Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1023

Ашық сұрақтар арқылы математика сабағында білім алушылардың ойлау қабілеттерін қалай арттыруға болады?

Түйінді сөздер: зерттеу, ашық сұрақтар, ойлау қабілеті, бағалау, есеп, дескриптор, нақты жауап, нәтиже.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Eлiмiздeгi бiлiм бeру сaлaсындaғы жaңғыру мeн жaңaру үдeрiсiндe: ХХI ғaсырдa нeнi оқыту кeрeк? Мұғaлiмдeр білім алушыларды ХХI ғaсырғa қaлaй дaйындaйды? (Мұғaлiмгe aрнaлғaн нұсқaулық, 4-бeт) дeгeн сұрaқтaр өзeктi мәсeлe болып отыр. Осы орайда «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалім блім алушыларды бөліп жармай бағыттаушы тұлға ретінде даналыққа жеткізуі керек. Мұғалімдерде тәжірибе барысында туындайтын, жауап алуды қалайтын бірқатар өзекті сұрақтары болатыны сөзсіз, алайда сұрақтардың арасынан күнделікті жұмыста аса маңызды және қызықты болып табылатын бір мәселені анықтап алу қажет. Бұл кезеңде жан-жақты жоспарлау зерттеуді бастағанда қателікті болдырмауға көмектеседі, әрі мәселені зерттеу барысында көңілі қалмай, ынтамен жұмыс істеуге септігін тигізеді. Іс-әрекеттегі зерттеу  жұмысын бастау - орта буынға аяқ басқан 5 сыныптардың мүмкіндіктерін, деңгейін анықтау үшін тиімді әдіс. Зерттеу жүргізудің 1 қадамы зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу. Бұл үшін  оз сабағымда  білім алушылардың мүмкіндіктерін бақыладым. 5-сынып  білім алушылары бастауыш буыннан келгеннен кейін орта буынға үйреніскенге дейін оз ойларын толық жеткізе алмай, өздеріне деген сенімсіздікке бой алдырып, жасқаншактық танытты.  Математикалық тілде сөйлеу дағдыларында кедергілерге ұшырай бастады.

Мұндай мәселенің туындауына бірден-бір себеп барлық пәндерде  мұғалім тарапынан білім алушыларға  қойылатын «жабық сұрақтардың»  әсерінен деп түсіндім. «Жабық сұрақтарға» жауап беріп үйренген баланың ойлау шеңбері, сөйлеу дағдысы да қысқа болып қалыптасады. Сондықтан Джон Гирдің  «ашық сұрақтар жеке тұлғаларға сұраққа өз сөздерімен жауап беруге мүмкіндік береді»  деген пікірін ескере отырып мен іс – әрекетті зерттеу тақырыбымды  «Ашық сұрақтар арқылы  математика сабағында білім алушылардың ойлау қабілеттерін қалай арттыруға болады?» деп алуды ұйғардым. 

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым: Ашық сұрақтар қою арқылы ойлау қабілеттерін арттыра отырып, математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері – 

  1. сұрақтарды саралау
  2. сұрақ қою арқылы мәселелерді анықтау
  3. жетелеуші сұрақтар арқылы нақты жауап беруге машықтандыру
  4. математикалық сауаттылыққа баулу

Зерттеу жүргізе отырып, қол  жеткізетін нәтиже: 

 әр түрлi пiкiрлeрдi тыңдaй отырып, өз идeялaрын қaлыптaстырып және оны қорғaй бiлуге үйрeнген, ойын ашық жеткізе алатын, математикалық сауаттылық қабілеттері артқан тұлға. 

Сонымен қатар білім алушы үшін пайдалы болып, мұғалім үшін тиімді болу мақсатында белгілі бір ережелерге сүйенген дұрыс:

  1. Сұрақты қояр алдында, мақсатыңызды нақтылап алыңыз.
  2. Сұрақ аудиторияға сай келетін түсінікті түрде қойылуы керек.
  3. Сұрақ бір сарынды, дағдылы жауаптарды болдырмау керек
  4. Мұғалім өз дегеніне келтіретін сұрақ қоймау керек
  5. Білім алушылардың білімдерін анықтау сұрақтары мен ойлау қабілеттерін айқындайтын сұрақтар қою керек.
  6. Сұрағыңызды қойған соң, оқушылардың түсінгеніне көз жеткізіңіз

Осы аталған ережелерді сақтау мұғалімге білім алушылардыңбілім алуына деген қызығушылығын жоғарылатып, олардың берген жауаптарының сапасын арттыруға ықпал етеді.

Дұрыс қойылған сұрақтар адамның білім-білікке ие болуына ғана ықпал етіп қоймайды, сонымен қатар өзінің әрекеттеріне, жұмыс күндеріне рефлексия жасауға, бақылау мен қадағалауды іске асыуға үйрететіні сөзсіз.

Оқу үдерісінде тиімді педагогика аясында   сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп отырады. Оның үстіне, сұрақтар білім алу қажеттіліктеріне сәйкес құрылу қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және қабілетіне қарай сұрақтарды саралауға болады. Білім алушының  білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болатындығы нұсқаулықта көрсетілген. Білім алуда сұрақ қоюдың, сұрақ түрлерін ажыратудың өте маңызды екеніне көз жеткізгеннен кейін сабағымда ашық сұрақтарды дұрыс дайындап, оларды орынды қолдануды қолға алдым.

Мектептегі іс – тәжірибеме өзгеріс енгізy кезінде сабақтарымды жоспарлағанда «Білім алушы нені білyі және түсінyі керек?» және «Білім алушы сабақта қандай мәселелерді талдай және зерттей білyлері керек?» деп өзіме – өзім сұрақ қойдым. Осыған жауап іздеуде мұғалімнің зерттеу сұрағы екі бөлікке бөлінетін қағидаға сүйендім. Ол алдымен білім алушының мәселелерді талдау қабілеттерін зерделеу, екіншіден талдау кезінде аргументтерге сүйене отырып ойларын жеткізуді анықтау, оқу мақсатының орындалуына қол жеткізу.Зерттеу нысаны 5 А сыныбы. Сыныпта барлығы 24 білім алушы бар. Ең алдымен осы сынып туралы сынып жетекшісі мен мeктeп психологымeн сұхбaттaсып, мeн зeрттeугe aлып отырғaн 5 а сыныбындaғы жaлпы психологиялық aхуaл турaлы мәлiмeт aлып, зeрттeу жүргiзудiң aлдындa aлынaтын сaуaлнaмaлaр, бaқылaулaр жөнiндe кeңeстiк. Жaлпы 5 а сыныбындaғы психологиялық aхуaл жaқсы, тeк бaлaлaр орта буынға бейімделуді бaстaн кeшiрiп жүргeндiктeрін ескеру кeрeктiгiн айтты.

Сыныптaғы жaлпы aхуaлды жәнe олардың ойлау қабілеттерінің деңгейін aнықтaу үшiн социогрaммaмeн жұмыс жүргiздiм.  

Сыныптaғы бaсты мәсeлeлeрдiң бiрi оқушылaрдың өзiнe сeнiмсiздiгi. Бeлсeндiлiгi төмeн оқушы сaбaқ бaрысындa өз ойын aшық aйтa aлмaй, өз бeтiншe сыныппeн aрaлaсa aлмaй, сaбaққa толыққaнды қaтысa aлмaйды.  

Жүргiзiлгeн жұмыстaрдың нәтижeсiндe оқу үлгeрiмдeрi мeн қaбiлeттeрi әр түрлi дeңгeйдeгi болғандықтан қысқа мерзімді жоспарымды осыған негіздей отырып жасадым.

 

  1. ҚМЖ жасаған кезде, мен тапсырмаларды ойлау деңгейлеріне сай Блум таксономиясы бойынша жасап, оқушылардың жас және интеллектуалды ерекшеліктерін ескеріп отырдым.
  2. Бұрынғы сабақтарымда мен топтық жұмыс түрлерін   бір-біріне ашық сұрақтарды қою арқылы нақты жауап беруге, сауатты сөйлей білуге, жауаптарын дәлелдей білуге. ынтымақтастықта жұмыс жасауға жағдай жасадым.

Тізбектеп атап айтқанда «Пропорцияның негізгі қасиеті» және «Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару»,тақырыптарына тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарладым. Бұл жерде қойылған сұрақтарға жауап беру нақтылығы, ойларын терең жеткізілуі, сұрақтарға жауаптары толық, нақты болды, кейбірі сұрақтарға жауап бергенімен, бойында сенімсіздік байқалды, сыныптастарының көмегіне жүгінді. Жаңа тақырыпты Джигсо әдісін пайдалан отырып меңгерттім. Тақырыпты меңгеруде  өз ойларын еркін бөлісетініне көз жеткіздім. Білім алушылардың бойындағы қорқыныш сейіліп, өздерінің түрлі идеяларын топтаса отырып, негізгі қасиетін дәлелдеу жолдарын талқылады. Сабақтың «түсіну» кезеңінде алған білімдерін дұрыс қолдана білді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізді. Кейбірі берілген деңгейлік тапсырмаларды орындап, жаңа тақырыпқа берілген есепті тақтада шығару жолын түсіндіріп жауап берді. Олардың тапсырмаларды орындаудағы әрекетінде өзіне деген сенімділік болды.

 Есептің алгоритмін құрып, түсіндіру әдісін сабақта өтілген материалды талдау барысында қолдандым. Есептің мағынасын ашуда әр топ бірін – бірі толықтырып, есепті шешу жолдарын салыстырулары сабаққа деген ынта – жігерін алдағы сабақтарда белсенді жұмыс жүргізулеріне ықпал етті. Сыныптағы білім алушылардың бірлескен есептерді талдауда тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік жасадым, басқа да сыныптастарының   өз идеялары болатындығын түсіндіруіне көмектестім. Аталған жауаптар мені іс – әрекеттегі зерттеу тақырыбына қатысты болжамымды нақтылай түсті. Қандай тапсырма беру керек? Ойлау туралы ойлануға берілген тапсырмалар қандай болу керек? Оқыту қалай ұйымдастырылса тиімді болады? Екінші сабағымда басқа тәсілдерді қолдануды жөн көрдім. Білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлауын бақылау барысында, ортада ынтымақтастық қалыптаса бастағанын байқадым. Кері байланысты оқи отырып оқушылардың белсенділігі артқанын, диалогтік қатынасқа түсіп сұрақ-жауап негізінде тапсырмаларды орындаған ұнағаны менің келесі сабағыма жоспар жасауға түрткі болды.

Келесі сабақтарда жетелеуші сұрақтар арқылы тақырыптың мазмұнын ашып , дескриптор арқылы бағалауды үйренді. Бірін- бірі бағалауда нақты сұрақ қою және нақты жауап алу дағдылары қалыптаса бастады. Өтілген сабақтарды фокс топпен талқылай отырып келесі сабақ жоспарлары жасалды. Тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізу барысында, зерттеуге алынған білім алушылардың сабақ барысында ашық сұрақтарды қаншалықты  қоя  алатынын зерттеп, олардың ойлау деңгейінің  алға қарай өсуін байқадым. Бірінші сабақтарда оқушыларым білу-түсіну-қолдану деңгейлерінде қарапайым сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қоя білсе, соңғы сабақтарда олар өз ойларын еркін жеткізіп дәлелдеуге тырысты. Практикаға енгізілген  өзгерістер кейбір проблемаларды да туғызды. Тек есеп шығарсам болды деп анықтама айтуға мән бермеу, теорияны практикамен ұштастыра алмау басты проблема болды. Сөздік қорының аздығы, әрине өз әсерін тигізді. Кейбір оқушылар  сауатты жауап бермеуге қорқып, үндемей отырды.

  Жоғары көрсетілген проблемаларды талдай отырып, мен келесі шешімге келдім:

  • Сабақты жоспарлаған кезде, әр тапсырмаға белгілі уақытты беріп, онымен санасуға.  
  • Қысқа мерзімді жоспарға білім алушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыратын тапсырмаларды беріп, оларды үнемі ашық сұрақтарды  қоя білу және жауап бере білу дағдыларына машықтандыруға.  
  • Сабағымның жағымды және жағымсыз жақтарын көру үшін фото мен бейнежазбаны пайдалану.
  • Сабақты жоспарлаған уақытта білім алушылардың білім деңгейін, жас және жеке ерекшеліктерін ескеру; 

 Сабақ барысында баланың  бойында қорқыныш, алаңдау сезімдерін болдырмай, сөз еркіндігін беру керек. 

Мұғалім білім алушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. ( Нұсқаулық, 41-бет).   

"Нашар ұстаз шындықты қайталайды , жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді"- деп ұлы ойшыл А.Дистерверг айтқандай, жақсы ұстаз болу үшін аянбай тер төгу қажет деп ойлаймын. 

   Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

 Бақытты ұрпақ тәрбиелеуге аянбай үлес қосайық.

 

Пайдаланған әдебиет: 

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық , 2015г.
  2. Критериалды бағалау 
  3. Сараптамалық құралдар жинағы. Астана 2014.
  4. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау 
  5.                      (оқу-әдістемелік құралы) Астана 2014.
  6.         Педагогикалық диалог  (ақпараттық-әдістемелік журнал) 

                                                                           № 1 2019

  1.         Хабаршы   (ғылыми-педагогикалық журнал) Тараз 2016, № 25

 

537 0
Шарбану Халықова, Шайқорық орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ұлы дала ұстазы № 001517
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: