Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1024

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары және тиімді әдістері

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
 Мәлік Ғабдуллин

Тәуелсіздік алып, 30 жылдықты тойлап, білім  саласына көңіл  бөлініп еліміз  жақсарып   келеді. Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылған болатын   сол  қазіргі  таңда   жұмысын  жасауда.Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы басым бағыттарын əлемдік білім беруді дамыту үдерістерімен сəйкестендіру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын (ОФС) дамыту өзекті мəселеге айналып ,  өз   жемісін  беруде.  Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық негіздері оқушылардың қазақ тілін меңгеруі барысында жүйелі ойлауын дамытып, мектепте алған білімінің өмірдің қай саласында да тірек болуын қамтамасыз ететін тиімді əдістемелік жүйе жасауға жəне қолдануға мүмкіндік береді.

Физиканы оқыту барысында қалыптастырылуы тиіс деп күтілетін «функционалдық сауаттылықтың» белгілерін төмендегі модельден көруге болады (1-сызба).

    

Бұл белгілерді бір аяға жинақтап модель ретінде көрсетуде функционалдық сауаттылыққа берілген анықтаманың құрамындағы белгілер негізге алынып отыр.

Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізген оқушы дегеніміз мектепте білім алуы барысында өмірдің қалыпты жағдайларында кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімдерін таба алатын қабілетке ие болған, негізінен, қолданбалы білімін жүзеге асыра алатын деңгейдегі білім иесі болып табылады. Жинақтай алғанда, функционалдық сауаттылық оқушының жеке тұлғасының əлеуметтенуіне игі ықпал ететін басты тірек болып табылады.

Оқушының дамуы дегеніміз — оның өмірлік күш-қуаты мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы. Сондықтан сол дамытатын қабілеттерді жəне олардың оқу-танымдық процестегі қызметі ерекше қажет. Ал оқушыны белгілі бір психикалық алғышарттарға ие болып келетін, танып-білу мүмкіншіліктері мол жеке тұлға деп қарастыру — теориялық ұғым жасаушы субъектінің болмысын анықтау болып табылады.

Психологияда баланың дамуы туралы екі түрлі бағыттағы көзқарас бар: бірі — баланың дамуын жеделдетуге болады деген болса, екіншісі — баланың дамуын табиғи күйінде қалдыру керек, тіпті мүмкін болса, тежеңкіреу керек. Өйткені қоғам баланы ертерек есейтуге əрдайым бейім тұратындықтан, оның өмірлік күшінің толық пісіп-жетілмеуі мүмкін.

Қоғам дамуы барысында балаға əсер ететін ықпалы зор күштер болады. Бала соның негізінде белгілі бір даму жетістіктеріне ие болып, қалыптасады. Бірақ оқу-танымдық процесс білім беру мен тəрбиелеуді бір тізгінде ұстайтын болғандықтан, баланың сыртқы жəне ішкі даму барысындағы тепе- теңдікті бұзып алмау жағына сақ болу керек.

Əрине, даму барысы оның физиологиялық даму мүмкіндіктерімен үйлесе келуін де қажет етеді. Мұғалім оқу-танымдық процестің жетекшісі мен ұйымдастырушысы ретінде оқушының биологиялық жəне əлеуметтік дамуын үйлестіріп отыруды баса назарда ұстайды. Жасөспірім кезінде баланың танымдық қызметі ерекше белсенділікпен өтеді

Абайдың 7-қара сөзінде айтылған танымдық қызығушылық енді мектепте жəне орта сыныптарда түрлі салаларды меңгере бастауымен арта түседі. Осы ретте оқушының физика пәнінен коммуникативтік құзыреттілігінің оны белгілі бір шынайы ситуацияларға түсіре отырып, төселдірілуіндегі даму процесі туралы айтып өту керек .

Осы кезеңдегі оқушының қабылдауы, зейіні, қиялдауы туралы мəліметтер алуы қиын болғанымен, ес пен жады, сөйлеу мен ойлау сияқты таным процестерін тану мүмкіндіктері мол.

М.Мұқанов білім мағынасының бəрі де ақпараттан тұратынын атап көрсетеді. Сондықтан да ақпараттың шығатын көзі, келетін мекенжайы болады. Ақпарат шығатын жерінен келетін мекенжайына канал байланыстары радио, телеграф немесе хабар адамның рецепторларына берілсе, онда шетке жəне ортаға тебетін нервтер арқылы жіберіледі. Нысандардан рецепторлар арқылы адамға келген ақпарат оның басында сан алуан өзгерістерге ұшырап, белгілі жүйеге келтіріледі де, осының нəтижесінде келген хабарлар əр түрлі білім дəрежесіне айналады 

       Оқушының білім алу жəне танымдық үдерісі төмендегі суретте көрсетілгендей реттеліп отырады.

 

Оқушы тиісті оқу нысандарынан білімдік ақпарат алғанда, көп мағлұматтардың ішінен өзіне керек хабарды іріктеп алады. Адамның басында осындай іріктегіш, селективтік аспап бар. Егер оқушы рецепторларына жеткен мағлұматтарды іріктеп алмай, оған не əсер етсе, соны түгел қабылдаса, мақсатына жете алмас еді. Ол көп хабардың ішінен ненің қажет, ненің қажет емес екендігін ажырата алмай, оқи алмас еді. Сондықтан көп мағлұматтардың ішінен өзіне керегін ғана іріктеп таңдап алу — оқу тапсырмасын орындаудың негізгі шартының бірі.

      М.Мұқанов таным үдерісінің элементтерін мыналар деп көрсетеді: қабылдау; зейін; ес пен жады. М.Мұқанов жеткіншектердің таным үдерістерін былайша сипаттайды. Күнделікте оқу материалын ұғыну қабылдаудан басталады. Қабылдау тек бірдеме қарау, не соны тыңдау ғана емес, баста бар бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну [3].

Сондықтан қабылдау оқу үдерісінде ойлануды талап етеді. Қабылдау дегеніміз — мағлұматтарды тұтастығымен бейнелу. Егер қамтылатын материал қызықты болса, онда оқушылар осыған ғана көңіл бөліп, қиын материалдарды оқығысы келмейтіндігі кездеседі. Нəтижесінде, жеткіншек материалды тұтас қабылдай алмай, ақпараттың қандай да бір кесіндісі сияқты етіп, есінде сақтай алмауы мүмкін.

Жеткіншектің зейіні сабаққа қалыптасса, онда ол назарын бір нысаннан екінші нысанға аударып отыруға толық мүмкіндігі бар. Жеткіншектің жады мен есі едəуір дамыған жəне де білім мазмұнын мағынасына қарай есінде қалдыруды ұнатады. Сонымен қатар ол естігенін көпке дейін есінде сақтап, қажет мезгілде есіне жақсы түсіре алады.

Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері. 

Физика пәнінен функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында оқытуда педагогиканың, дидактиканың жаңашыл идеяларын қолдану керек. Бұл ретте оқу бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары мен оқыту формалары, оқушының білімін тексеру мен бағалаудың жаңа формалары, жаңа оқыту технологиялары, білім мазмұнын сұрыптаудағы жаңашыл əдістер т.б. мəселелер аса өзекті болып табылады.

Функционалдық бағытта оқытуда дəстүрлі дидактикалық ұстанымдарының жүйесі қатарында мынадай педагогикалық ұстанымдар басшылыққа алынғаны дұрыс деп санаймыз: когнитивтік ұстаным, креативтік ұстаным, рефлексивтік ұстаным. Көрсетілген ұстанымдардың оқушының ой операцияларының логикалық-сабақтастық желісін құрап, ауызекі сөйлеу мен жазу сауаттылығын қалыптастырып, дамытуда орны ерекше екендігін соңғы жылдардағы көптеген педагогикалық зерттеулер мен еңбектерде дəлелденіп келеді.

    Интернет-технологияның қазіргі кездегі даму барысын қадағалай отырып, онда əлеуметтік сервистер мен қызметтердің кең тарап келе жатқанын көре аламыз. Олар: блог, уики, покаст, твиттер, ютюб, қыстырма т.б. Оларды кең арналы жүйеде қолдануға қазақ тілін оқытудың кейс-стади, квест-сабақтар, электрондық-виртуалдық сабақтар, қашықтан оқыту т.б. сияқты заманауи жүйелерді қолдану əдістемелері арнайы зерттелуі керек.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгертілуі басты орында болуы керек. 

Оқушылар білімін құзыреттілік негізінде бағалауОқушының білім сапасын дамытудың басты бағдарларының бірі ой өрісіне әсер ететін тапсырмалар арқылы білімділік деңгейін бағалау технологиясын жаңашаландыру болып белгіленді. 

Жалпы, адам баласының еңбегін шынайылықпен бағалау мəселесі адамзат үшін əлі де болса өзекті болып табылатыны белгілі. Соның қатарында оқушының ой еңбегінің бағалану мəселесі де күн өткен сайын ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында адамгершілік талаптарымен шешілу жолдарын іздестіруде.

Қазіргі заман  балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы.

Оқу сауаттылығы:

  • Ақпаратты табу;
  • Мәтінді интерпретациялау;
  • Рефлексия және бағалаудан тұрады.

Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін  ала білуі.

Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды пайдалануға болады.  Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген. Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша  оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет. Қорыта айтқанда, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал  – жүйелі құрастырылған таңдау курстары. 

Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуіжәне оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.

МАҚСАТЫ:

*Оқу сауаттылығына деген қызығушылықтарын арттыру;

*Оқушылардың білім деңгейлерін көтеру;

*Оқушылардың өзіне деген сенімдерін қалыптастыру;

*ҰБТ-ға дайындау.

 

 Міндеттер: 

  1.  Мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;
  2. тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығынбілдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;
  3. ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау.
  4. Мәтінмен жұмыс жасау;
  5. Шығармашылық жұмыстар орындату;
  6. Әдебиет теориясына қайталаулар жасау;
  7. Тест тапсырмаларын орындату;
  8. Қатемен жұмыстар жасату;

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсету.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы: «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» [16, 25б.]
2. Функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған 2012-2016 жж.ұлттық іс қимыл жоспары. 25.06.2012. № 832 Үкімет қаулысы
3. Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж. [4, 15 б.]
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.Астана,2012г.  [17, 20б.]

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы. 3. Сергеева Т.Новые информационные технолгии и содержание обучения (на примере предметов естественно-научного цикла). 1999,№1. 

6 287 0
Гүлбану Жұмажанова, Жамбыл мектеп-балабақшасының физика пәнінің мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 001518
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: