Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1019

Білім сапасын арттырудың басты мақсаты - баянды білім беру

« Біздің мақсатымыз – өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыс­тарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жал­ғастыру» деп  Елбасымыз   айтқандай  білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, ізденімпаз, барлық іс – әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. 

Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетінің дамуына жол ашуы қажет. 

Қазіргі жаңа оқыту технологияларының алдына қойған мақсаты бірінші орынға оқушының  баянды білім алуын, білігі мен дағдысын емес, оның жеке тұлғасын білім арқылы дамыту.

Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, ізденімпаз, барлық іс – әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.

Осыған  орай,  Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне  ұмтылуда.  Өйткені қазіргі заманда  елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты  болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан,  жаңартылған білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс.   

 Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енеген  жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыртын тың бағдарлама болды. Оқытудың парадигмасы өзгерді. 

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.

2. Негізгі  бөлімі

Осы мақсатта,  жаңартылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізіп,   оқу  үдерісіне  сатылай   енгізіп,  оқу-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетіп,  «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін таратып, жаңартылған білім беру мазмұны және жаңа оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламалары жасалынып, жаңартылған білім беру мазмұ­нын сынақтан өткізу және ен­діру мәселелері бойынша мұ­ға­лімдерге арналған конференция­лар мен оқыту семинарлары ұйымдастырылып,   педагогтардың  біліктіліктері  арттырылуда. 

             Оқушылардың  мектепте   табысты  оқуы  ғана емес,   өмірде  де  табысты   болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның  құзыреттілігіне  байланысты   болмақ.  Осы негізде,  биология   сабақтарында   оқытудың  әдіс-тәсілдерін үнемі  жаңартып  отырумен   қатар  жаңа  технологияларды  меңгеріп,   оны  тиімді қолданып,  оқушының   өздігінен  білім  алуына   қолайлы білім беру  ортасын ұйымдастыра  отырып,  сын   тұрғысынан  ойлап,  АКТ –ны   қолданып, коммуникативті   қарым-қатынас орната  отырып, жеке,  жұппен  және   топпен  жұмыс  жасау дағдыларын  қалыптастыруға  жұмыстар жасап келемін.

             Әрбір сабағына аса жоғары жауапкершілікпен қарап,  елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілгені жайындағы жаңалықты оқушыларға жеткізуде,  Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп  біліп,  биология  пәні   сабақтарымда, оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі   және  оқушының  өздігінен   білім  алуына  жетелейтін   тиімді  әдіс –тәсілдерді  қолдану   менің  басты  мақсатым   болып  табылады. Сабақта жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасап,  оқушыларға  өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуіне   жетелеймін,  бағдар  беремін.  Әр оқушының өз ойына шек келтірмей жауап беруіне дағдыландырып, оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына , практика кезінде өз сабақтарымда тиімді  әдіс – тәсілдерді  қолданамын.

Жалпы өзімнің іс тәжірибемде жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру үшін, мына мақсаттарды орындауға тырысамын. Ол:

  1. іс-әрекет үшін қолайлы ахуал туғызу табыс жағдайын қалыптастыру;

     Күнде  сабақтың   басында,  сабақты  бастамас   бұрын оқушылар тарапынан қызығушылық, сабаққа деген ынтасын  туғызып, сабаққа деген жақсы көңіл-күй қалыптастыру  негізінде  ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АТМОСФЕРАСЫН  орнатамын. Бұл  орайда,   оқушының жас  ерекшелігі ескеріліп; 

    “ Үш   қол” ,  “ Сағат  бойынша   дос”, “Досыма  хат”,  “Ұшқан   тілектер” 

   және   т.б. сияқты  әдістер  арқылы   сабақта  сенімді,  ынтымақтасқан   орта  

    қалптастырамын.  

  1. оқу материалы мен оны ұсынуда оқушының тұлғалық тәжірибесі мен ерекшеліктерін ескеру;     

            Сабақ   барысы, әр оқушының білімді игеруіне сәйкес материалды таңдап,  оны   тиімді  игеруіне  қолайлы   әдісті  таңдаумен  анықталады.   

Бұл  негізде,  оқушының   тақырыпты  өзіндігінен  меңгеруі   үшін,  тек  меңгеріп   қана  қоймай,  сонымен   қатар,  мәселе  тудыра   отырып  сабақтың мақсатын  анықтату   негізінде;  “ Кейс  стади” ,   “ Зерттеушілік  конференция”,  “Ментальді   карта”,  “Джиксо”,  “ Тұжырымдаламалық  карта”   және  т.б. сияқты  әдістер   арқылы  сабақты  оқушылардың   өзіндіктерінен  меңгеруіне  жағдай   туғызып,  жетелеймін. 

  1. тапсырмалардың әртүрлі деңгейлік сипаты;

       Сабақ  барысында, әр оқушының тапсырманы орындау деңгейін анықтап,   Блум  таксономиясымен дайындалған  сараланған сұрақтар  мен   деңгейлік  тапсырмалар дайындаймын .

  1. оқу материалын таңдау мен орындауда таңдау мүмкіндігін беру;

      Кей кездерде оқушылардың көңіл-күйлеріне қарай оларға тапсырманы орындауға мүмкіндік беру, олар өздеріне ұнайтын, өздері мүдірмей орындайтын тапсырмаларды таңдай алады. Мұндай  кезде   сыныпта  максималды  тәуелсіздік   атмосферасы  орнайды.  Бұл   жердеде  Блум  таксономиясы   негізінде  дайындалып, “Дауыстап  ойлау”,  “Менің   пікірім”,  “Стикердегі  сұрақ ” және   т.б  әдістерін  қолданамын. 

Мысалы, 8 – сынып  « Жұқпалы  аурулар және олардың  алдын   алу  шаралары»  тақырыбын   қайталау үшін  Блум  таксономиясы арқылы  құрастырылған   сұрақтарға  тоқтала  кетсем;

Білу  және   түсіну:

  1. Жұқпаның  жұғу  жолдары   дегеніміз  не?  Олар  көбінесе  қандай   болады? 
  2. Ауру  кезінде  жекебас гигиенасын  және   санитарлық  талаптарды  не   үшін  сақтау  керек?
  3. «Жұқпалы аурулар», «қоздырушылар»   деген  терминдерге  анықтама   беріңдер.

Қолданылуы:

  1. Ауа  -  тамшы   арқылы  жұғатын  тамшыларды атаңдар. 
  2. Әртүрлі  жұқпалардың ( ішек, тері, тыныс алу  жүйесінің) жұғу  типтері   және  қоздырушылар  типтері арасындағы  байланысты   анықтаңдар. Нақты  бір  тәуелділік   бар  ма? 
  3. Әртүрлі ішек  жұқпаларын  салыстырыңдар. Олардың  қандай   айырмашылықтары  мен  ұқсастықтары бар 

            Талдау:

  1. Жұқпалы  аурулардың  жұғу   жолдарын және  олардың ену  жолдарының алдын алу  шараларын   сызба  түрінде  бейнелеңдер. 
  2. Орта  ғасырларда  және ХХ ғасырдың  басында Еуропада жаппай  індет (эпидемия) кезінде жұқпалы  аурулардың таралу  себептері   туралыпікірлеріңді  айтыңдар
  3. Ауру  жұқтырудың  алдын   алуда жұқпа  қоздырушылары  туралы ақпаратқа ие  болу   маңыздылығын  дәлелдеңдер. 

Синтез:   

               1.  Параграфта   сипатталған ауруларды еркін   критерий  бойынша 

                     жүйелеңдер. 

               2. Өмірде  естіген, кең   тараған жұқпалы  аурулар  туралы   эссе  жазыңдар.

                3 . Сендер  тұратын   аймаққа  сырттан алып келінген  қарбызда тырсқақ 

                     ауруның қоздырушылары анықталды.  Сендер  қандай   әрекет  

                    жасайсыңдар?  Соның   моделін  жасаңдар. 

                Бағалау

               1. Мемлекет  деңгейінде   қолданылатын жұқпалы  аурулардың алдын алу  

                   шаралары туралы  пікірлеріңді   айтыңдар .  Дұрыс  ретпен   

                  орналастырыңдар.

              2. Осы  бөлім   бойынша алған  білімдеріңді  қажет деңгейге  сәйкес деп 

                   есептейсіңдер ме ? Сендер  қаншалықты   қажет  ақпарат   алғандарыңды  бағалаңдар . Жағдайды жақсарту үшін не істеу  керек ?Жауаптарыңды  дәлелдеңдер. 

          Сабақта әр оқушыны қандай жағдай болмасын қолдап, қолпаштап, оқуға деген қызығушылын туғызу мақсатында көтермелеу арқылы  тиімді  кері   байланс жасау.  Бұл  орайда кері   байланстың  төрт  түрін   қолданамын

  1. Ауызша   сұрақ  арқылы  кері   байланыс  жзасау; 
  2. Жазбаша   сауалнама  арқылы  кері   байланс  жасау;
  3. Графикалық   түрде  кері  байланыс   жасау;
  4. Қозғалыспен кері   байланыс  жасау; 

     Міне, осындай әдістерді  сабақ барысында жүйелі түрде қолданып, оларды оқушының  қабылдауы мен игеруіне сәйкес орынды үлестіріліп отырса оң нәтижеге жетуге болатынына кәміл сенімдімін.

         Сонымен   қатар,  сыныптастарының және  мұғалімінің  берген кері байланысы оқушыны қалыптастыруға, оқу мақсаттарына жетуге үлкен көмегін тигізетінін  ескеріп,   өз сабақтарымда  оқушылар  үшін   және  мұғалім  үшін тиімді   кері  байланыстардың  берілуін   басты  назарда  ұстап, кері   байланыс  жасаудың   әртүрлі   әдістерін  қолданып  келемін.   

3.Қорытынды  бөлім

       Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, өздігінен  білім алып, функционалдық  сауаттылығын   арттыруда, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға үлесімді қосудамын.

Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену

       Мәңгілік Ел болашағы – өсіп келе жатқан өскелең  ұрпақтың  қолында, сондықтан да оларға  баянды    білім  берумен  бірге   ұлттық рухани-адамгершілік   құндылықтарды да  дарытып, қазақ халқының бай мұраларын   бойларына  сіңіре тәрбиелеу мен  қатар   үздіксіз, сапалы  баянды білім беру  біздің  міндетіміз.

      Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.

248 0
Мухаббат Муханова, А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 001513
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: