл да тәттінің бір түрі. Бала күнімізде әжеміз дайындайтын тамаша тағам. Әсіресе ораза кезінде даярланатын тойымды тағамның бірі. Дайындау әдісі әр жерде әртүрлі болғанымен, дәмі бір. Жент тәттісін дайындау үшін қазанға сары майды ерітіп, тортасынан айырады. Сосын оған тарының талқанын, бидай немесе арпаның жармасын, ірімшік, мейіз қосып араластырып қайнатады. Қазанның оты пәс болуы керек. Ірімшік әбден ерігенде жент дайын болады. Уақытпен есептесек 15-20 минут. Дайын болған жентті суытып, дастарқанға қоя беріңіз. Таңсық асты қысқа сақтауға да болады. Ол үшін жаңа қайнап болған жентті қалтаға не мал қарнынан дайындалған меске салып, аузын буып, салқын жерге іліп қоясыз. Айта кету керек, жент ағзадағы дәрумен тапшылығының алдын алады. Құрамындағы ірімшік Д дәруменінің көзі болса, мейіз қаназдықты емдейді. Ал май – қуат, жармалар ішек пен өт жолдарының жұмысын жақсартады. Ұзақ сақталған жент бүгінгінің шоколады іспетті.
Сөзжұмбақ.
1.Тақия мұрын бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар . (Шәйнек)
2. Сен оның қадірін білші күнім,
Соған деген болсын тек құлшылығың,
Бір үзім болмаса егер қарап қалып,
Өшер еді өмірден тіршілігің. (Нан)
3. Суда туады, суда өледі. (Тұз)
4. Үйірсек, туысқан бауырмал,
Жесең көңілің жаңарар.
Томпақ, өзі сары алтын
Пісірген оны аналар. (Бауырсақ)
5 .Сылдыр сұйық су емес
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (Сүт)
6 .Аузынан ішкені, мұрнынан шығады. (Шәйнек)
Асқа байланысты мақал құрастыр
1. Ел,таны,барда,асың,барда,атың,тоны,жер.
2. Ас,жаман,ауруға,жақсы.
3. Аттама,үстінен,ас
Үлкен,емессің,астан.
4. Болады,ас,айран,ішсең.
5. Ет,тісіңе,кіреді,түсіңе,кіреді,жемесең.
Не үйрендік? Не үйренгіміз келеді?
Бағалау. Үйге тапсырма: ас мәзірін үйрену қыз бала үшін қажет пе деген сауал төңірегінде өз пікірлерін жазу.