Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1021

«Тарихи-өлкетану есептерін құрастыру» ғылыми жұмыс

Өзекті мәселе: Өз қалаңның тарихын, оның географиялық орналасуын және мәдениетін математиканы зерттей отырып білуге бола ма?

         Жұмыстың жаңашылдығы: Өз қалаң туралы математиканың көмегімен танып-білуге мүмкіндік беретін есептер жоқтың қасы. Мен осындай есептерді өзім құрастырғым келеді.

         Зерттеу нысаны: Өлкетану бағытындағы математикалық есептер.

         Зерттеу жұмысының мақсаты:

  1. Ақтөбе қаласы туралы мәліметтер негізінде математикадан есептер мен слайдтар жинағын құрастыру.

Міндеттері:

  1. Есептер құрастыру үшін әртүрлі дереккөздерді (мерзімді басылымдарды, Ақтөбе қаласының тарихы мен мәдениеті туралы мақалаларды, анықтамалықтарды)  қолдана отырып, Ақтөбе қаласы туралы мәліметтер жинау және зерттеу.
  2. Ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру  мақсатында powerpoint-та презентация құру.
  3. Есептерді сыныптастарыма шығартып көріп, нәтижесін талдау.

 

Зерттеу әдістері:

  1. Теориялық әдістер: интернет дереккөздері мен тарихи әдебиеттерді шолу; деректер мен даталарды еске сақтау бойынша тәжірибелер; есеп құрастыру тәжірибесін зерттеу және жалпылау.
  2. Эмпирикалық әдістер: бақылау, сауалнама алу; суретке түсіру, интернеттен фотосуреттерді алу, презентация құру.

Болжам: Туған өлкенің тарихын білу математикалық есептерді шығаруды дамытады және керісінше, есептерді құрастыру мен шешу туған қаламыздың тарихы туралы білімімізді кеңейтеді. Онлайн жұмыс режимінде информатика пәніне қызығушылығын арттырып, бос өткізетін уақытын білім алу көзіне айналдыра алады. 

 

І тарау. Теориялық бөлім.

  1. Математиканың адам өміріндегі ролі.

«Математика барлық ғылымдар патшасы» деп Гаусс айтқандай математиканы да адамды сүйгендей сүйіп, адамды түсінгендей түсінген абзал. Математика–барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек,математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. 

Математиканың басқа ғылымдармен байланысын атап айта аламыз.

Дүниетанумен байланысына келсек, қалалардың арақашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады.

Әдебиетпен байланысы: көз алдыңызға логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіріңіз. Егер ол бір шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғаларды оңай еске түсіріп, шығарманың атын еске түсіре алады.

•    Автожүргізуші өзінің жүретін жолына қанша уақыт немесе қанша жанармай кететінін есептеу үшін қажет

Математиканың тарихпен, өлкетанумен қандай байланысы бар? Тарих толығымен даталардан және соған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін математикалық ойлау қабілеті керек. Математикалық білімді өзіңнің туған қалаңның тарихын білуге қалай қолдануға болады? Мұны мазмұнында әртүрлі тарихи деректер бар математикалық есептер арқылы жүзеге асыруға болады. 

         Әр адамға күнделікті өмірде үнемі есеп шығаруға, бағалау әрекеттерін орындауға, ауызша есептеу дағдыларын пайдалануға, натурал сандарға амалдар қолдануға тура келеді. Бірақ есептерді дұрыс әрі тез шығаруды қалай үйренуге болады? Есептерді шығаруды үйренудің тиімді жолдарының бірі – оларды өзің құрастыру. Мен көп баратын жерлерге байланысты мәліметтер мен деректер менің қызығушылығымды тудырады. Осыны ескере отырып, Ақтөбе қаласы туралы ақпарат негізінде 5-6 – кластарға арналған авторлық есептер жинағын құрастыру ойы туындады. Бұл үшін мен қызықты ақпаратты жинау бойынша көп еңбектендім, жиналған ақпаратты өңдеп, оған қызықты суреттер таңдап алдым. Енді бүгін мен менің зерттеу жұмысымның нәтижесін: «Ақтөбе қаласы: сандар сыр шертеді» тақырыбындағы жобамды ұсынғым келіп отыр .

  1. Ақтөбе қаласының қысқаша тарихы

Ақтөбе қаласының тарихы 1869 жылдың 28 мамырында басталған. Бұл күні «Ақ төбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі қаланған. 

1999 жылдың наурызында өзінің «Ақтөбе» деген тарихи атауына ие болған қала советтік кезеңде Актюбинск деп аталды [2]. 

1869 жылдың мамырында Хобда мен Елек өзендерінің аралығына флигель-адъютант, граф фон Бог басқарған жасақ жіберілген. Осылай, Лев Баллюзек атындағы өлкенің әскери губернаторы Елек пен Қарғалы өзендерінің қосылысқан жерінде Ақ төбе бекінісін салуды тапсырған. Осы күні қаланың тарихы басталған [5].  

1940-1960 жылдары ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бой көтерді: хром қосындылары зауыттары, ауылшаруашылық машина жасау саласы, рентген аппаратурасын шығару саласы, сүт және ет комбинаттары, тігін фабрикалары және басқалар [1]. 

 

ІІ тарау. Практикалық бөлім

2.1. Өлкетану материалдары негізінде есептер құрастыру алгоритмі

Сіз білесіз бе, біздің қаламыздың құрылысының басталуы туралы Петербургтің «Биржевые ведомости» газеті былай деп хабарлады: «… Ақтөбе бекінісіне Елек өзенінің сол жағында Елек қорғанысынан 180 верст, Орынбор-Қазалы керуен жолына жақын, Қарғалы өзенінің тармағындағы Ильинка станциясынан 170 верст қашықтықта жер таңдап алынды… Құрылыс қазірдің өзінде басталып кетті, Елек уездік басқармасын күзге дейін көшіріп болу көзделуде».1880 жылы Ақтөбеде алғашқы халық санағы жүргізілгенде, 409 тұрғын болды. Олар 38 үйде тұрды, оның 5 үйі ағаштан, 33 үйі саман кірпіштен салынған. Елді мекен мынадай өзіндік шағын аудандарға бөлінеді: Құрмыш, Татар слободасы, Оторвановка. Алғашқы көшелер Гарнизонный, Крепостный, Оренбургский, Елек, Георгиевский деп аталады...[6]

Осыларды және тағы басқа мәліметтерді мен әртүрлі қызықты деректер мен ақпараттарды, тарихи даталарды жинақтай отырып білдім. Бұл мені өте қызықтырды. Мен өз қалам туралы көп нәрсе білдім және сіздермен бөлісуге дайынмын...

 

2.2. Тарихи-өлкетану бағытындағы есептер жинағы

  1. Теңдеуді шешіп, Ақтөбе қаласының құрылған жылын табыңыздар:

(720+х) ∙ 51 = 132039

Шешуі:       720 + х = 132039:51

                        720 + x = 2589

                        x = 2589 – 720

                        x=1869

Жауабы: Ақтөбе қаласы 1869 ж. құрылған.

 

  1. Ондық бөлшектерді қосуды дұрыс орындасаңыздар, біздің қаламыздың халық санын біле аласыңдар:

19093+273605+40080,2+69004,7+18217,1

Шешуі:19093+273605+40080,2+69004,7+18217,1 = 420 000

Жауабы: Ақтөбе қаласында 420 мың адам тұрады.

 

  1. Амалдарды орындап, біздің қаламыздың ауданын табыңыздар:

 

Шешуі: амалдап орындаймыз, 
 
1)  

 

2)  

3)  

4)  

Жауабы:Ақтөбе қаласының ауданы – 297,4 км2.

 

  1. №2 және №3 есептердегі мәліметтерді қолдана отырып, Ақтөбе қаласындағы халықтың тығыздығын анықтаңыздар. Жауабын бүтінге дейін дөңгелектеңіздер.

Шешуі:       420000 : 297,4 = 141

Жауабы:Ақтөбе қаласындағы халықтың тығыздығы – 141 адам/км2.

 

  1. Ақтөбе суқоймасының (Ақтөбе теңізі) көлемі 245 млн м3, Сазды суқоймасының көлемі 6 млн м3. Егер Қарғалы суқоймасының көлемі олардың қосындысынан 29 млн м3-қа артық болса, онда оның көлемін табыңыздар.

Шешуі:       245 млн + 6 млн = 251 млн.

                     251 млн + 29 млн = 280 млн.

Жауабы:Қарғалы суқоймасының көлемі – 280 млн м3.

 

  1. 1932 жылдың 10 наурызында қала Қазақ КСР-ның жаңадан құрылған Ақтөбе облысының орталығына айналды. Осыдан кейін қалада су құбыры жүргізілді.6 км 941 м 67см + 1 км 437 м 18 см + 2 км 121 м 15 см қосындысын есептесеңіздер, Ақтөбедегі ең алғашқы су құбырының ұзындығы шығады [3].

Шешуі:       6 км 941 м 67см + 1 км 437 м 18 см + 2 км 121 м 15 см = 

694167 см + 143718 см + 212115 см = 1050000 см = 10,5 км

         Жауабы:  Ақтөбедегі алғашқы су құбырының ұзындығы – 10,5 км.

 

  1. ЕКОЕ(26, 64, 125) есептесеңіздер, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қанша экспонат бар екенін таба аласыздар.

Шешуі:       26   2                    64  2                     125  5

13  13                   32  2                     25    5

1                          16  2                     5      5 

                                                8    2                     1

                                                4    2

                                                2    2

                                                1

ЕКОЕ(26, 64, 125) = 5∙ 26 ∙ 13 = 104000

Жауабы:104000 экспонат бар.

 

  1.   өрнегінің мәнін тапсаңыздар, Ақтөбе қаласынан қанша адам Ұлы Отан соғысына аттанғанын білетін боласыздар.

Шешуі:

 

 

Жауабы: Ақтөбе қаласынан Ұлы Отан соғысына 3000 адам аттанды.

 

  1. Өрнектің мәнін табыңыздар:    , мұндағы a=1; b=6; c=2. Өрнектің мәнін дұрыс тапсаңыздар, Ақтөбеден шыққан Кеңес Одағының батырларының санын біле аласыздар.

Шешуі:        

Жауабы: Ақтөбеден шыққан Кеңес Одағының батырлары – 37 адам.              

  1.  №63 ЖББОМЛ мен «Достық» бассейнінің картадағы арақашықтығы 7,5 см. Егер картаның масштабы 1:10 000 болса, онда нақты арақашықтықты табыңыздар.

Шешуі:Пропорция құрамыз,

                    1 см – 10 000 см

                    7,5 см – х см

                     см

                            75 000 см = 750 м

Жауабы: №63 ЖББОМЛ мен «Достық» бассейнінің арақашықтығы – 750 м.

  1.  2016 ж. Батыс-2 ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Денсаулық саябағы» ашылды. Оның ұзындығы – 200 м, ал ені – 70 м. Саябақтың ауданын табыңыздар, жауабын гектармен өрнектеңіздер.

Шешуі:       S = 200 ∙ 70 = 14000 м2

                    14000 м2 = 1,4 га

Жауабы: Денсаулық саябағының ауданы – 1,4 га.

225 1
Ақниет Салмағамбет, М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп лицейінің математика пәні мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 001515
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Ұлпан
6 ноября 2024 16:51
керемет жаксы жумыс екен