Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1026

Өзіңмен үйлесімді өмір сүру

Бөлім 

Ғасырлар даналығы

Педагогтің аты – жөні

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, «Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Гулдария Губашевна

Күні 

11.10.2021 ж

Сынып: 1

Қатысушылар саны:    24                                           Қатыспағандар саны: 0

5

Сабақтың тақырыбы 

Өзіңмен үйлесімді өмір сүру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

жалпыадамзаттық құндылықтар туралы қарапайым түсініктер бар;

Құндылығы 

Қиянат жасамау

Қасиеттері

 Ар -ұждан, үйлесімділік, адалдық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы қиянат жасамау құндылығын ашу.

Міндеттері 

-«ар -ұждан, үйлесімділік» ұғымдары туралы түсінік беру.

-үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету.

-қарапайым, адал болуға тәрбиелеу.  

Сабақтың барысы 

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті 

Ресурстар 

 

Ұйымдастыру кезеңі. 

  1. Жағымды көңіл – күй

(3-4 мин)

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуларын тексереді және 

«5Т» – ережесін еске түсіреді.

 

«Нұрға бөлену» арқылы жағымды көңіл күйге келтіреді.

«5 Т» ережесін еске түсіреді.

Жағымды көңіл- күйге келеді, өз әсерлерімен бөліседі.

«Хрустальная грусть» композициясы 

 

https://ok.ru/video/222068019519

  1. Алдын ала берілген үйге тапсырмасын тексеру (әңгімелеу)

        (3-5 мин)

 

       Василий Сухомлинсийдың  «Әйнек адам» мәтінін оқып келу тапсырылды. Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды ар -ұждан, үйлесімділік қасиеттерінің ұғымдарын түсінуге, мәтін бойынша құнды ой түюге жетелейді, сұрақтарға жауап алады. 

 

Сұрақтар: 

1.«Әйнек адам» неліктен кейде күңгірт тартады?

2.«Әйнек адам» қайтадан мөп-мөлдір түске енуі неліктен?

3.«Әйнек адам» баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?

4.Баланың досы Әйнек адам болмаса бала қандай болуы мүмкін?

5. Сен өмірде ар-ұжданың, ұятын мазалайтындай іс-әрекет жасадыңба? Оны қандай дұрыс іс-әрекетпен дұрыстадың? 

 

     « Әйнек адам» әңгімесінің мазмұны аса терең, мұнда адамның ар-ұжданы өзінің ішінде екенін көрсетіп берген. Әңгімеде адамның ар-ұжданы өзін қалайша бақылап тұратыны айтылған. Адам ешқандай қиянат жасамай дұрыс әрекет жасағанда ар-ұжданымен үйлесімділікте болатынын анық бейнелеп берген. Ар—ұжданы бар адам айна сияқты жарқырап тұрады. Ал адамның іс-әркеті дұрыс болмаған кезде, ар-ұжданы оны мазалайды. Ондай адам күңгірт тартқан айна сияқты, бұлыңғыр болады. Адамның айнадай жарқырауы, мөп-мөлдір болуы адалдығына, ойы, сөзі, ісі үйлесімді болуына байланысты. 

        Ар-ұждан дауысын ести алған адам өзін-өзі тәрбиелейді. Ар-ұждан дауысын ести білу, соған сәйкес өмір сүру –әрбір адамның парызы. Өзіңмен -өзің үйлесімді өмір сүргенде, ойың таза, сөзің ақ, ісің оң болады. 

     Мұғалім әңгіменің мазмұны оқушыларға барынша түсінікті болуы үшін былайша айтып беруіне болады: «Әйнек адам» -әр адамның өз ар-ұяты. Ар- ұятымыз өз ішімізді болады. Ол әйнек тәрізді әрбір ісімізді бақылап, бағалап тұрады. Жақсы іс—жасасақ, жарқырай түседі. Ал жаман қылықтарымызды байқаса, қараңғы болады.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ар-ұжданына сәйкес қиянат жасамаудың мәнін жан-жақты ашады. Жақсылық жасасаң, дұрыс әрекет жасасаң, ар-ұжданың таза болады. Ал бұрыс іс істеген кезде ар—ұжданың маза бермейді. Сондықтан адам ар—ұжданына сай өмір сүруі тиіс. Сонда ғана адам бақытты болады. Өз -өзімен үйлесімді болады. 

 

Оқулық, №5  сабақ

30-бет

 

  1. Жағымды ой-пәкір (дәйексөз) (әңгімелеу) 

(3-4 мин)

      Мұғалім оқушыларға тақтадағы сабақтың дәйексөзімен таныстырады. Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі дауыстап оқып береді. Сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынады. 

 

«Арыңды сақта, ар-ұждан керек әр уақытта»                                                     

Нақыл сөз

 

Сұрақтар

  1. Ар-ұждан дегеніміз не?
  2. Ар – ұждан адамға не үшін керек?
  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз??

         Мұғалім сұрақ қою арқылы дәйексөздің мағынасын түсіндіреді, дәптерлеріне жазып алуды ұсынады.

  Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім өзі қорытынды жасайды. Мұғалім ар-ұждан адамның ең асыл қасиеті екенін айтады. Әр уақытта ар-ұжданыңмен үйлесімді өмір сүру керектігін түсіндіреді.

Балалар дәйексөзді барлығы дауыстап айтады. Келесі кезекті ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы  адам бойында ар -ұждан, ұят қасиеттері болу керектігін, әр уақытта сол қасиеттер бала бойында жүру керектігін ұғынады.

 

Дәйексөз оқулықтан алынды. 

30-бет

Жұмыс дәптерлері.

  1. Оқиғалар айту (Әңгімелеу) 

 (4-8 мин)

Мұғалім «Ақ тиін мен қасқыр»  ертегісін айтып береді.

 

    Ақтиін бұтақтан -бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан Қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны ұстап алады. 

  -Мені жеме, жібер! – деп жалынады Ақтиін.

-Жарайды, жіберейін. Бірақ сен мынаған жауап берші: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?

Сонда Ақтиін:

-Мені жіберіңіз.содан соң айтайын. Әйтпесе, жүрегім дірілдлеп сөйлей алатын емеспін, -дейді.

       Қасқыр оны босатады. Ақтиін ағаш басына шығып алып: 

-Сен, Қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта уайым –қайғысыз, шат болып жүреміз, -депті.

 

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді .

 

-Қасқыр неліктен әр уақытта ашулы жүреді?

-Ал Ақтиіндер неліктен әр уақытта көңілді жүреді?

-Қалай ойлайсыңдар, адам қандай жағдайда қуанышта, шаттықта болады?

-Ақтиін қасқырды қандай іс-әрекетке бағыттады және Ақтиіннің бойында қандай жақсы қасиеттер бар?

-Өздерің аңдардың қайсысынан үлгі алар едіңдер? Неліктен?

 

     Мұғалім әңгімелесу сұрақтарын қойып, ондағы  құндылық пен қасиеттердің мәнін оқушыларға ұғындыруға күш салады. 

   Бұл ертегіні қорытындылайтын болсақ адамдар өзіне және басқаларға қылдай қиянат жасамай, жақсылық жасап жүрсе онда көтереңкі көңіл күймен жүреді. Ал жамандық ойлап және оны жүзеге асырып жүрсе онда ол адамның денесінде жаманшылық жүреді.

     

 

  Оқушылар әңгімелесу барысында көңіл күйдің адам өміріндегі мәнін тереңірек аша түседі. Әңгімелесу барысында жақсы, көтеріңкі, жағымды көңіл күйдің адамға әсер-ықпалы туралы біледі.

Әдебиеттік оқу хрестоматиясы. 2-сынып

  1. Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім оқушыларды топтық жұмысқа топтастырады және тапсырмалар береді.

І -топ

1 -тапсырма бойынша дәптерде суреттер берілген. Балалар суреттерді мұқият қарап,  өздерін ұятқа қалдырмайтын іс-әрекеттерді тауып бояйды.  (кітапта 3-сурет берілген)

 

ІІ -топ

2 -тапсырмада сұрақтарға жауап береді.

  1. «Әдепті бала -арлы бала» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
  2. Қандай жағдайларда «ұят болады» деген ескерту алып қалуларың мүмкін?

   Ар-ұждан – адамдықтың белгісі. Адамды істеген ісіне қарай бағалайды. Әрбір істі ұятқа қалмайтындай етіп, ойланып жасау керек. Ар-ұжданы бар адам әр уақытта дұрыс әрекет жасайды. Ар-ұжданына сай өмір сүру-әрбір адамның парызы. «Әдепті бала-арлы бала» деп халық бекер айтпаған.

 

топпен бірігіп тапсырмалар орындайды.     Тапсырмалар орындауда ұят болатын нәрселерден аулақ болуды ұғынады. Мақалдың мағынасын ащып түсіндіре алады.

Оқулықтағы

 32-беттегі тапсырмалар

  1. Үйге тапсырма

Мұғалім оқулықтағы № 6 сабақтың  Толымбек Әбдірайымовтың «Қайынның көз жасы» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келеді.

Үйден мәтінді оқып, танысып, түсініп келеді.

Оқулық 33-34 бет

  1. Топпен ән айту

     Мұғалім оқушылармен бірге  өлеңін жазған Сержан Молдасанұлы, әнін жазған Фарида Жолдасованың «Бала тілегі» әнін бірге айтады. 

Бал -балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.

 

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік -ұлан -байтақ еліміз,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән айтады.

 

Оқулықтағы 

34 -беттегі ән

  1. Сабақтың қорытынды сәті.

 

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді ізгі тілегімізді жүрегімізге сақтап, іске асырайық.  

 

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы тілектер айтады.

Оқушылар мұғалімге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін кері байланыс арқылы жеткізеді.

 

Баяу композиция қойылады.

https://youtu.be/esga7EBtW1c






 

 

183 0
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, «Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Гулдария Губашевна Ұлы Дала Ұстазы № 01436
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: