Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын XXI ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жатыр. Қазіргі таңда оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақпараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арттырды. Қашықтан оқыту формасы көпшіліктің өз бетінше үздіксіз білім алу жүйесін және өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады. Одан басқа, әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азаматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Осындай бірқатар қажеттіліктерді өтеуде тиімді жүйе.
Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп турған студенттер мен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады. Оқыту корпоративтік желіде, интернет желісінде, электрондық пошта арқылы және басқа заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі. Біріншіден онлайн оқудың зиянын атап өтейік. Алғашқы екі ай карантин көлемінде болған
қашықтан оқыту кезінде байқалғаны:
- · Техниканың жетіспеушілігі;
- · Интернет желісінің дұрыс жұмыс жасамауы;
- · Байланыс аппараттарының сапасыздығы;
- · Тым көп ақпарат.
Соңғы он жылда дүниеге келген балалардың планшет, смартфон немесе компьютерге телініп отырғанын жиі көріп жүрміз.. Осы заманауи технологиялардың баланың ермегі ғана болып қалмай, қазіргі кезде тәрбиелеуші құралы болып та кеткендей. Осы орайда "Жан шуағы" психология орталығының директоры Күлмаш Елшібаеваның компьютердің бала психологиясына зияны жайлы деректерін бөліссем. Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар баланы енжарлыққа душар етеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді "досы" етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетінен әлсірейді. Телефонда көп отыру денсаулығымызға біраз зиянын да тигізеді.Көзіміз ауырып,басымыздың айналуы да байқалуы мүмкін."Пайдасы бар, зияны одан да зор". Атап айтсақ қашықтан оқытудың зиянды жақтары жетерлік бірақ бұл толықтай алып тастауға себеп емес! Зиянынан бөлек пайдасын да көре білген дұрыс сияқты. Әр істен жақсылық іздей білген жөн. Дәл осы оқиғаларға байланысты, яғни COVIT-19 вирусының таралуына байланысты қашықтан оқыту таптырмас әрі жалғыз шешім болды. Оқып жүрген студенттер, магистрант, оқушылар бәрі бос уақыттарын отбасымен өткізу мүмкіндігін алды. Сонымен қатар үйде отырып-ақ тапсырмаларды орындап, дәріс берушімен байланыса алды. Бұл жетістіктердің бәрі ел экономикасының дамып келе жатқанын көрсетеді. Қиын қыстау уақытта ел қамын жасап, қол жетімді шешімдер қабылдағанына біз әрине қуаныштымыз.
Қазір карантин уақытында өзіміз білетіндей сабақта онлайн. Онлайн барлық сабаққа әсерін тигізуде. Соның ішінде ең көрнекілігі дене шынықтыру деп ойлаймын. Мұғалім тақырыпты бейнежазба арқылы жібереді. Әр баланың қабылдауы әр түрлі. Кей бала оған түсінсе, кей бала мұғалімнің түсіндіруіне қарай бейімделген.
Қарапайым мысал ретінде мұғалім тапсырманы интернет желісінен қарап жібереді. Бізде
әлеуметтік желіден дайынын алып, алдамшы бағаға ризамыз. Шыны керек қазір есеп шығарып беретін түрлі программалар бар. Ал, оған қарағанда дене шынықтыруды тек өзі орындаған да ғана дене шынығады. Осыдан кейін қашықтықтан оқытудың дене тәрбиесі пәніне әсерін байқаймыз. Қашықтықтан оқытудың дене тәрбиесі пәнін оқып, түсінуге пайдасы бар дегенге күмәнім бар.
Осы жоспарды қорытындылағым келіп отыр
Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы-
білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолданылуы. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты үйрете жүріп, үйрену. Шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына ұстаздың өткізген әрбір сабағы шешуші рөл атқарады.Оқушы білімінің сапалы болуы ұстазының дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне тікелей байланысты.Оқушы үшін мектепте оқытылатын әрбір пәннің орны ерекше.Ал оқушының пәнге қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті үнемі ізденістермен жаңартып отыру әр ұстаздың міндеті болу керек.
Ең бастысы оқушы өз іс-әрекетінің пайдасын байқайды дене шынықтырудың өмірдегі орнын немесе қажеттілігін біледі. Оқушылардың қызығушылығымен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады өз күшіне мүмкіндігіне сенім артады, кісілігі қалыптасады және адам денінің саулығы ештеңеге теңемейтін байлық екенін түсінеді. Зерттеу барысында келтірілген фактілер мен мысалдар, Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесін құруды және оны аймақтарда кеңейту қажеттігін көрсетеді. Бұл біліктілігі жоғары, денаулық сапасы күшті, кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық деңгейдегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тиігзеді,- деп қорытындылағым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шың кітап 2012
2. https://egemen.kz/article/239502-onlayn-oqu-onhtayly-ma
3. https://bilimdinews.kz/?p=96438
4. http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatuna-kazakskom/231-kazakadebieti/
2521-g0
5. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%92%D1%8B%D0%
6. https://www.google.kz/search?q=зерттеу+әдістері
7. Околесов О. П. Системный подход к построению электронного курса для
дистанционного обучения // Педагогика. -1999. -№ 6. -С. 50-56.
8. Полат Е. С. Петров А.Е. Дистанционное обучение: каким ему быть? // Педагогика. -
1999. -№7. -С. 29-34.
9. Пидкасистый П.И. Тыщенко О.Б. Компьютерные технологии в системе
дистанционного обучения // Педагогика. -2000. -№5. -С. 7-12.
10. Сайттар: www.e-gov.kz www.albest.ru, www.tor.kz
11. Журнал «Информатика и образование», № 7 -2006ж. (41-45 б)
12. Журнал «Информатика и образование», № 2 -2006ж. (49-57 б)
13. Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2005 ж (11-14 б)
14. Журнал «Мектеп» № 11 (6 бет)